Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16495 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 28.07.2022 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 28.07.2022 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 28.07.2022 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

      қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      А.Шпекбаев _________________

      20___ жылғы "__" _____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 220 бұйрығына қосымша

Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 28.07.2022 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 28.07.2022 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мәлімет уәкілетті мемлекеттік органға Заңның 22-бабын іске асыру мақсатында ұсынылады.

2-тарау. Мәліметті тапсыру тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) ақпараттық жүйені әкімшілендіру бойынша қызметкерге (бұдан әрі – әкімші) өкілеттік беру туралы департамент басшылары бұйрықтарының негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі – департамент) қызметкерлеріне "Кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тапсыру туралы мәліметтер" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) қол жеткізуді ұсынады.

      Әкімші кірістер мен мүлік туралы декларацияларды табыс ету бойынша міндеттемелерді орындамау фактілерін анықтау бойынша қызметкерге өкілеттік беру туралы мемлекеттік орган актісінің негізінде мемлекеттік органның қызметкеріне (бұдан әрі – пайдаланушы) АЖ қол жеткізуді ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 03,.06.2019 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Комитет АЖ-ге қол жеткізуді бұйрықтың көшірмесін және логинін (пайдаланушының интернет-ресурсындағы аты), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсете отырып, әкімші туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) күннің ішінде ұсынады.

      5. АЖ қол жеткізуді алу үшін мемлекеттік орган ағымдағы жылдың 15 наурызынан кешіктірмей актінің көшірмесін және логинін (пайдаланушының интернет-ресурсындағы аты), ЖСН және лауазымын көрсете отырып, пайдаланушы туралы ақпаратты департаментке жолдайды.

      6. Әкімші АЖ қол жеткізуді осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) күннің ішінде береді.

      7. Пайдаланушы және әкімші бойынша мәліметтер өзгерген кезде өзгеріс енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      мемлекеттік органы – департаментке;

      департамент – Комитетке хабарлайды.

      Пайдаланушының не әкімшінің өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, тиісті орган АЖ қол жеткізуді шектеуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.

3-тарау. Қорытынды ереже

      8. Заңмен кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдерін бұзу фактілері анықталған кезде, мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 30 қазанынан кешіктірмей осындай фактілер туралы өзінің орналасқан жері бойынша департаментке не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органға хабарлайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органға мынадай тәртіпте:

      орталық мемлекеттік органдар – орталық аппаратқа;

      қалған мемлекеттік органдар – өзінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге табыс етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 28.07.2022 № 764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 473-бабына сәйкес жауаптылық көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады