РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Октябрьск кентінің жанындағы су бұру каналы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Октябрьск кентінің жанындағы су бұру каналы үшін су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Октябрьск кентінің жанындағы су бұру каналы үшін су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) Октябрьск кентінің жанындағы су бұру арнасы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | Д. Ахметов |
әкімі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Су ресурстары комитетінің |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу |
және қорғау жөніндегі Ертіс |
бассейндік инспекциясының |
басшысының міндетін атқарушы |
______________ М. Иманжанов |
2017 жылғы "15" 08
Қазақстан Республикасы |
Денсаулық сақтау министрлігі |
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің |
Шығыс Қазақстан облысы |
қоғамдық денсаулық сақтау |
департаментінің басшысының |
міндетін атқарушы |
______________ А. Манкутова |
2017 жылғы "15" 08
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" тамыздағы № 204 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Октябрьск кентінің жанындағы су бұру каналы үшін су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Соның ішінде су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені,м |
Ұзындығы, |
Ауданы, | Ені,м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Су бұру каналы | 0,47 | 12,0 | 300 | 0,47 | 2,6 | 35 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген Октябрьск кентінің жанындағы су бұру каналы үшін су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.