Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 4/29-VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Төлеби ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Төлеби аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 19/103- VI "Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4275 болып тіркелген) шешімі;

      2) Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 53/298-VI "Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 19/103-VI "Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5726 болып тіркелген) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Н.Қойбағаров

  Төлеби аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
"18" тамыз 2023 жылғы
№ 4/29-VIII

Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,77 2,35

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

0,53

3

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,44

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,84

5

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,08

6

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,56

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,10

8

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,12

9

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,18

10

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

11

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,04

12

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,45

13

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,37

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,75

15

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,11

16

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,41

17

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,20

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

1,72

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,03

20

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

1,80

21

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

2,00

22

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

1,45

23

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,86

24

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,24

25

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,02


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады