Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 19.09.2023 № 996 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.03.2022 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 19.09.2023 № 996 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Ж.Д. Іңкәрбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы 9 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_______________ М. Бекетаев
2018 жылғы 20 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 8 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
______________ Б. Атамқұлов
2018 жылғы 13 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
______________ С. Жасұзақов
2018 жылғы 12 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің төрағасы
_________________ Д. Ақышев
2018 жылғы 15 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ Қ. Бозымбаев
201__ жылғы "___" _______
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
__________ М. Досмұхамбетов
2018 жылғы 16 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығымен бекітілді |
Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордаң қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 19.09.2023 № 996 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.12.2019 № 1450 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2021 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.03.2022 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2023 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.09.2023 № 996 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2024 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с | Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың атауы | Республикалық бюджетке түсімдердің атауы |
Салыққа жатпайтын түсімдер | ||
1. | Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары | Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері |
2. | Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар | Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер |
3. | Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар | Республикалық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер |
4. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімдері | ||
Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару | ||
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | ||
Орталық мемлекеттік органдар тартатын кепілдер | ||
Бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) қаражатты қайтару | ||
5. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі | Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер |
6. |
Қазақстан Республикасының | Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер |
Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы | ||
7. | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті | "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер |
8. | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | Атқарушылық санкция |
Қазақстан Республикасының қосымша, үстеме және жеке бажды бөлу кезіндегі үлесі | ||
9. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда) | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер | ||
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, тәркіленген мүлікті, "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы негізінде республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісінің негізінде оларды тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша | ||
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті сатудан мемлекет меншігіне түскен ақша | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері | ||
10. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындауға сот қаулысы келіп түскен жағдайда) | Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар |
Сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер | ||
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар | ||
11. |
Қазақстан Республикасының | Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат |
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер | ||
Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын пайдалану үшін алып қойған кезде орман шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер | ||
12. | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы | Жәбірленушілерге өтемақы қорына регрестік талаптар тәртібінде өндіріп алынған ақша түсiмдері |
13. | Жергілікті атқарушы орган | Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану үшін оларды алған кезде ауыл шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер | ||
14. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Республикалық меншіктегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар | ||
Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар | ||
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар | ||
Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы | ||
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан және Арнаулы мемлекеттік қордан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер | ||
Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсiмдер | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мүлiктi жария еткенi үшiн алым | ||
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша | ||
Ақша, оның ішінде "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша | ||
Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша | ||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы | ||
15. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | ||
16. | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті | Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер |
Мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Мемлекеттік резервінің кәдеге жаратылған сатудан түсетін түсімдер | ||
Трансферттер түсімдері | ||
17. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару |
Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | ||
Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Астана қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерiнен републикалық бюджеттің шығындарына өтемақыға берілетін трансферттердің түсімдері | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдендірілген трансферт | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепiлдендірілген трансферт сомасы | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджеткe берiлетiн нысаналы трансферт | ||
Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару | ||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару | ||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
18. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқару органдарының қайтаруы | ||
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғаларлың қайтаруы | ||
Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражатты қайтару | ||
Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражаты бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекет пайдасына алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер | ||
Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару | ||
Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару | ||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | ||
19. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | Республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер |
Халықаралық ұйымдардың заңды тұлғаларының қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер | ||
Қарыздар түсімі | ||
20. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер |
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер | ||
Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер | ||
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатудан түсетін түсімдер | ||
Өзге де мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар | ||
Қазақстан Республикасының Үкіметі алатын қарыздар | ||
Халықаралық қаржы ұйымдарынан Кредиттер | ||
Шет мемлекеттерден кредиттер | ||
Шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалардан кредиттер | ||
Сыртқы капитал рыноктарында орналыстырылған мемлекеттік борыштық міндеттемелер | ||
Өзге де мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар |