"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 235-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 162 бұйрығымен бекітілген |
Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2023 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 235-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға мүмкіндік болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру тәртібін анықтайды.
2. Тауарларды алушының үй-жайлары, қоймалары, ашық алаңдары және өзге де аумақтары, тауарларды тиеу және түсіру орны кеден қоймалары болып табылмайтын орындар болып табылады.
2-тарау. Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру тәртібі
3. Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсатын (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін, тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлға мемлекеттік кірістер органына қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы) өтініш береді.
Еркін нысандағы өтініш кеден қоймасының кедендік рәсімімен тауарларға арналған декларация берілгенге дейін беріледі.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осындай рұқсатты алу қажеттілігін растайтын техникалық құжаттама (бұйымның паспорты, техникалық сипаттамасы);
2) Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың тіркелген қамтамасыз етуі;
3) мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағындағы кеден қоймаларының иелерінен өз аумағында осындай тауарларды орналастырудың мүмкін болмауы туралы растау (қоймалардың, аумақтардың мөлшері туралы мәліметтер);
4) географиялық координаттарын көрсете отырып, сақтау орны.
4. Құжаттарды қабылдауға жауапты мемлекеттік кірістер органының құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және қабылданғаны туралы мөр табан басылуымен өтінішті (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Портал арқылы жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдауы келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тіркеуді жүргізеді.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде құжаттарды өңдеуге жауапты уәкілетті тұлға өтініш тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тауарларды иелену, пайдалану немесе оларға билік ету құқығы бар тұлғаға жазбаша түрінде рұқсат береді.
6. Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған кезде және (немесе) мемлекеттік кірістер органы қызметінің өңірде габариттері үлкен және тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларындағы тауарларды сақтауға арналған кеден қоймалары болған кезде мемлекеттік кірістер органы жазбаша түрінде өтініш тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рұқсат беруден бас тартады.
7. Рұқсат алғаннан кейін тауарларға арналған декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
Тауарлар рұқсатта көрсетілген орындарда, оларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырғаннан кейін рұқсат алған тұлға Кодекстің 25-тарауының нормаларын басшылыққа алады.
3-тарау. Уәкілетті тұлғаның шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі
8. Тауарларды иеленуге, пайдалануға немесе оларға билік етуге құқығы бар тұлға өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым береді.