Созақ ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 231 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 4220 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 320 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 14.09.2020 № 320 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11148 болып тiркелген) сәйкес, Созақ ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Созақ ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сатыбалдыға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Полатов

  Созақ ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 231 қаулысына қосымша

Созақ ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

р/с

Ауыл округінің атауы

Орналасқан жері

1

Шолаққорған ауылдық округі

Шолаққорған-Түркістан тас жолының оң жақ бөлігінде орналасқан жасыл аймақтың жаны

2

Таукент кенті

Таукент кентінің жанындағы биіктігі 25 метр ту тұғырының қарсы беті

3

Қыземшек кенті

№ 23 көп қабатты тұрғын үйдің артқы жағы, мешітке қарама-қарсы алаң

4

Созақ ауылдық округі

Созақ-Қаратау тас жолының сол жақ беті

5

Қарақұр ауылдық округі

Үсенбай көшесі, "Қарақұр" жалпы орта мектебінің солтүстік жағындағы алаң

6

Құмкент ауылдық округі

Жылы бұлақ көшесі мен Тасарық көшесінің қиылысы

7

Қаратау ауылдық округі

Жиенбет батыр және Қазақстан көшелерінің қиылысы, Шынқожа мешітінің алды

8

Жартытөбе ауылдық округі

К.Кемелұлы атындағы орта мектептің жаны

9

Сызған ауылдық округі

Қозмолдақ елді мекені, Қ.Тоқмұхаммедов көшесінің басы, ескі гараждың алды

10

Жуантөбе ауылдық округі

Жуантөбе ауылдық мәдени сауықтыру алаңының алды

11

Тасты ауылдық округі

Бұрынғы дәріхана жаны

12

Шу ауылдық округі

Абай көшесі, бұрынғы әкімшілік ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады