"Республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 996 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қыркүйекте № 33434 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16423 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы";

      1 тармақ мынадай редакцияда жасылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордаң қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда)

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, тәркіленген мүлікті, "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы негізінде республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісінің негізінде оларды тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті сатудан мемлекет меншігіне түскен ақша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері

  ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Республикалық меншіктегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар

Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар

Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы

Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі

Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан және Арнаулы мемлекеттік қордан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсiмдер

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша

Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекет меншікке өтеусіз берілген ақша

Егер олардың кем дегенде біреуі сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтар болып табылса, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу нәтижесінде мемлекет кірісіне түсетін, оның ішінде мүлікті сатудан түсетін ақша

Ақша, оның ішінде "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша

Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады