Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 229 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 мамырда № 5039 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 23.04.2020 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Мүсәпірбеков

  Абай ауданы әкімдігінің 2017
жылғы " 25" сәуірдегі
№ 229 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар Квота мөлшері (%)

Елу адамнан жүз адамға дейін

2

Жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін

3

Екі жүз елу бірден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады