Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылының "Ағайын" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 қазанда № 5232 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 16.02.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 309 ұсынысы негізінде Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылының "Ағайын" шаруа қожалығының ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кеңсай ауылдық округінің әкімі Р. Тауасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады