Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 315 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 132 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 маусымда № 4121 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 272 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 19.10.2017 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 315 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда "Шамшырақ" газетінде ресми жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулысының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Тұрашбеков

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 132 қаулысына 1-қосымша
  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 16 тамыздағы
№ 315 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

жергілікті бюджет есебінен

1

6321

6321


  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 132 қаулысына 2-қосымша
  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 16 тамыздағы
№ 315 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шаққанда қаржыландырудың мөлшері

Барлығы

Айына бір тәрбиеленушіге кететін шығыс,
айлық есептік көсеткіш, теңге (көп емес)

Балабақша, бөбекжай 60 балаға дейін

Балабақша, бөбекжай 60 баладан 175 балаға дейін

Балабақша, бөбекжай 175 баладан жоғары

Мектеп жанындағы шағын орталық (толық күндік)

Мектеп жанындағы шағын орталық (жартылай күндік)

28 000

23 200

19 300

18 054

7 304


      Ескерту: Ғимараттар мен құрылымдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына және материалдық техникалық базаны нығайтуға шығындар бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығынға қоса есептелмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады