Шардара ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 397 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 21-140-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 4349 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңыны 12 бабының 3) тармақшасына сейкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес:

      1) Қоссейіт ауылдық округі Қоссейіт елді мекенінің шекарасы 550,0 гектарға 7,2 гектар ауыл шаруашылық және 4,9 гектар өзге де жерлер қосылып, елді мекеннің аумағы 562,1 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін;

      2) Достық ауылдық округі Достық елді мекенінің шекарасы 365,53 гектарға 12,07 гектар ауылшаруашылық және 8,23 гектар өзге де жерлер қосылып, елді мекеннің аумағы 385,83 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін.

      3) Жаушықұм ауылдық округі Жаушықұм елді мекенінің шекарасы 68,77 гектарға 29,19 гектар ауыл шаруашылық және 19,26 гектар өзге де жерлер қосылып, елді мекеннің аумағы 117,22 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін;

      4) Ақшеңгелді ауылдық округі Ақ алтын елді мекенінің шекарасы 344,39 гектарға 5,28 гектар ауылшаруашылық және 3,59 гектар өзге де жерлер қосылып, елді мекеннің аумағы 353,26 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін;

      5) Ақшеңгелді ауылдық округі Егізқұм елді мекенінің шекарасы 405,94 гектарға 7,49 гектар ауыл шаруашылық және 5,1 гектар өзге де жерлер қосылып, елді мекеннің аумағы 418,53 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Кистауов
      Сессия төрағасы Р.Жунускулова
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Б.Муталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады