Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 31.10.2019 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 388-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 31.10.2019 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы 14 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 122 бұйрығына 1-қосымша |
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету Қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 31.10.2019 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 388 бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау жөніндегі тақырыптық тексеруді жүргізуге қатысқан азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемесімен жүзеге асырған рейсті және өткізген жанар-жағармай материалдарының мөлшері фактісін растайтын (авиакомпаниялар бөлігінде) қорытындыны табыс ету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету тәртібі
2. Тақырыптық тексеру басталған күннен бастап мемлекеттік кірістер органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымынан өкілдік кандидатура жөніндегі ұсынысқа сұрау салады.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеруді жүргізуге қатысу үшін өкілдік кандидатурасын ұсынады.
4. Тақырыптық тексеруге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісі, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табыс етілуді қамтамасыз етеді.
5. Сұрау салуды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына қорытынды табыс етіледі.
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісімен қорытындыға қол қойылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 122 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
201___ жылғы "___" _____ бастап 201___ жылғы "___" _____ аралығындағы кезеңге Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындысы
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 31.10.2019 № 1198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№№ | Шетелдік авиакомпанияларының атауы | Рейс нөмірі | Ұшып келген күні | Ұшып кеткен күні | Әуе кемесінің үлгісі | Шетелдік авиакомпаниямен шарттың нөмірі және күні (өтінімнің деректемелері) | Құйылған жанар-жағармай материалдары | Ескертпе | |
| маркасы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Жиынтығы: | х | х | х | х | х | х | х |
_____________________ ________ _______________________ ________
(азаматтық авиация (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты, (күні)
саласындағы уәкілетті (егер бұл жеке басты
ұйым қызметшісінің куәландыратын
лауазымы) құжатта көрсетілсе))
Ескертпе: қорытынды нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме, осы бұйрыққа қосымшада келтірілген.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысаны (бұдан әрі – нысан) тақырыптық тексеруді жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісімен толтырылады.
2. Нысан, мемлекеттік кірістер органына табыс етіледі.
3. Нысан мына үлгіде толтырылады:
нысанда салық төлеушінің атауы, заңды мекенжайы және бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
нысанның 1 – бағанында қатардың рет саны көрсетіледі;
нысанның 2 – бағанында авиакомпанияның атауын көрсете отырып, оның тіркелінген мемлекеті көрсетіледі;
нысанның 3 – бағанында рейстің нөмірі көрсетіледі;
нысанның 4 – бағанында ұшып келген күні көрсетіледі;
нысанның 5 – бағанында ұшып кеткен күні көрсетіледі;
нысанның 6 – бағанында әуе кемесінің үлгісі көрсетіледі;
нысанның 7 – бағанында шетелдік авиакомпаниямен шарттың күні, нөмірі (өтінім деректемелері) көрсетіледі;
нысанның 8 – бағанында жанар-жағармай материалдарының мөлшері (тоннамен) көрсетіледі;
нысанның 9 – бағанында жанар-жағармай материалдарының маркасы көрсетіледі;
нысанның 10 – бағанында ескертпе көрсетіледі.