Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 172 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі № 12/138-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 5166 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, "Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VІ шешімінің және Аягөз аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 944 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Тарлаулы ауылдық округінің Ақши ауылы, Сарыарқа ауылдық округінің Шұбартөс ауылы, Қопа ауылдық округінің Қарасу ауылы, Нарын ауылдық округінің Қараауыл және Төленді ауылдары, Бидайық ауылдық округінің Сатай және Шағрай ауылдары;

      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

      Тарлаулы ауылдық округінің Ақши ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Тарлаулы ауылдық округі Тарлаулы ауылының құрамына;

      Сарыарқа ауылдық округінің Шұбартөс ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Сарыарқа ауылдық округі Сарыарқа ауылының құрамына;

      Қопа ауылдық округінің Қарасу ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Қопа ауылдық округі Қопа ауылының құрамына;

      Нарын ауылдық округінің Қараауыл және Төленді ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Нарын ауылдық округі Нарын ауылының құрамына;

      Бидайық ауылдық округінің Сатай және Шағрай ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Бидайық ауылдық округі Бидайық ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Облыс әкімі
      Ә. Мұхтарханов Д. Ахметов
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады