Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 18.08.2023 № 4/29-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Төлеби ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Төлеби ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрайымы | М.Ермаханбетова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Н.Койбағаров |
Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы 19/103-VI шешіміне № 1 қосымша |
Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 53/298-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,64-2,63 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 0,32 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,32 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,25 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,7 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,02 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,73 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,05 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,57 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,1 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңы | Жоба бойынша 1 орын | 0,09 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,29 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 1,62 |
16 | Алынып тасталды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 53/298-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). | ||
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,62 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,62 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,07 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,24 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина – орын | 1,55 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,83 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 1,45 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,95 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,62 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді , сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары кілттер жасау (кілттер жасау және сол сияқты) | 1 жұмыс орны | 1,95 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
32 | Аудан аумағында жаппай іс- шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | - |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 12,0 |
Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 19/103-VI шешіміне № 2 қосымша |
Төлеби ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 53/298-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1 | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1. | Жайлы емес үйлер | 1 адам | 100 |
1.2. | Жайлы үйлер | 1 адам | 130 |
1.3. | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1790 |
2. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері | ||
2.1. | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 580 |
1 тонна | 2900 | ||
2.2. | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 725 |
1 тонна | 3625 | ||
3. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерi | - | - |