"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы бойынша елді мекендердің шекараларына өзгерістер енгізілсін:
1) Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасына (шегіне) Теріскей елді мекеннің 478 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1602 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Созақ ауылдық округінің Созақ елді мекенінің шекарасына (шегіне) Шақырық елді мекеннің 203 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Созақ ауылдық округінің Созақ елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1223 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Құмкент ауылдық округінің Құмкент елді мекенінің шекарасына (шегіне) Қызылқанат елді мекеннің 157,5 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Құмкент ауылдық округінің Құмкент елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 432,7 гектар шекарасында белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 20.06.2024 № 121 бірлескен қаулысымен және Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 20.06.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Исаев |
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Г.Момбекова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Байғараев |