Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салықтардың сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді ұсыну қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16351 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салықтардың сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді ұсыну қағидалары және мерзімдері бекітілсін.

      2. "Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 103 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10515 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№ 72 бұйрығымен бекітілген

Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің
салық органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік
құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану,
сондай-ақ салықтардың сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы
есептерді ұсыну қағидалары және мерзімдері

      1. Осы Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдер) салық органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды (бұдан әрі – квитанциялар) пайдалану, сондай-ақ салықтардың сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді ұсыну қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) - әкімдердің салық органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау бойынша квитанцияларды пайдалану туралы (бұдан әрі – №1-есеп), сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтардың сомасын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді (бұдан әрі – №2-есеп) ұсыну тәртібін және мерзімдерін белгілейді.

      2. №1 және №2-есептерді әкімдер қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасығышта екі данада жасайды:

      1) бірінші дана салық органына беріледі;

      2) екінші дана әкімде қалады.

      № 1 және № 2-есептердің қағаз тасығыштарына есептер электрондық тасығыштарда (Word әлде Excel форматтарындағы) қоса беріледі.

      3. Әкімдер есептерді салық органына өздерінің орналасқан жері бойынша береді.

      № 1-есеп есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей, ай сайын беріледі. № 1-есепке пайдаланылған квитанциялардың көшірмелері, оның ішінде бүлінген немесе жарамсыз квитанциялардың көшірмелері, ал квитанция жоғалған жағдайда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау бойынша квитанциялар жоғалғаны туралы актіні қоса береді.

      № 2-есеп он күн сайын айдың 3, 13, 23-күндерінен кешіктірілмей беріледі. № 2-есепке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші-жеке тұлғалар төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау тізілімі қоса беріледі.

      Көлік қарым-қатынасы мәселелері туындаған жағдайда, әкімдер № 2-есепті факс арқылы немесе электрондық почтамен (сканерленген нұсқасын) ұсынады. № 2-есепті факс арқылы немесе электрондық почтамен ұсынған жағдайда, № 2-есептің түпнұсқасы 15 жұмыс күн ішінде беріледі.

      4. Есептерді қабылдауға және одан әрі пайдалануға жауапты салық органының қызметкері № 1 және № 2-есептерді қабылдайды және оларды қабылдағаны туралы есептердің екінші данасына белгі қояды.

  Аудандық маңызы бар қалалар,
кенттер, ауылдар, ауылдық
округтер әкімдерінің салық
органына салық төлеуші-жеке
тұлға төлейтін
мүлік, көлік құралдары
салықтары мен жер салығын
жинау жөніндегі
квитанцияларды
пайдалану, сондай-ақ
салықтардың сомаларын екінші
деңгейдегі банкке
немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымға тапсыру
туралы есептерді ұсыну
қағидаларын және
мерзімдерін бекіту
туралы нысанына
1-қосымша
нысан

_____________________________________________________________________________
(Аудандық маңызы бар қалалар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының атауы)
салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау
бойынша квитанцияларды пайдалану туралы
20_____жылғы_______ үшін есеп

№ р/н

Салықтарды жинау жөніндегі квитанциялар туралы мәліметтер

Квитанцияларды пайдалануы

Саны

Сериясы

Нөмірі (№ бастап № дейін)

1

2

3

4

5

1

Есепті кезеңнің басындағы квитанциялар қалдығы




2

Есепті кезеңде алынған квитанциялар




3

Есепке қоса берілген, пайдаланылған квитанциялардың көшірмелері




4

Есепке қоса берілген, жарамсыз квитанциялар




5

Есепке қоса берілген, бүлінген квитанциялар




6

Жоғалған квитанциялар




7

Алынған квитанциялар (ескі үлгідегі)




8

Есеп беретін күнге пайдаланылмаған квитанциялардың қалдығы





Жоғалғаны туралы акті қосымша ____
парақта(рда) беріліп отыр.
_________________________________
(Әкімнің немесе оны ауыстыратынтұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (барболған жағдайда))

__________
(қолы, МО)

Есепті қабылдаған салық органының қызметкері ____________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



_________________
(қолы)

Есептің жасалған күні:
20__ жылғы "__"____________


Есепті қабылдалған күні:
20__ жылғы "__"_____________

№ 1-есепті толтыру бойынша түсіндірме

      1. Есеп ақпаратты жасауға аудандық маңызы бар қалалар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімімен толтырылып айдан кейінгі айдың 10-күнін кешіктірілмей, ай сайын салық органдарына ұсынады.

      2. Нысанға әкімнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол койылып мөрмен куәландырады.

      3. 1-бағанда "№" реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірленеді.

      4. 2-бағанда "Квитанцияларды пайдалануы" бағанға сәйкес, көрсетілген санаттарына лайықты есепті квитанциялардың қозғалысы көрсетіледі.

      5. 3-бағанда "Саны" 2-бағанда көрсетілген әрбір санатындағы квитанцияларының саны көрсетіледі.

      6. 4-бағанда "Сериясы" 2-бағанда көрсетілген әрбір санатындағы квитанцияларының сериясы көрсетіледі.

      7. 5-бағанда "Нөмірі (№ бастап № дейін)" 2-бағанда көрсетілген әрбір санатындағы квитанцияларының нөмірлері көрсетіледі.

      8. № 1-есепке пайдаланылған квитанциялардың көшірмелері, оның ішінде бүлінген немесе жарамсыз квитанциялардың көшірмелері, ал квитанция жоғалған жағдайда - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау бойынша квитанциялар жоғалғаны туралы актіні қоса береді.

  Аудандық маңызы бар қалалар,
кенттер, ауылдар, ауылдық
округтер әкімдерінің салық
органына салық төлеуші-жеке
тұлға төлейтін мүлік, көлік
құралдары салықтары мен жер
салығын жинау жөніндегі
квитанцияларды пайдалану,
сондай-ақ салықтардың
сомаларын екінші деңгейдегі
банкке немесе
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымға тапсыру
туралы есептерді ұсыну
қағидаларын және мерзімдерін
бекіту туралы нысанына
2-қосымша
нысан

________________________________________________________________________________
аудандық маңызы бар қалалар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының
атауы) салықтардың сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы 20___жылғы "__"__________бастап
"___"_________дейінгі кезеңдерге есеп

№ Р/н

Квитанцияның мәліметтері

Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем құжатының деректері

Сериясы

нөмірі

Квитанцияны берген күні

Квитанция бойынша салықтың жалпы сомасы (теңге) (5 баған=6 баған+ 7 баған + 8 баған + 9 баған)

соның ішінде

сома (теңгемен)

ағымдағы жыл бойынша

өткен жылдарды ң бересісі

өсімпұл

айыппұл

Бюджетті к сыныптам а коды

нөмі рі және күні

Сомасы (теңгем ен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

















































№ 2-есепті толтыру бойынша түсіндірме

      1. Есеп аудандық маңызы бар қалалар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімімен толтырылып он күн сайын айдың 3, 13, 23-күндерінен кешіктірілмей салық органына ұсынады.

      2. Нысанға әкімнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол койылып мөрмен куәландырады.

      3. 1-бағанда "№" реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірленеді.

      4. 2,3,4-бағандарда салықтар сомаларды бюджетке өткізетін квитанциялардың сериясы, нөмірі және беру күні көрсетіледі.

      5. 5-бағанда "Квитанция бойынша салықтың жалпы сомасы (теңгеде)" 6-9-бағандардың мағыналарынан қосылған салықтын жалпы сомасы көрсетіледі.

      6. 6-9-бағандарда тиісті теңгеде сомалар көрсетіледі-"ағымдағы жыл бойынша", "өткен жылдардың бересісі", "өсімпұл" және "айыппұл".

      7. 10-12-бағандарда банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем құжатының деректері көрсетіледі - "бюджеттік сыныптама коды", "нөмірі және күні", "сомасы (теңгеде)".

      8. №2-есепке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау тізілімі қоса беріледі.

  Аудандық маңызы бар қалалар,
кенттер, ауылдар, ауылдық
округтер әкімдерінің салық
органына салық төлеуші-жеке
тұлға төлейтін мүлік, көлік
құралдары салықтары мен жер
салығын жинау жөніндегі
квитанцияларды пайдалану,
сондай-ақ салықтардың
сомаларын екінші деңгейдегі
банкке немесе
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын
ұйымға тапсыру туралы
есептерді ұсыну қағидаларын
және мерзімдерін бекіту туралы
  Нысанына
3-қосымша
нысан
____________________________
(Аудандық маңызы бар қаланың,
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің атауы)

Салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары
мен жер салығын жинау бойынша квитанциялар жоғалғаны туралы акт
20__жылғы "___" _________________________
Мен, ___________________________________________________________________________
(әкімнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
және әкім аппаратының қызметкері ________________________________________________
(әкім аппаратының квитанцияны (квитанцияларды) жоғалтқан қызметкерінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда) салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияның (квитанциялардың) жоғалғаны туралы осы актіні жасадық:

№р/с

Саны

Сериясы

Нөмірі (№ бастап № дейін)

Жоғалған жағдайлары мен себептері

1

2

3

4

5












Жиыны:





Аудандық маңызы бар қаланың кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

__________
(қолы)

Аудандық маңызы бар қаланың кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының қызметкері

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

________
(қолы)

  Аудандық маңызы бар қалалар,
кенттер, ауылдар, ауылдық
округтер әкімдерінің салық
органына салық төлеуші-жеке
тұлға төлейтін мүлік, көлік
құралдары салықтары мен жер
салығын жинау жөніндегі
квитанцияларды пайдалану,
сондай-ақ салықтардың
сомаларын екінші деңгейдегі
банкке немесе
банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын
ұйымға тапсыру туралы
есептерді ұсыну қағидаларын
және мерзімдерін бекіту туралы
нысанына
4-қосымша
нысан
  ____________________________
(Аудандық маңызы бар қаланың,
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің атауы)

Салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін
мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау
Тізілімі
20_____жылғы "___"________№_____________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымның төлем кұжатының нөмірі мен күні)

р/с №

Салық төлеуші-жеке тұлғаның салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі

Салық төлеуші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда )

Квитанцияның нөмірі

Квитанцияның күні

Бюджеттік сыныптама коды

Төлем мақсаты (салық, өсімпұл, айыппұл)

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8




























Тізілімді қабылдаған салық органының қызметкері

____________________________________________
(Әкімнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

____________
(қолы, МО)

_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



___________________________
(қолы)

Тізілімнің жасалған күні:
20__ жылғы "__"_____________


Тізілімнің кабылданған күні:
20__ жылғы "__"_____________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады