Орал қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдаудағы тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 1850 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 шілдеде № 4858 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 10.01.2024 № 1 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орал қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі 80 (сексен) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарына оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.С. Закаринге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы М.Нұржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы
___________ А.Аубекеров
21 06 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады