Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 28.08.2017 № 194 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүзден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елуден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Отырар ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат республикалық орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Айтаханов |