Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 50 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 4355 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Қызылқұм ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылқұм ауылдық округіне қарасты көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Ақтөбе ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Болашақ атауы;

      2) Еңбекші ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге–Жаңа қоныс атауы;

      3) Мақталы ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Арнасай атауы;

      4) Қарасақал ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Талапкер атауы;

      5) Қарасақал ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге- Келешек атауы.

      2. "Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Қызылқұм ауылдық округі әкімінің орынбасары Н. Койлыбековке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқұм ауылдық округі әкімі Е. Алданиязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады