Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 3-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 16316 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 24 ақпандағы № 8-НҚ нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

      2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрағасы
Н. Әбдібеков

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2018 жылғы
19 қаңтардағы № 3-НҚ
нормативтік қаулысына
1-қосымша

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлікті (бұдан әрі - қызметтік куәлік) беру тәртібін айқындайды.

      2. Қызметтік куәлік мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Сипаттамаға сәйкес келмейтін, қолданылу мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік екі жыл мерзімге:

      1) Есеп комитетінің аппарат басшысына Есеп комитеті Төрағасының;

      2) Есеп комитетінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Есеп комитеті аппарат басшысының қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәліктер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы өзгерген, тегі ауысқан, бұған дейін берілген қызметтік куәлігінің қолданылу мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген кезде бір ай ішінде беріледі.

      6. Қызметтік куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитетінің қызметтік куәліктерінің берілуі мен қайтарылуын есепке алу журналында жүзеге асырылады.

      Қызметтік куәлікті алғаны үшін мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алу журналына қол қояды.

      7. Қызметтік куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алу журналы Есеп комитетінің кадр қызметінде (бұдан әрі – кадр қызметі) сақталады.

      8. Кадр қызметі қызметтік куәліктерді тапсырған кезде барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге оларды пайдалану бойынша ауызша түсіндірме жүргізеді.

      Лауазымы өзгерген, тегі ауысқан жағдайларда қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұған дейін берілген қызметтік куәлікті кадр қызметінің жұмыскері қайтарып алады.

      9. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау тәртібін жалпы бақылауды кадр қызметі жүзеге асырады.

      10. Мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік куәлігін жоғалтқан жағдайда үш жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін) нысанда кадр қызметін хабардар етеді және бұқаралық ақпарат құралдарына қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы хабарландыру береді.

      11. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа адамдарға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарға пайдаланудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметі тиісті бұйрық шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.

      Қызметтік тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша Есеп комитетінің тәртіптік комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес шешім қабылдайды.

      12. Жоғалғанның, бүлінгеннің орнына жаңа қызметтік куәлікті кадр қызметі Есеп комитетінің тәртіптік комиссиясының отырысы өткен күннен бастап бір ай ішінде береді.

      13. Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыстан шыққан, жаңа лауазымға тағайындалған кезде қызметтік куәлік тиісті бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне тапсырылады.

      Кету парағында қызметтік куәліктің тапсырылғанын кадр қызметі жұмыскерінің қойған қолы растайды.

      14. Жұмыстан шыққан, бүлінген не қолданылу мерзімі өткен кезде тапсырылған қызметтік куәліктерді Есеп комитетінің сараптау комиссиясы жояды.

  Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп
комитетінің қызметтік куәлігін
беру қағидаларына және оның
сипаттамасына қосымша
нысан

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қызметтік куәліктерінің берілуі мен қайтарылуын есепке алу журналы

р/с №

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Қолы

Қызметтік куәліктің қайтарылғаны туралы белгі

Қызметтік куәліктің жойылғаны туралы белгі









      Ескертпе: журнал тігіліп, нөмірленіп, мөрмен бекітіледі.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 19 қаңтардағы
№ 3-НҚ нормативтік қаулысына
2-қосымша

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәліктің мұқабасы жоғары сапалы былғарыдан жасалады. Ашып көрсетілген түрінде куәліктің мөлшері 6,5х19 см.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төменірек күрең қызыл түсті куәлікте типографиялық қаріппен "Қазақстан Республикасы", одан төменірек "Есеп комитеті" деген жазбалар жазылады.

      3. Куәліктің ішкі жағы:

      Сол жағында (мемлекеттік тілде толтырылады): жоғарғы бөлігінде

      "РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІ" деген жазу, жазудан төменірек 3х4 см көлеміндегі фотосуретке арналған рамка орналасады; фотосуретке арналған рамканың оң жағында жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес басып терілген Т.А.Ә. (болған жағдайда), сондай-ақ атқарып отырған лауазымы; мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) астында "Аппарат басшысы" және Есеп комитеті аппарат басшысының қолы және қолтаңбасының толық жазылуы, сондай-ақ аппарат басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда) астында "Төраға" және Есеп комитеті Төрағасының қолы және қолтаңбасының толық жазылуы орналастырылады.

      Оң жағында (орыс тілінде толтырылады): жоғарғы бөлігінде "СЧЕТНЫЙ КОМИТЕТ ПО КОНТРОЛЮ ЗА ИСПОЛНЕНИЕМ РЕСПУБЛИКАНСКОГО БЮДЖЕТА" деген жазу; жазудан төменірек алқызыл түсті реңде алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөлшері 2,5х3,5 см рамка орналасады; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рамканың оң жағында жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес басып терілген Т.А.Ә. (болған жағдайда), сондай-ақ атқарып отырған лауазымы; мемлекеттік әкімшілік қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) астында куәліктің қолданылу мерзімі мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады