Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16491 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 28-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдері және нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 221 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдау, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдері мен нысаны

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдері мен нысаны әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын айқындайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру барысында не жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтарды анықтаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген тұлғалардан қосымша ақпараттарды алу мақсатында тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаларға сұрау салуды жолдайды.

      Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы салық төлеушіге (салық агентіне) келу тәртібінде не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы табыс етіледі.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органының сұрау салуында көрсетілген мәліметті және (немесе) құжаттарды мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.

      4. Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлға мәліметті осындай сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ілеспе хатпен қағаз тасығышта келу тәртібінде, пошта арқылы тапсырыс хатпен не электрондық нысанда табыс етеді.

  Мемлекеттік кірістер
Органдарының сұрау салуы
бойынша тауарлардың
электрондық сауда кезінде
тауарларды жөнелтуді,
тасымалдауды, жеткізуді
жүзеге асыратын тұлғалардың
мәліметтерді беру қағидалары,
мерзімдеріне мен нысанына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік кірістер органының 20__ жылдан бастап 20___ жылға дейінгі кезеңге мәліметтерді беруге сұрау салуы

      Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы ______________________________________

      ЖСН /БСН ________________________________________________________________

      Сұрау салуды жолдаудың себептері ___________________________________________

      Осыған байланысты, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, тауарлардың

      электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыру

      туралы мәліметтерді беру қажет.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (орынбасары)

      __________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған кезде) қолы, мөрі)

      Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:

      ЖСН /БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік кірістер
Органдарының
сұрау салуы бойынша
тауарлардың электрондық сауда
кезінде тауарларды
жөнелтуді, тасымалдауды,
жеткізуді жүзеге асыратын
тұлғалардың мәліметтерді беру
қағидалары, мерзімдеріне мен
нысанына 2-қосымша
  нысан

20__ жылдан бастап 20___ жылға дейінгі кезеңге тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар беретін мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 18.12.2019 № 1387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Негіздеме: ______________________ мемлекеттік кірістер басқармасының 201__ жылғы "___" _________ №____ сұрау салуы бойынша

      Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы ______________________________________

      ЖСН/БСН _______________________

      1. Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіге жеткізілген тауарлар бойынша мәлімет:

 
Жеткізушінің атауы

Жеткізушінің ЖСН /БСН (бар болса)

Ел

Шарт, №

Шарт, күні

Тауардың атауы

Өлшемнің бірлігі

Саны

Валюта коды

Тауардың бағасы

Тауарлардың жалпы саны

Қызметтің құны (теңге)

Жеткізу күні





























      Барлығы, жалпы сомасы : _______теңге.

      2. Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіден жеткізілген тауарлар бойынша мәлімет:

Шарт, №

Шарт, күні

Сатып алушының ЖСН

Сатып алушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) (жеке тұлға)

Жеткізу күні

Саны















      3. Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлемдер туралы мәлімет:

Төлем құжатының түрі

Төлем құжаты, күні

Төлем құжаты, нөмірі

Сомасы

Ескертпе













      Барлығы, сомасы:

      4. Қосымша ақпарат (өзара талаптарды өтеу, тауар алмасу және өзге де қолма-қол ақшасыз операциялар, бартер, өтеусіз беру)

Операциялардың атауы

Мазмұны

Кұжат, №

Кұжат, күні

Операцияның сомасы

Бухгалтерлік есепте көрсетілді (Ия/Жоқ)

Салық есептілігінде көрсетілді (Ия/Жоқ)

ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілді (кезең)



















      5. Алушы мен жеткізушінің арасындағы берешек (кредиторлық және дебиторлық)::

      Салық кезеңінің басында: 20__ жылғы "___"________, _________ (теңге) тең

      Салық кезеңінің соңында: 20__ жылғы "___"________, _________ (теңге) тең.

      6. _________________________________________________________ сұрау салу бойынша ұсынуға қажетті құжаттардың көшірмелері

      Мемлекеттік кірістер органдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылатын болады. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 187-бабына сәйкес салық төлеуші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауына құқылы.

      Заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің басшысы ____________________________________

                                                (Т.А.Ә. (ол болған кезде) қолы)

      Ескертпе:

      Сұрау салудың 1, 2, 3, 4, 5-тармақтары бойынша мәліметтерді осындай қаржы-шаруашылық операциялар болған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) толтырады.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес- сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады