"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығымен бекітілген |
Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 31-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және алдын ала ақпаратты ұсынуы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Алдын ала ақпарат ұсынудың мақсаты мемлекеттік кірістер органымен тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕЭО) кедендік аумағына келгенге дейін тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау объектілерін, нысандарын және кедендік бақылау жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдауы үшін ЕЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілуі жоспарланатын тауарлар туралы мәліметтер алуы болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен алдын ала ақпаратты ұсыну кезіндегі тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл тәртібі
3. Тасымалдаушы өздері пайдаланатын ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпаратты қалыптастыруды жүзеге асырады және мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне жолдайды.
4. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара байланысы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңымен белгіленген талаптарға сәйкес интеграцияланған сервистер арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі тасымалдаушының ақпараттық жүйесінен (Тасымалдаушының АЖ) алдын ала ақпараттарды ала отырып, Комиссия айқындаған ұсынылған алдын-ала ақпараттың құрамына, құрылым мен форматына және (немесе) Кодекстің 31 бабының 7-тармағында көзделген талаптарына сәйкес тексеру жүргізеді.
Ұсынылған алдын ала ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, ол алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеледі және Тасымалдаушының АЖ жолданады.
Ұсынылған алдын-ала ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Тасымалдаушының АЖ-ына осындай бас тартудың себебі көрсетіліп, оны тіркеуден бас тарту туралы электрондық хабарламасы жолданады.
6. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл ерекшелігі көлік түріне, деректерді беру тәсілдеріне және оны пайдалану мақсаттары байланысты ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл технологиясына негізделеді.
3-тарау. Тасымалдаушының ақпараттық жүйесіне қойылатын техникалық талаптар
7. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне алдын ала ақпаратты табыс ету үшін тасымалдаушылар пайдаланатын ақпараттық жүйе Кодексте, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16506 тіркелген) көзделген талаптарға сәйкес келеді.