БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16423 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:
"1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда) | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қордан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер | ||
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, тәркіленген мүлікті, "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы негізінде республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісінің негізінде оларды тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша | ||
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті сатудан мемлекет меншігіне түскен ақша | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері |
";
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Республикалық меншіктегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар | ||
Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар | ||
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар | ||
Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы | ||
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер | ||
Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсiмдер | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мүлiктi жария еткенi үшiн алым | ||
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша | ||
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекет меншікке өтеусіз берілген ақша | ||
Егер олардың кем дегенде біреуі сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтар болып табылса, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу нәтижесінде мемлекет кірісіне түсетін, оның ішінде мүлікті сатудан түсетін ақша |
";
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
17. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару |
Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | ||
Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Астана қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерiнен републикалық бюджеттің шығындарына өтемақыға берілетін трансферттердің түсімдері | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдендірілген трансферт | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепiлдендірілген трансферт сомасы | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджеткe берiлетiн нысаналы трансферт | ||
Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару | ||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі