Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5- тармағына, 444-бабының 1- тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Зырян ауданы бойынша жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы | О. Ледянкин |
Зырян ауданының | |
мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |