Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы №74 және Бөрлі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы №12-6 "Бөрлі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка ауылы және Ақбұлақ ауылдық округінің Сатайкөл ауылы таратылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Көлгінов |
Сессия төрағасы | Л. Тұрсынова |
Облыстық мәслихат хатшысы | М. Құлшар |