"Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1450 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қаңтарда № 19849 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16423 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен бекітілетін Тізбенің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 12-тармағын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Б. Шолпанкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1450 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 7 ақпандағы
№ 136 бұйрығымен
бекітілді

Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі

Р/с

Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың атауы

Республикалық бюджетке түсімдердің атауы

Салыққа жатпайтын түсімдер

1.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

2.

Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

3.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Республикалық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

4.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімдері

Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

Орталық мемлекеттік органдар тартатын кепілдер

Бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) қаражатты қайтару

5.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер

6.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер

7.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

"Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер

8.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Атқарушылық санкция

9.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда)

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер

10.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындауға сот қаулысы келіп түскен жағдайда)

Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар

Сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар

11.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер

Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын пайдалану үшін алып қойған кезде орман шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер

12.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Жәбірленушілерге өтемақы қорына регрестік талаптар тәртібінде өндіріп алынған ақша түсiмдері

13.

Жергілікті атқарушы орган

Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану үшін оларды алған кезде ауыл шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер

14.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Республикалық меншіктегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар

Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар

Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы

Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсiмдер

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

15.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

16.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер

Трансферттер түсімдері

17.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою

Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою

Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою

Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерiнен републикалық бюджеттің шығындарына өтемақыға берілетін трансферттердің түсімдері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдендірілген трансферт

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепiлдендірілген трансферт сомасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджеткe берiлетiн нысаналы трансферт

Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

Бюджеттік кредиттерді өтеу

18.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқару органдарының қайтаруы

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғаларлың қайтаруы

Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражатты қайтару

Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражаты бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекет пайдасына алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер

Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару

Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

19.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

Халықаралық ұйымдардың заңды тұлғаларының қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер

Қарыздар түсімі

20.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатудан түсетін түсімдер

Өзге де мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар

Қазақстан Республикасының Үкіметі алатын қарыздар

Халықаралық қаржы ұйымдарынан Кредиттер

Шет мемлекеттерден кредиттер

Шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалардан кредиттер

Сыртқы капитал рыноктарында орналыстырылған мемлекеттік борыштық міндеттемелер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады