Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 28.06.2021 № 6/5-VI шешімімен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Бесқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. ШАМИТОВ |
Бесқарағай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. САДЫҚОВ |
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 16/5-VІ шешімімен бекітілді |
Сот шешімімен Бесқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы сот шешімімен Бесқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешімімен Бесқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
4. Қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі- жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Қорытынды ережелер
10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.