Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16580 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 428-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (А.М.Теңгебаев ) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________Ж.М.Қасымбек

      2018 жылғы 26 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 268 бұйрығымен
бекітілген

Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер
органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидалар "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 428-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары шегінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына іргелес аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдаланумен жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының таным белгілері (эмблемасы) және туы бар.

2-тарау. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының
су және әуе кемелерін пайдалану тәртібі

      4. Су және әуе кемелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары:

      1) Қазақстан Республикасы аумағының межелі ауданында кедендік бақылаудағы тауарлардың тасымалдануына, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуына кедендік қадағалауды жүзеге асыру;

      2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау, сондай-ақ контрабандаға және өзге де қылмыстарға қарсы күрес бойынша іс-шараларға қатысу;

      3) кедендік бақылауға жататын тауарлар заңсыз өткізіледі деп санауға жеткілікті негіз бар болса, көлік құралын тоқтату;

      4) тексеріп қарау топтарын бағыттауды және оларды әуеден, кедендік бақылауға және кедендік декларациялауға жататын тауарлар бар көлік құралдарына түсіруді жүзеге асыру;

      5) тексеріп қарау топтарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын кедендік бақылау және кедендік декларациялау орындарына жеткізу (түсіру);

      6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының, Еуразиялық одаққа қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының және халықаралық кеден ұйымдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізуге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-шараларға қатысу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген кедендік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де функцияларды орындау үшін пайдаланады.

      5. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану кезінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарынан және осы салада тиісті біліктілігі бар мамандардан тұратын су және әуе кемелері экипаждары құрылады.

      6. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастыратын адамның су немесе әуе кемелерін пайдалану туралы шешім қабылдауы;

      2) қозғалыс бағытын және экипаждың құрамын айқындау;

      3) экипаждың алдына қойылған кедендік бақылау міндеттерін орындау.

      7. Мемлекеттік кірістер органдары су және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде су және әуе кемелерін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

      8. Мемлекеттік кірістер органдарының су кемелері аталған құрылыстар иелерінің келісімі бойынша белгіленген тәртіппен пирстерде, айлақтарда орналастырылады.

      9. Мемлекеттік кірістер органдарының әуе кемелері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 бірлескен бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6922 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасында белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның әуеайлақтарына (тікұшақ әуеайлақтары) орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады