Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16476 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 348-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
237 бұйрығымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 348-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. ЕАЭО кедендік аумағына келу орындарында жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін (бұдан әрі – кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар) растайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.05.2022 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы мақсаттар үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) кедендік бақылауды жүргізу кезінде жеке тұлға кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты уәкілетті лауазымды адамға кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге негіз болатын құжаттарды немесе мәліметтерді ұсынады.

      4. ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды кері әкелу үшін негіз болатын құжаттар мен мәліметтерге счет-фактура, инвойс, чек және олардың ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында сатып алынғанын немесе ЕАЭО тауарлары ретінде, осындай тауарлардың мәртебесін растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер жатады.

      5. Уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді алған сәттен бастап он минут ішінде тауарлардың мәртебесі туралы растауды қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      Егер жеке тұлға ұсынған құжаттар мен мәліметтер ЕАЭО тауарлары ретінде, тауарлардың мәртебесін растамаса, онда осындай тауарлар шетелдік тауарлар ретінде қарастырылады.

      6. Уәкілетті лауазымды адамның қабылдаған шешімі туралы жеке тұлға ауызша нысанда дереу хабардар етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады