"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 2-тармағына сәйке БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мәміле сипатының жіктеуіші;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сыртқы экономикалық мәмілелер ерекшеліктерінің жіктеуіші;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша электрондық өтінішті беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 № 415 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 1-қосымша |
Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері
Код жіктеуіштері | Тыйым салулар мен шектеулердің атауы |
A | Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салу |
B | Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге мөлшерлемелік шектеулер |
C | Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат беру тәртібі |
D | Техникалық реттеу |
E | Санитарлық шаралар |
F | Ветеринариялық-санитариялық шаралар |
G | Карантиндік фитосанитариялық шаралар |
H | Қосарлы және әскери қолданыстағы (мақсаттағы) тауарлар және технологиялар |
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салу
ТЕР коды | Сипаттама |
A01 | Уақытша тыйым салулар |
A0100 | Уақытша тыйым салулар қолданылмайтын тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру |
A0110 | Экспортқа және (немесе) импортқа уақытша тыйым салулар енгізілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
A02 | Әкелуге және әкетуге тыйым салынған озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдер |
A0210 | Озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді әкелуге және әкетуге тыйым салынған |
A0215 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жеке тұлғалардың озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдер |
A03 | Әкелуге тыйым салынған қауіпті ұсақ қалдықтар |
A0310 | Қауіпті ұсақ қалдықтарды әкелуге тыйым салынған |
A0311 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде қауіпті ұсақ қалдықтарды жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі |
A0312 | "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 шешіміне 2-қосымшаға сәйкес көму және залалсыздандыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат ету тәртібі белгіленген Тауарлар тізбесінің (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) 2.3-бөліміне енгізілген қауіпті ұсақ қалдықтарды әкелу |
A04 | Әкелуге және әкетуге тыйым салынған баспа басылымдарындағы, дыбыс-бейнелеу және өзге де ақпарат тасымалдағышындағы ақпарат |
A0400 | Тыйым салынған ақпараттарды қамтымайтын, әкелінетін және (немесе) әкетілетін баспа басылымдары және дыбыс-бейнелеу материалдары |
A0410 | Әкелінетін және (немесе) әкетілетін тыйым салынған ақпараттарды қамтитын, баспа басылымдарына және дыбыс-бейнелеу материалдарына – тыйым слынған. |
A05 | Әкелуге тыйым салынған, өсімдіктерді қорғау құралдары және өзге де орнықты органикалық ластағыштар |
A0510 | 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының әрекетіне жататын өсімдіктерді қорғау құралдары және өзге де орнықты органикалық ластағыштар |
A06 | Ағаш материалдарын, регенерирленетін қағаз, картон, макулатураны Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған |
A0600 | Тыйым салу белгіленбеген, ағаш материалдарын, регенерирленетін қағаз, картон, макулатураны кедендік рәсіммене орналастыру |
A0610 | Ағаш материалдарын, регенерирленетін қағаз, картон, макулатураны кедендік рәсіммене орналастыру |
A07 | Әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару, оның негізгі бөлшектері және оның патрондары |
A0710 | Әкелінетін және (немесе) әкетілетін қызметтік және азаматтық қарулар, олардың негізгі бөлшектері және оның патрондарына – тыйым салынған |
A08 | Әкелуге тыйым салынған, су биологиялық ресурстарын табу (аулау) құралдары |
A0800 | Бірыңғай тізбеге 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық |
экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген Тауарлар тізбесінің 1.7-бөлімінде көрсетілмеген су биологиялық ресурстарын табу (аулау) құралдарын әкелу | |
A0810 | Әкелуге тыйым салынған су биологиялық ресурстарын табу (аулау) құралдары |
A09 | Әкелуге тыйым салынған, гренланды итбалығынан жасалған бұйымдар және гренланды итбалығының төлі |
A0900 | Гренланды итбалығынан жасалмаған бұйымдарды және гренланды итбалығының төлін әкелу |
A0910 | Гренланды итбалығынан жасалған бұйымдарды және гренланды итбалығының төлін әкелу |
A0911 | Гренланды итбалығынан жасалған бұйымдарды (гренланды итбалығының төлін: ақ үрпек, хохлуш және серокты қоспағанда), егер осындай бұйымдар, қазіргі уақытта олар арктикалық және субарктических аудандардың байырғы халықтары немесе байырғы халықтардың дәстүрлі құқығына ие деп түсінілетін, байырғы халықтар жүзеге асырылатын дәстүрлі аң аулау нәтижесінде алынса әкелуге рұқсат етіледі, оның ішінде бұл юпики, инупиаты (Аляска), инуиты, инувиалуиты (Канада), калааллиты (Гренландия) Еуразиялық экономикалық комиссиясымен келісілген нысан бойынша берілетін тауардың шығарылған елінің уәкілетті органының сертификатымен расталады. |
A0912 | Гренланды итбалығынан жасалған бұйымдарды (гренланды итбалығының төлін: ақ үрпек, хохлуш және серокты қоспағанда), егер жеке тұлғалар жеке пайдалануы үшін (коммерциялық мақсатта емес) әкелсе, осындай бұйымдарды әкелуге рұқсат беріледі |
A10 | Әкетуге тыйым салынған тірі бұлғындар |
A1010 | Тірі бұлғындарды әкету |
A11 | Нормативтік-құқықтық актілерде регламенттелген әкелуге және (немесе) әкетуге өзге тыйым салулар |
A1110 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде минералдық шикізаттарды жеке тұлғалардың әкетуі |
A1111 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде улы заттарды жеке тұлғалардың әкелуі |
A1112 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде арнайы техникалық құралдарды жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі |
A1113 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде адамның биологиялық материалдары үлгілерін қоспағанда, адам мүшелері мен тінін, қаны мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі |
A1114 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде жер қойнауы туралы |
ақпаратты жеке тұлғалардың әкетуі | |
A1115 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде өсімдікті қорғау құралдарын (пестицидтер) жеке тұлғалардың әкелуі |
A12 | Ұлттық мүдделерге негізделе отырып енгізілетін өзге де тыйым салулар мен шектеулер |
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге мөлшерлік шектеулер
ТЕР коды | Сипаттама |
B01 | Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін әкелу |
B0110 | Тарифтік квота белгіленген ауыл шаруашалығы тауарларының жекелеген түрлерін кедендік рәсіммен орналастыру |
B02 | ЕАЭО кедендік аумағына дәмдік-хош иісі немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын әкелу |
B0200 | Кедендік әкелу бажын өндіріп алудан босатпай Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік қайта өндеу үшін дәмдік-хош иісі немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын кедендік рәсіммен орналастыру |
B0210 | Кедендік әкелу бажын өндіріп алудан босата отырып Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік қайта өндеу үшін дәмдік-хош иісі немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын кедендік рәсіммен орналастыру |
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат ету тәртібі
ТЕР коды | Сипаттама |
C01 | Озон қабатын бұзатын заттар |
C0100 | Озон қауіпсіздігі заттарды және құрамында озон қауіпсіздігі заттары бар өнімдерді кедендік рәсіммен орналастыру |
C0110 | Озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді кедендік рәсіммен орналастыру |
C0111 | Әуе, теңіз (өзен), автомобиль, теміржол көлік құралының техникалық құрылғыларын және жабдықтарды қалыпты пайдалану үшін, оның ішінде олардың техникалық сипаттамаларына сәйкес пайдалану үшін озон қабатыны бұзатын заттар қажет тоңазытқыш жабдығына, ауа баптағыш жүйесіне, өрт сөндіру құралдарына және өзге де жабдықтарға және техникалық құрылғыларға құю, қосымша |
құю үшін қажетті мақсатта және мөлшерде, осы көлік құралымен бірге өткізілетін озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету | |
C0112 | Әуе, теңіз (өзен), теміржол көлік құралдарының жадбықтары мен техникалық құрылғысын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшердегі керек-жарақтар ретінде құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар және пайдаланатын өнімдерді әкелу және (немесе) әкету |
C0113 | Автомобиль көлік құралымен, осы көлік құралының жабдықтар мен техникалық құрылғыларын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде өткізілетін құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді әкелу және (немесе) әкету |
C0114 | Озон қабатын бұзатын болып табылмайтын химиялық заттардың өндірісі үшін шикізат ретінде ғана пайдаланылатын озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету |
C0115 | 1987 жылғы 16 қыркүйектегі, Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына сәйкес оларды қолдану мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету |
C0116 | Рециркуляцияланған, қайта қалпына келтірілген және (немесе) кәдеге жаратылған болып табылатын озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету |
C0117 | Құрамында Бірыңғай тізбенің 1.1-бөлімінің А тізіміндегі II тобында көрсетілген заттар қамтылған, жылжымалы өрт сөндіргішті әкелу және (немесе) әкету |
C0118 | Метилхлороформды (МХФ) әкелу және (немесе) әкету жағдайында, яғни ЕАЭО СЭҚ ТН 2903191000 коды бойынша 1,1,1-трихлорэтан, C2H3Cl3 формуласы 1,1,2-трихлорэтанға жатпайды |
C02 | Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер) |
C0200 | Өсімдіктердің қорғау құралдары (пестицидтер) болып табылмайтын химиялық және (немесе) биологиялық препараттарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0210 | Тіркелген өсімдіктердің қорғау құралдарын (пестицидтер) кедендік рәсіммен орналастыру |
C0211 | Тіркелмеген өсімдіктердің қорғау құралдарын (пестицидтер) кедендік рәсіммен орналастыру |
C03 | Қауіпті ұсақ қалдықтар |
C0300 | Ұсақ қалдықтар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0310 | Қауіпті ұсақ қалдықтарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C04 | Минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар мен |
коллекциялау заттары, қазба жануарларының сүйектері | |
C0400 | Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялау материалдары, қазба жануарларының сүйектері болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0410 | Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялау материалдарын, қазба жануарларының сүйектерін кедендік рәсіммен орналастыру |
C0411 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде коллекциялау материалдарын жеке тұлғалардың әкетуі қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады |
C05 | Жабайы тірі аңдар |
C0500 | Үй тұрмысындағы тірі жануарларды және (немесе) өсімдіктерді кедендік рәсіммен орналастыру |
C0510 | Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді кедендік рәсіммен орналастыру |
C0511 | Ғылыми зерттеу үшін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің үлгілерін ғылыми мекемелерге, сондай-ақ алмасу, сыйға беру мен гендік қорларды толтыру мақсатында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді хайуанаттар бағына, көшеттер мен ботаникалық бақтарға әкету |
C0512 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке тұлғалардың әкетуі |
C0513 | Бір түрдегі 3 данадан көп емес мөлшердегі, сондай-ақ 1 кг-дан көп емес қабықтағы самырсын жаңғақтарын, 0,5 кг-дан көп емес салмақтағы қабықсыз самырсын жаңғақтарын жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің бірлі-жарым үлгісінде жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жеке тұлғалардың әкетуі |
C06 | Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету |
C0600 | Үй тұрмысындағы тірі жануарларды және (немесе) өсімдіктері кедендік рәсіммен орналастыру |
C0610 | Құрып кету қаупінде тұрған жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда |
C0611 | Жеке және үй тұрмысындағы заттар болып табылатын, құрып кету қаупінде тұрған жабайы фауна және флора түрлері |
C0612 | Әкелінетін және (немесе) әкетілетін жапсырмасы бар, коммерциялық емес негізде уақытша пайдалану үшін, сыйға немесе ғалымдар немесе ғылыми мекемелермен арасында алмасу тәртібімен, гербарии үлгілері, басқа консервіленген, кептірілген |
немесе спиртке салынған мұражай үлгілері және тірі өсімдіктер материалы | |
C0613 | Рұқсатсыз немесе сертификат үлгілерінсіз жүріп-тұруы жылжымалы хайуанаттар бағы, цирк, айуанхана, өсімдіктер көрмесі немесе басқа жылжымалы көрмелер бөлігі болып табылатын жағдайда, барлық мәліметтерімен мұндай үлгілерді Әкімшілік органда экспортер немесе импортер тіркейді |
C07 | Қызыл кітаптағы жануарлар мен өсімдіктер |
C0710 | Сирек кездесетін тірі жабайы жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді кедендік рәсіммен орналастыру |
C0711 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде сирек кездесетін тірі жабайы жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке тұлғардың әкетуі |
C08 | Асыл тастар |
C0810 | Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген асыл тастарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0811 | Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген асыл тастарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0812 | ЕАЭО мүше мемлекеттің бағалы металдары мен асыл тастарын мемлекеттік қорды толықтыруға арналған бағалы металдар мен асыл тастарды мүше мемлекеттер субъектілерінің (федеративті мемлекет субъектілер үшін) бағалы металдар мен асыл тастары мемлекеттік қорына және (немесе) көрсетілген қордан асыл тастарды әкету кезінде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері асыл тастарды әкелу және (немесе) әкету кезінде, асыл тастарды әкелу |
C0813 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде асыл тастарды жеке тұлғардың әкелуі және (немесе) әкетуі |
C09 | Бағалы металдар |
C0900 | Бағалы металдарға және (немесе) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарға жатпайтын тауарларды орналастыру |
C0910 | Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0911 | Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0912 | Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 3-кестесінде көрсетілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C0913 | Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерімен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларды әкелуі және (немесе) әкетуі |
C0914 | Мүше мемлекеттердің аумағында заңды төлем құралы болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеттерді мүше |
мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің әкелуі және (немесе) әкетуі | |
C0915 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде бағалы металдарды жеке тұлғардың әкелуі және (немесе) әкетуі |
C10 | Минералдық шикізаттардың түрлері |
C1000 | Бірыңғай тізбенің 2.11-бөлімінде көрсетілмеген минералдық шикізаттарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1010 | Минералдық шикізаттарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C11 | Есірткі құралдары |
C1100 | Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және оның прекурсорларына жатпайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1110 | Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және оның прекурсорларын кедендік рәсіммен орналастыру |
C1111 | Мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған көлемде тауардың атауы мен мөлшері, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде прекурсорлар көрсетілген, растайтын медициналық құжаттары болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік құралдар түрінде шектелген мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі, |
C1112 | Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету үшін арналған, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және оның прекурсорларын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес әкелу және (немесе) әкету |
C1113 |
"Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған шектеулі мөлшерде көлік құралында алғашқы жәрдем жинақтарында болатын осындай көлік құралдарын тіркеу: |
C1114 | Әуе, теңіз (өзен), теміржол көлік құралдарының жабдықтары мен техникалық құрылғысын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшердегі керек-жарақ ретінде пайдаланатын прекурсорларды әкелу және (немесе) әкету. |
C12 | Улы заттар |
C1200 | Улы заттар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1210 | Улы заттарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1211 | Тіркелген және ғылыми зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу мақсатында және өзге де мақсаттарда әкелінген үлгілер болып |
табылатын улы заттарды кедендік рәсіммен орналастыру | |
C13 | Дәрілік құралдар |
C1300 | Дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдары болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1310 | Тіркелген дәрілік құралдарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1311 | Тіркелмеген дәрілік құралдарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1312 | Төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек (жәрдем) және (немесе) көмек көрсету үшін арналған, тіркелген немесе тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу |
C1313 | Клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтарға арналған дәрілік құралдардың нақты партиясын әкелу |
C1314 | Нақты пациентке өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек және (немесе) аса ауыр патологиямен пациенттің шектелген контигентіне медициналық көмек көрсетуге арналған, тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу |
C1315 | Төтенше жағдайлардың алдын алу және (немесе) салдарын жою үшін арналған, тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу |
C1316 | Инновациялық медициналық технологияларды енгізу, медицинада ғылыми және өзге де зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге арналған тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу |
C1317 | Тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кедендік рәсіммен орналастыру |
C1318 | Тіркелмеген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кедендік рәсіммен орналастыру |
C1319 | Нақты пациентке өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек және (немесе) аса ауыр патологиямен пациенттің шектелген контигентіне медициналық көмек көрсетуге арналған, тіркелмеген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу |
C1320 | Инновациялық медициналық технологияларды ендіру, медицинада ғылыми және өзге де зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге арналған тіркелмеген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу |
C14 | Радиоэлектронды құралдар |
C1400 | Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті қондырғылар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1410 | Радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті қондырғыларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1411 | Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы |
Алқасының 2015 жылғы 21 сәурдегі № 30 шешіміне 15-қосымшаға сәйкес орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті қондырғыларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу туралы ережеге 2-қосымшада көзделген тізбеге енгізілген радиоэлектронды құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды кедендік рәсіммен орналастыру | |
C1412 | Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды құрамында борттық жабдықты, әуе, теңіз (өзен) кемелерін, сондай-ақ құрамында қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды орнатуға арналған әуе, теңіз (өзен) кемесін ауыстыру үшін ақаулы радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды құрамынан борттық жабдық, кейіннен ЕАЭО кедендік аумағынан әкетумен ауыстырылған (алып тасталған) радиоэлектрондық құралдар мен (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1413 | Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жеке тұлғалардың радиоэлектронды құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды әкелуі |
C1414 | ЕАЭО кедендік аумағында жөндеу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан дайындалатын көлік және басқа да техникалық құралдарға орнату үшін көзделген және ЕАЭО кедендік аумағынан дайындау нәтижесінде немесе радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды жөндеуден кейін алынған көлік және басқа да техникалық құралдар құрамында кері әкетуге жататын радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, оларды пайдалану (қолдану, пайдалану) құқығынсыз әкелінеді |
C1415 | Бірыңғай тізбенің 2.16-бөліміне енгізілген, құрамында бар шифрлау (криптографиялық) құралдары бар азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды, немесе егер шифрлау (криптографиялық) құралдар осындай радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті қондырғылардың құрамына кірсе, кедендік рәсіммен орналастыру |
C15 | Арнайы техникалық құралдар |
C1500 | Арнайы техникалық құралдар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1510 | Арнайы техникалық құралдарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1511 | Бірыңғай тізбенің 2.17-бөліміне енгізілген, олардың құрамында арнайы техникалық құралдар болған жағдайда, радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C16 | Шифрлау (криптографиялық) құралдар |
C1600 | Шифрлау (криптографиялық) құралдар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1610 | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын кедендік рәсіммен орналасытру |
C1611 | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында шифрлау (криптографиялық) саласындағы үшінші тұлғаларға тарату және оларға қызмет көрсету құқығынсыз кедендік рәсіммен орналастыру |
C1612 | 20 данадан астам мөлшерде халықаралық алмасу мақсатында мәтіндік сим-картаның үлгісін ұялы байланыс оперторының кедендік рәсіммен орналастыруы |
C17 | Мәдени құндылықтар |
C1700 | Мәдени құндылықтар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1710 | Мәдени құндылықтарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1711 | Мәдени құндылыққа ие, бірақ антикварлық қаруға жатпайтын қаруларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1712 | ЕАЭО кедендік аумағына бұрын уақытша әкелінген, жеке пайдалануға арналған тауар ретінде мәдени құндылықтарды жеке тұлғалардың әкетуі |
C1713 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде, мәдени құндылыққа ие, бірақ антикварлық қаруға жатпайтын қаруларды жеке тұлғалардың әкетуі |
C1714 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде мәдени құндылықтарды жеке тұлғалардың әкетуі |
C1715 | Бағалы металдары және (немесе) асыл тастары бар мәдени құндылықтарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1716 | Мәдени құндылықтар бар коллекциялық материалдарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1717 | 1989 жылдың соңына дейін жасалған атыс, лақтырылатын және пневматикалық қаруды (орталық ұрыстың унитарлы патрондарымен ату үшін жасалған атыс қаруынан басқа) және 1945 жылдың соңына дейін жасалған суық қаруларды әкету |
C18 | Адам ағзалары және тіндері |
C1810 | Бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген, туыстық емес транслантациялау, жыныс жасушалары және эмбриондарды жүргізу мақсатында адамдардың биологиялық материалдарын, гемопоэтикалық дің жасушаларды, сүйек кемігі, донорлық лимфоциттерді қоспағанда, адам ағзалары мен тіндерін, қандары мен оның компоненттерін кедендік рәсіммен орналастыру |
C1811 | Бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген, туыстық емес транслантацияны, жыныс жасушалары және эмбриондарды жүргізу мақсатында адамдардың биологиялық материалдарын, гемопоэтикалық дің жасушаларды, сүйек кемігі, донорлық лимфоциттерді кедендік рәсіммен орналастыру |
C1812 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде адамдардың биологиялық материалдар үлгілерін жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі |
C1813 | Зерттеу ретінде, оның ішінде референс-зерттеуді жүргізу үшін, немесе биомедициналық және (немесе) клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде алынған сыртқы бақылауды жүргізу үшін арналған диагностикалық және ғылыми мақсаттарға пайдаланылуға ғана әкелу және (немесе) әкету, Бірыңғай тізімнің 2.21-бөліміне енгізілген адамның биологиялық материалдарының үлгілерін кедендік рәсіммен орналастыру |
C1814 | Кадаверлік материалдарды кедендік рәсіммен орналастыру |
C19 | Қызметтік және азаматтық қарулар |
C1900 | Қарулар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1910 | Қаруларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C1911 | Антикварлық қарулардың көшірмелері мен пікірлерін кедендік рәсіммен орналастыру |
C1912 | Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде қаруларды жеке тұлғаларлың әкелуі және (немесе) әкетуі |
C20 | Жер қойнауы туралы ақпараттар |
C2000 | Жер қойнауы туралы ақпарат болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
C2010 | Жер қойнауы туралы ақпаратты кедендік рәсіммен орналастыру |
Техникалық реттеу
ТЕР коды | Сипаттама |
D01 | Техникалық реттеу |
D0100 | Сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жатпайтын тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0110 | Сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жататын тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0111 | Сертификациялау жөніндегі аккредиттелген органдармен (аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар)) жасалған шарттың көшірмесін немесе әкелінетін (әкелінген) өнімдердің (тауарлардың) санын (салмағы мен көлемі) осы мақсат үшін қажетті растайтын осындай сертификациялау жөніндегі аккредиттелген органдардың (аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар)) хатын кеден органына ұсыну кезінде зерттеу мен сынақтарды жүргізу үшін сынамалар мен үлгілер ретінде тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0112 | ЕАЭО кедендік аумағына бұрын әкелінген дайын өнімдерге қызмет көрсету мен жөндеу үшін, осындай дайын өнімдердің сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттардың көшірмесін кеден органына ұсыну шарты кезінде оларға қатысты кеден органдарына ұсыну шарты кезінде міндетті талаптарға сәйкестігі расталған қосалқы бөлшектер ретінде дайындаушымен немесе дайындаушының уәкілетті өкілімен тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0113 | Дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелер, өзге де шетел мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің, мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдардың мекен-жайына, тек осындай өкілдіктер, мекемелер, ұйымдар ғана тұтыну (пайдалану) туралы дәлелді өтінішті олардың кеден органдарына ұсыну шарты кезінде тауарларды (өнімдерді) ЕАЭО кедендік аумағына әкелу |
D0114 | Гуманиарлық және техникалық көмек ретінде тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0115 | Дүлей зілзалалар мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін арналған тауарлар ретінде тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0116 | Контейнерлерді, орамаларды, тұғырықтарды кедендік рәсіммен орналастыру |
D0117 | Көрмелерге, жәрмеңкелер мен халықаралық кездесулерге таныстыру үшін арналған, сондай-ақ өнімдерді (тауарларды) осы таныстыру кезінде пайдалану үшін не көрмелерде, жәрмеңкелер мен халықаралық кездесулерде пайдалану үшін арналған қосалқы жабдықтар мен материалдарды кедендік рәсіммен орналастыру |
D0118 | Тек қана осы түрдегі өнімдерге (тауарларға) тапсырыстарды алу мақсаты және оларға тазартылмайтын таңбалаумен, жыртқыштармен, тесіктермен немесе қандай да бір өзге тәсілмен зақым келтіру жолымен қамтамасыз етілу басқа да мақсаттарға пайдалану үшін жарамсыз тауарлық үлгілерді кедендік рәсіммен орналастыру |
D0119 | Сынақтар, тексерулар, эксперименттер жүргізу және қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету үшін арналған өнімдерді |
(тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру | |
D0120 | Жарнамалық баспа өнімдерін кедендік рәсіммен орналастыру |
D0121 | Егер осындай өнімдерді шетел тұлғалары әкелсе (әкелген) және ЕАЭО кедендік аумағында оларды қолданатын болса, әртістерге, театр труппаға және оркестрлерге (қойылымдар барысында қолданылатын заттар, музыкалық инструменттер, декорацялар мен костюмдер)қажетті жабдықтарды кедендік рәсіммен орналастыру |
D0122 | Егер осындай кәсіби жабдықтар, құрылғылар мен керек-жарақтарды шетелдік тұлға әкелсе (әкелген) және ЕАЭО кедендік аумағында олар пайдаланатын болса, кәсіптік кинематографиялық жабдықтарды, баспасөз, радио немесе теледидар жабдықтарын, осы жабдықтардың қосалқы құрылғыларды және керек-жарақтарды кедендік рәсіммен орналастыру |
D0123 | Егер осындай өнімдерді (тауарларды) шетелдік тұлға әкелсе (әкелген) және ЕАЭО кедендік аумағында олар пайдаланатын болса, спорт жарыстарына, көрнекті спорт шараларына немесе жаттығуларға арналған өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсім орналастыру |
D0124 | Кедендік рәсімменоларды орналастыруын жүзеге асыратын, мүше мемлекеттің аумағында өндірілетін өнімдерге арналған жиынтықтаушы тауарлар немесе шикізаттар (материалдар) ретінде өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0125 | Бұрын қолданылған (пайдаланылған) өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсімменорналастыру |
D0126 | Декларантпен тек жеке пайдалану үшін (оның ішінде ғылыми-зерттеу не кәдесыйлар немесе жарнамалық материалдар ретінде өкілдік мақсаттар үшін) бір сыртқы сауда келісім-шартында көзделген, бірлі-жарым данадағы (мөлшерде) өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0127 | Қаржылық лизинг келісім-шарты бойынша әкелгенді қоспағанда, ЕАЭО кедендік аумағына оны уақытша орналастырған жағдайда өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0128 | Жеке пайдалану үшін жеке тұлғалардың өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру |
D0129 | Тауарларды шығарғаннан кейін құжаттарды ұсынуға байланысты пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулермен сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жататын тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру |
Санитарлық шаралар
ТЕР коды | Сипаттама |
E01 | Санитарлық шаралар |
E0100 | Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатпайтын өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру |
E0110 | Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру |
E0111 | Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшінарналған өнімдерді үлгілерін кедендік рәсіммен орналастыру |
E0112 | Темекі өнімдерінің өндірісі үшін пайдаланылатын темекі емес шикізаттарын, темекі емес материалдарды және ингредиенттерді кедендік рәсіммен орналастыру |
E0113 | Зертханалық реактивтер, зертханалық ыдыстар ретінде (радиациялық қауіпті және құрамында бар нативті инфекциялық материалдарды қоспағанда) пайдалану үшін арналған өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру |
E0114 | Тағамдық заттарды әзірлеу үшін пайдаланылатын тағамдық шикізаттарды (тауық, қаз жұмыртқасы және өзге) кедендік рәсіммен орналастыру |
E0115 | Кәдесый өнімдерін, косметикалық аксессуарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
E0116 | ЕАЭО кедендік аумағында сату және пайдалану үшін арналмаған өнімдердің көрмелік және жарнамалық үлгілерін кедендік рәсіммен орналастыру |
E0117 | Ұлттық және халықаралық фестивальдарға қатысу үшін арналған, оқу мекемеснәің оқушылары мен студенттері жасаған коллекцияларды кедендік рәсіммен орналастыру |
E0118 | Гумантарлық көмек ретінде әкелінген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
Ветеринариялық-санитариялық шаралар
ТЕР коды | Сипаттама |
F01 | Ветеринариялық-санитариялық шаралар |
F0100 | Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатпайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
F0110 | Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды кедендік рәсімменорналастыру |
Карантиндік фитосанитариялық шаралар
ТЕР коды | Сипаттама |
G01 | Карантиндік фитосанитариялық шаралар |
G0110 | Карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатпайтын тауарларды кедендік рәсімменорналастыру Карантиндік өнімдерді кедендік рәсіммен орналастыру |
G0111 | Карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, төменгі фитосанитарлық тәуекелімен карантиндік өнімдерді (карантиндік жүктер, карантиндік материалдар, карантиндік тауарлар) кедендік рәсіммен орналастыру |
G0112 | Ғылыми-зерттеу мақсатындағы карантиндік объектілерді кедендік рәсімдерге орналастыру |
Экспорттық бақылау
ТЕР коды | Сипаттама |
H01 | Экспорттық бақылау |
H0100 | Кедендік рәсіммен экспорттық бақылауға жатпайтын тауарларды орналастыру |
H0101 | Әскери мақсатқа жатпайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру |
H0110 | Кедендік рәсіммен экспорттық бақылауға жататын өнімдерді орналастыру |
H0111 | Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республиксасының аумағынан әкету |
H0112 | Кедендік рәсіммен әскери мақсатқа жататын өнімдерді орналастыру |
H0113 | Коммерциялық құндылығы жоқ экспорттық бақылауға жататын, осы шикізаттар мен өндірістік өнімдерге мүмкіндік сұранысын айқындау мақсатында зерттеу (сертификациялау) жүргізу үшін, экспорттық бақылауға жататын шикізаттардың не өндірістік өнімдердің аздау мөлшердегі үлгілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ратифицияланған халықаралық шарттарды орындау бойынша халықаралық ұйымдардың инспекторларымен алынған сынама үлгілерін көрмелерде таныстыру үшін өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету |
H0114 | Қазақстан Республикасының ұлттық контингетінің жұмыс жасаулары және бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті әдеттегі қару-жарақ пен әскери техникаларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 2-қосымша |
Кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші
Кедендік сәйкестендіру нөмірі жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) негізінде қалыптастырылады:
ЖСН | жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер. |
БСН | бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (филиалдар мен өкілдіктер) мен дара кәсіпкерлер. |
Ескертпе: Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін кедендік нөмір кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарлар мен көлік құралдарын орналастыру жағдайын қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабы 7-тармағына сәйкес тіркеу кезінде берілген ЖСН/БСН егізінде қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 3-қосымша |
Мәміле сипатының жіктеуіші
Коды | Атауы |
001 | Қазақстан Республикасының ұлтық валютасында есептеумен тауарларды өткізу |
Еркін айырбасталатын валютада (бұдан әрі – ЕАВ) есептеу | |
021 | ЕАВ есептелген Тауарларды өткізу (мемлекеттік несиеден (сыртқы қарыз) және мемлекеттік несиені (сыртқы қарыз) өтеуден басқа) |
023 | Мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) бойынша тауарларды өткізу |
026 | Мемлекеттік несиені өтеуде (сыртқы қарыз) тауарларды өткізу |
Клиринг бойынша есеп айырысу | |
031 | Тауарларды клиринг валютада есеп айырыса отырып (мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) және мемлекеттік несиені өтеуден (сыртқы қарыз) басқа) өткізу |
033 | Тауарларды мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) бойынша өткізу |
036 | Тауарларды мемлекеттік несиені (сыртқы қарыз) өтеуде өткізу |
Тұйық валютада есеп айырысу | |
041 | Тауарларды тұйық валютада есеп айырыса отырып (мемлекеттік несиеден (сыртқы қарыз) басқа өткізу |
043 | Тауарларды мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) бойынша өткізу |
Басқа коммерциялық операциялар бойынша тауарлардың өткізу | |
051 | Тікелей тауар айналымы (бартерлік мәміле) тәртібінде тауарларды өткізу |
052 | Жұмыстар мен қызметтерді ұсыну есебінен тауарларды өткізу |
054 | Басқа елдер аумағы бойынша транзитпен газ өткізу |
Кәсіпорындар мен объектілер құрылысын салудағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша міндеттемелер есебіне тауарларды өткізу | |
071 | Клиринг валютада есеп айырыса отырып өтемақы міндеттемесінің есебіне тауарларды өткізу |
072 | Қазақстан мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің міндеттемесі есебіне тауарларды өткізу |
078 | ЕАВ-мен есеп айырыса отырып өтемақылық міндеттемесі есебіне тауарларды өткізу |
Өзге | |
080 | Басқа |
081 | Сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде емес тауарларды өткізу |
082 | Тауарларды өтеусіз негізде өткізу |
Ескертпе: Шарт (келесім-шарт) шетел валютасында жасалған, ал төлем ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылған жағдайларда мәміле сипатының коды шетел валютасы үшін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 4-қосымша |
Сыртқы экономикалық мәмілелер ерекшеліктерінің жіктеуіші
Кодтары | Есеп айырысу нысаны |
00 | аванстық төлем |
10 | аккредитив |
20 | инкассо |
30 | аудару |
40 | аккредитив/инкассо |
50 | аккредитив/ аудару |
60 | инкассо/ аудару |
70 | аккредитив/инкассо/ аудару |
80 | өтеусіз жеткізу |
99 | өзге есеп айырысу түрлері |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 5-қосымша |
Тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын, зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші
Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 № 415 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кодтар | Сипаты |
I0100 | Зияткерлiк меншiк объектiлерi жоқ тауарлар |
I0110 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар |
I0200 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 6-қосымша |
Зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша өтінішті электрондық беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші
Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 № 415 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кодтар | Сипаты |
I0001 | Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар |
I0002 | Құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат |
I0003 | Құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі |
I0004 | Өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты |
I0005 | "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 461-бабына сәйкес басқа құжаттар |