Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 20 маусымдағы № 156 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 14 шiлдеде № 4147 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 16 наурыздағы № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 16.03.2018 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес Созақ қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе атаанасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 412 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 14 желтоқсандағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары
Б.Айдарбековке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б.Әлмағанбет

  Созақ ауданы әкімдігінің
"20" маусым 2017 жылғы
№ 156 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Созақ аудандық емханасы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны

417

1

1

2

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Созақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны

241

1

1

3

"Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

136

1

1

4

"Волковгеология" акционерлік қоғамының филиалы "№ 5 Геологиялық барлау эскпедициясы"

685

1

1

5

"Сауда көлік компаниясы" ЖШС филиалы "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы"

778

1

2

6

"КАЗАТОМПРОМ –SaUran" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1360

2

2


Барлығы:

3617


8


  Созақ ауданы әкімдігінің
"20" маусым 2017 жылғы
№ 156 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Созақ аудандық емханасы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны

417

1

1

2

"Волковгеология" акционерлік қоғамының филиалы "№ 5 Геологиялық барлау эскпедициясы"

685

1

1

3

"Сауда көлік компаниясы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Орталықтандырылған автотасмалдау базасы" филиалы

778

1

1

4

"КАЗАТОМПРОМ –SaUran" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1360

1

1


Барлығы:

3240


4


  Созақ ауданы әкімдігінің
"20" маусым 2017 жылғы
№ 156 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері
(% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы № 14 мектеп интернат-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

223

1

1

2

"Созақ" жалпы орта мектеп- гимназиясы

231

1

1


Барлығы:

454


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады