Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 14/80-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 28 сәуірде № 4080 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 29/165-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 19.09.2018 № 29/165-VI шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д.Айтбаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Н.Қойбағаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады