Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 590 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 4965 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Трекин ауылдық округі аумағынан жалпы көлемі 0,1986 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай "Яик" бағбандық қоғамына жаяу немесе көлікпен өту үшін 5 жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тугузбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады