Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлармен электрондық сауда бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16474 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабы 17) тармақшына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлармен электрондық сауда бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      ________________ Д. Ақышев

      2018 жылғы "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 249 бұйрығымен
бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлармен электрондық сауда бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлармен электрондық сауда бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 24-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) тауарлармен электрондық сауда бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімдері

      2. Комитет күн сайын өзінің Интернет-ресурсына электронды сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркелген электронды сауда субъектілерін қоса, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркеу есебіне қойылған салық төлеушілер тізімін (бұдан әрі – тізім), сондай-ақ электронды сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркеу есебінен алынған салық төлеушілер туралы мәліметті орналастырады.

      3. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Банктер мәліметтерді бередi.

      4. Көрсетілетін деректер болмаған жағдайда, бұл мәлімет нөлдік мәндермен ұсынылады. Банк клиенттерінің тізімінде болмаған кезде мәлімет ұсынылмайды.

      5. Тізімге сәйкес Банктер есепті салықтық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей мәліметтерді қалыптастырады.

      6. Салық төлеушілер жөніндегі ақпараттарды табыс ету бойынша есепті салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

      7. Мәлімет мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады және Банк басшысы не оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты қызметкер қол қояды.

      Қағаз тасымалдағышындағы мәліметтермен қатар, мәлімет электрондық тасымалдағышта да (Microsoft Excel форматында) ұсынылады.

      8. Банк Комитетпен электрондық өзара іс-қимылға толық көшкен кезде мәліметтерді қағаз тасымалдағышында және Microsoft Excel форматында беру талап етілмейді.

3-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

      9. "Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер" бөлімінде мынадай ақпараттар көрсетіледі:

      1-бағанда транзакцияны жүзеге асыратын реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) не БСН көрсетіледі;

      3-бағанда кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не заңды тұлғаның және (немесе) тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;

      4-бағанда тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушінің тауар үшін төлем жүргізілген шот нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда банк шотындағы валюта көрсетіледі;

      6-бағанда банк шотының түрі көрсетіледі;

      7-бағанда банк шоты мәртебесінің коды көрсетіледі (1 – шот ашық, 2 – шот жабық)

      8-бағанда банк шоты ашылған күн көрсетіледі, ол КК/АА/ЖЖ форматында толтырылады;

      9-бағанда банк шоты жабылған күн көрсетіледі, ол КК/АА/ЖЖ форматында толтырылады;

      10-бағанда бастапқы сальдо не (келесі парақтар үшін) аралық мәні көрсетіледі;

      11-бағанда дебет бойынша сома көрсетіледі;

      12-бағанда несие бойынша сома көрсетілген;

      13-бағанда есепті салықтық кезеңнің соңына банк шоты бойынша қалдық;

      14-бағанда транзакция жүргізілген күн көрсетіледі, ол КК/АА/ЖЖ форматында толтырылады;

      15-бағанда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына сәйкес төлем тағайындау коды (ТТК) көрсетіледі;

      16-бағанда заңды тұлғалардан тауарлар үшін жүргізілген төлеу бойынша шоғырландырылған сома көрсетіледі;

      17-бағанда жеке тұлғалардан тауарлар үшін жүргізілген төлеу бойынша шоғырландырылған сома көрсетіледі;

  Екінші деңгейдегі банктердің
және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың
тауарлармен электрондық сауда
бойынша тіркеу есебінде тұрған
салық төлеушілер бойынша
банктік шоттардың бар екені
және олардың нөмірлері туралы,
осы шоттардағы ақша
қалдықтары мен қозғалысы
туралы мәліметтерді беру қағидаларына және мерзімдеріне
қосымша
  нысан

Екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы ________________________________________________________________________________

      БСН ________________________________

      Облыс _____________________________

      Қала _______________________________

      Аудан_______________________________

      Мекен-жай, телефон _______________________

      20__ жылғы "___" ___________ бастап 20___ жылғы "___" ___________ дейінгі кезең ішіндегі тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді

Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушінің ЖСН/ БСН

Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушінің атауы

Банк шотының нөмірі

Банк шотының валютасы

Банк шотының түрі

Банк шоты мәртебесінің коды (1 – шот ашық, 2 – шот жабық)

ККААЖЖ форматында банк шоты ашылған күн

ККААЖЖ форматында банк шоты жабылған күн (жабылған шоттар үшін ғана көрсетіледі)

1

3

4

5

6

7

8

9










      Кестенің жалғасы

Бастапқы сальдо не аралық мәні (келесі парақтар үшін)

Ұлттық валютадағы айналым

Сұрау салынған кезеңнің соңына банк шоты бойынша қалдық

ККААЖЖ форматында транзакция жүргізілген күн

Төлем тағайындау коды (ТТК)

Тауарлар үшін жүргізілген төлем бойынша шоғырландырылған сома

Дебет бойынша сома

Кредит бойынша сома

ЗТ-дан

ЖТ-дан

10

 11

12

13

14

15

16

17

















      Ескертпе: "Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы" мәліметтер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлармен электрондық сауда бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидаларында және мерзімдерінде келтірілген.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЗТ - заңды тұлғалар;

      ЖТ - жеке тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады