Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің инспекция басшысының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 01-19/132 ұсынысы негізінде Мастексай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округінің Мастексай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1 "Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округінің Мастексай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3880 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Мастексай ауылдық округі әкімі | С. Мухамбетжанова |