Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 16374 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығының ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10458 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Тенгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
  Нысан

Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясаты

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/салық төлеушінің атауы)

      1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      _________________________________________________________________________

      2. Жүзеге асыратын қызметтің түрі

      ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      3. Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі*

      _______________________________________________________________________

                        (бөлек, барабар)

      4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

      Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 203-бабының 2-тармағына сәйкес

      қорлардың өзіндік құнын айқындау әдісі**:

      ______________________________________________________________________

      5. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің тізбесі***

      1) _____________________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________________

      3) _____________________________________________________________________

      6. Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе

      арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара

      кәсіпкерлер салықтық есепке алуды Салық кодексінің 215-бабына сәйкес салықтық

      тіркелімдерде жүргізеді. Шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған

      декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын

      төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлер салықтық есепке алуды осы нысанға

      қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған

      декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын

      төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу Кітабы

      бойынша жүргізеді.

      7. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам:

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ______________________________________________________________________

      (лауазымының атауы)

      8. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20__ жылғы "__"

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер толтырмайды;

      ** Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер ғана толтырады;

      *** Салық кодексінің 215-бабы 1-тармағына сәйкес нысандарын уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдеріне салық төлеушілер дербес әзірлеген қосымша салық тіркелімдері болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын, Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.

  Шағын бизнес субъектілері үшін
патент, оңайлатылған
декларация негізінде немесе
арнаулы мобильді қосымша
пайдаланылатын арнаулы
салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін
салықтық есепке алу
саясатының нысанына
қосымша

Шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы

      (басты беті)

Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________________________________________________ Жеке
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


Жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрі
_____________________________________________________________________ Қосылған
құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік:
сериясы ________ нөмірі ________ берілген күні ________ есепке қойылған күні ________
Қызметтің басталу және аяқталу күні______________________________________________

      Кірістерді есепке алу ведомсі

  (теңге)

Күні

Өткізу жөніндегі айналымдар

Өнім берушілер берген шот-фактуралар бойынша айналым

Операциялардың атауы

Жалпы сомасы

Оның ішінде

Операциялардың атауы

Қосылған құн салығынсыз құны

Қосылған құн салығының сомасы

Қосылған құн салығы салынатын айналым

Қосылған құн салығының сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8


Бір күнде жиыны








Бір айда жиыны








Бір тоқсанда жиыны








Бір жарты жылдын жиыны








Бір жылда жиыны







      Ескертпе: Кітап күн сайын, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып

      хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жарты жылдың, жылдың

      соңында ай, тоқсан, жарты жыл, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.

  Патент немесе оңайлатылған
декларация негізінде арнаулы
салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін салықтық
есепке алу саясатының
нысанына 2-қосымша

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы

      (басты беті)

Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басының куәлігінде көрсетілсе)
___________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


Жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрі
___________________________________________________________________
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік:
сериясы ________ нөмірі ________ берілген күні ________ есепке қойылған күні ________
Қызметтің басталу және аяқталу күні______________________________________________

Кірістерді есепке алу ведомісі

  (теңге)

Күні

Сату жөніндегі айналымдар

Өнім берушілер берген шот-фактуралар бойынша айналым

Операциялардың атауы

Жалпы сомасы

Оның ішінде

Операциялардың атауы

Қосылған құн салығынсыз құны

Қосылған құн салығының сомасы

Қосылған құн салығы салынатын айналым

Қосылған құн салығының сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8


Бір күнде жиыны








Бір айда жиыны








Бір тоқсанда жиыны








Бір жылда жиыны







      Ескертпе: Кітап күн сайын, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жылдың соңында ай, тоқсан, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.

  Патент немесе оңайлатылған
декларация негізінде арнаулы
салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін салықтық
есепке алу саясатының
нысанына 3-қосымша

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жөніндегі міндеттемені есепке алу ведомісі

      (теңге)

Күні

Операциялардың атауы (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру)

Ластағыш заттың, отынның, қалдықтардың түрі

Өлшем бірлігі

Саны

Төлемақы ставкасы

Төлемақы сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7






ХХХ

ХХХ


Бір күнде жиыны




ХХХ

ХХХ


Бір айда жиыны







Бір тоқсанда жиыны







Бір жылда жиыны




ХХХ

ХХХ

      Ескертпе: Ведомость операциялардың (шығарындылардың, төгінділердің, қалдықтар орналастыруына) жүргізілуіне қарай, тоқсанның соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Жылдың соңында бір жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады