Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 19/103-VI "Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 53/298-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 22 шілдеде № 5726 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 4/29-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 18.08.2023 № 4/29-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 19/103-VI "Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілумен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4275 тіркелген, 2017 жылғы 30 қарашада "Төлеби туы" газетінде және 2017 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 қосымшада:

      реттiк нөмiрi 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi:

      "

6

Емханалар

1 келіп кету

0,02

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,73

      ";

      реттiк нөмiрi 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi:

      "

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,57

      ";

      реттiк нөмiрi 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,1

      ";

      реттiк нөмiрi 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,29

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

1,62

      ";

      реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.

      2 қосымшада:

      реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



      ";

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері



      ";

      2. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Н. Койбагаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады