Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 19/103-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 23 қарашада № 4275 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 4/29-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 18.08.2023 № 4/29-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Төлеби ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Төлеби ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы М.Ермаханбетова
      Аудандық мәслихат хатшысы Н.Койбағаров

  Төлеби аудандық мәслихатының
2017 жылғы 8 қарашадағы
19/103-VI шешіміне № 1 қосымша

Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 53/298-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,64-2,63

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

0,32

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,32

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,25

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,7

6

Емханалар

1 келіп кету

0,02

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,73

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,05

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,57

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,1

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңы

Жоба бойынша 1 орын

0,09

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,87

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,29

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

1,62

16

Алынып тасталды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 53/298-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

1,62

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

1,62

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

1,07

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,87

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,87

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,24

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина – орын

1,55

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,83

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

1,45

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,95

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

1,62

29

Зергерлік, аяқ киімді , сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,87

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары кілттер жасау (кілттер жасау және сол сияқты)

1 жұмыс орны

1,95

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,07

32

Аудан аумағында жаппай іс- шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар

1000 қатысушы

-

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

12,0


  Төлеби аудандық мәслихатының
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 19/103-VI шешіміне № 2 қосымша

Төлеби ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 53/298-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1.

Жайлы емес үйлер

1 адам

100

1.2.

Жайлы үйлер

1 адам

130

1.3.

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1790

2.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері



2.1.

Жеке тұлғалар

1 текше метр

580

1 тонна

2900

2.2.

Заңды тұлғалар

1 текше метр

725

1 тонна

3625

3.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерi

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады