Ұлан ауданының Азовое ауылдық округінің Бетқұдық ауылына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 мамырда № 5028 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімінің 02.10.2017 № 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялдық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 01-14/126 ұсынысы негізінде, Азовое ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ұлан ауданы, Азовое ауылдық округі, Бетқұдық ауылында ірі қара малынан құтырық ауруының анықталуына байланысты шектеу іс- шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Азовое ауылдық
      округінің әкімі А. Дамдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады