"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдаудың және конкурс өткізудің келесі мерзімдері бекітілсін:
1) құжаттарды қабылдау – 2018 жылғы 19 наурыз мен 31 тамыз аралығы;
2) конкурсты өткізу – 2018 жылғы 26 наурыз мен 30 қараша аралығы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 № 565 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. 2018 жылға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 бұйрығына қосымша |
2018 жылға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі
№ р/с | Мамандық | Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес мәндес мамандықтар |
Техникалық ғылымдар және технологиялар | ||
1. | Авиациялық техника және технологиялар |
Жаратылыстану ғылымдары: Механика, Физика. |
2. | Сәулет. Құрылыс |
Өнер: Архитектура, Дизайн. |
3. | Атом өнеркәсібі |
Жаратылыстану ғылымдары: Физика, Ядролық физика, Химия. |
4. | Биотехнология |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Информатика, Медициналық-биологиялық іс, Химия. |
5. | Геодезия. Геоинформациялық жүйелер. География және картография |
Жаратылыстану ғылымдары: География, Гидрология, Информатика, Метеорология, Физика. |
6. | Геология. Тау-кен iсі. Тау-кен инжинирингі |
Жаратылыстану ғылымдары: Механика. |
7. | Ақпараттық технологиялар мен жүйелер. Ақпараттық қауіпсіздік. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
Жаратылыстану ғылымдары: Информатика, Математика. |
8. | Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
Білім беру: Физика, Химия. |
9. | Машина жасау |
Білім беру: Физика. |
10. | Металлургия |
Білім беру: Физика, Химия. |
11. | Нанотехнологиялар және наноматериалдар |
Білім беру: Физика, Химия. |
12. | Мұнай-газ ісі |
Жаратылыстану ғылымдары: Химия. |
13. | Асқорыту қауіпсіздігі | Техникалық ғылымдар мен технологиялар: Биотехнология, Асқорыту қауіпсіздігі, Тамақ өнімдері технологиясы (салалар бойынша), Қайта өңдеу өндірістері технологиясы (салалар бойынша) |
14. | Радиотехника. Электроника. Телекоммуникация |
Жаратылыстану ғылымдары: Информатика, Математика, Механика, Физика. |
15. | Стандарттау, сертификаттау және метрология |
Жаратылыстану ғылымдары: Информатика, Математика, Химия. |
16. | Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы |
Техника ғылымдары және технологиялар: Биотехнология, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалары бойынша), Тамақ өнімдерінің технологиясы, Тамақ қауіпсіздігі, Технологиялық көліктер және жабдықтау (салалар бойынша). |
17. | Тамақ өнімдерінің технологиясы | Техника ғылымдары және технологиялар: Биотехнология, Тамақ қауіпсіздігі, Органикалық заттардың химиялық технологиясы, Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, Тамақ өнімдерінің технологиясы, Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), Стандарттау, сертификаттау және метрология. Ауыл шаруашылығы ғылымдары: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Жеміс-көкөніс шаруашылығы. |
18. | Көлік, көліктік техника және технология |
Техника ғылымдары және технологиялар: Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, Машина жасау, Аспап жасау, Көлік, көліктік техника және технология. |
19. | Энергетика |
Жаратылыстану ғылымдары: Физика, Ядролық физика. Техника ғылымдары және технологиялар: Өнеркәсіптік жылу энергетикасы, Жылу электр станциялары, Жылу энергетикасы, Техникалық физика, Электр энергетикасы, Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар, Электр энергетикалық жүйелер мен желілер. |
Жаратылыстану ғылымдары | ||
20. | Биология |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Химия, Экология. |
21. | Математика |
Жаратылыстану ғылымдары: Информатика, Математика, Механика, Физика. |
22. | Физика. Астрономия |
Жаратылыстану ғылымдары: Астрономия, Механика, Физика, Ядролық физика. |
23. | Химия |
Жаратылыстану ғылымдары: Химия. |
24. | Экология. Метеорология. Қоршаған ортаны қорғау |
Білім беру: Биология, География. |
Ауыл шаруашылығы ғылымдары | ||
25. | Агрономия. Агроинженерия |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология. |
26. | Ветеринария. Ветеринарлық медицина. |
Ветеринария: Ветеринарлық медицина, Ветеринарлық санитария. |
27. | Су ресурстары және суды пайдалану. Сумен жабдықтау |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Гидрология, Метерология, Физика, Экология. |
28. | Орман шаруашылығы ісі және аң шаруашылығы |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Экология. |
29. | Мелиорация, топырақ құнарлығын қалпына келтіру және жерді қорғау |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Химия. Білім беру: Биология, Химия. |
30. | Топырақтану және агрохимия |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Химия. |
31. | Өсімдіктерді қорғау және карантині және жеміс-көкөніс шаруашылығы. | Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Химия. Техника ғылымдары және технологиялар: Биотехнология. Ауыл шаруашылығы ғылымдары: Агрономия, Орман ресурстары және орман шаруашылығы, Топырақтану және агрохимия, Жеміс-көкөніс шаруашылығы, Өсімдіктерді қорғау және олардың карантині. |
32. | Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау |
Жаратылыстану ғылымдары: Биология. |
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және басқару | ||
33. | Арт-менеджмент. Өнертану |
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Экономика, Менеджмент, Маркетинг, Әлемдік экономика. |
34. | Бухгалтерлік есеп және аудит. Қаржы. Экономика. Маркетинг |
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Экономика, Есеп және аудит, Қаржы, Қаржы және несие, Әлемдік экономика, Маркетинг, Халықаралық экономика, Экономист-менеджер. |
35. | Мемлекеттік саясат. Саясаттану. Мемлекеттік басқару |
Құқық: Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Юриспруденция, Құқықтану.Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Мемлекеттік және жергілікті басқару, Мемлекеттік және муниципалды басқару, Журналистика, Менеджмент, Әлеуметтану, Саясаттану, Аймақтану, Елтану, Экономика, Әлемдік экономика, Қаржы, Халықаралық экономика, Халықаралық сауда, Қаржы және несие. |
36. | Журналистика және коммуникациялық менеджмент. Жұртшылықпен байланыс және жарнама |
Білім беру: Тарих, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті, Шет тілі: екі шет тілі, Қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті, Құқық және экономика негіздері, География. |
37. | Туризм саласындағы менеджмент |
Гуманитарлық ғылымдар: Тарих, Мәдениеттану, Аударма ісі, Қазақ филологиясы. |
38. | Технологиялар менеджменті. Инновациялық менеджмент |
Жаратылыстану ғылымдары: Физика, Химия. |
39. | Операциялық менеджмент және логистика. Тасымалдауларды ұйымдастыру |
Қызметтер: Көлік тасымалын, қозғалысын және оны пайдалануды ұйымдастыру, Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау, Логистика (салалары бойынша). |
40. | Педагогика және психология |
Білім беру: Педагогика және психология, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі, Бастапқы әскери даярлық, Дефектология, Музыкалық білім, Сурет өнері және сызу, Дене шынықтыру және спорт, Математика, Физика, Информатика, Химия, Биология, Тарих, Құқық және экономика негіздері, География, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті, Шет тілі: екі шет тілі, Кәсіптік оқыту, Қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Шет филологиясы: ағылшын тілі. |
41. | Психология | Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Психология, Педагогика және психология. |
42. | Әлеуметтану |
Білім беру: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі, Педагогика және психология, Бастапқы әскери дайындық, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Дефектология. |
43. | Спорт менеджментi. Дене шынықтыру және спорт |
Білім беру: Дене шынықтыру және спорт, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі, Педагогика және психология. |
44. | Білім саласындағы басқару |
Білім беру: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Тарих, Құқық және экономика негіздері, Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі, Педагогика және психология, Кәсіптік оқыту, Шет тілі: екі шет тілі, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті, Қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті, Ұлттық мектепте орыс тілі және әдебиет. |
45. | Адами ресурстарды басқару. Жобаларды басқару |
Гуманитарлық ғылымдар: Менеджмент, Халықаралық қатынастар, Аударма ісі, Шет тілі: екі шет тілі.Білім беру: Құқық және экономика негіздері, Педагогика және психология, Менеджмент. |
Гуманитарлық ғылымдар | ||
46. | Археология және этнология. Антропология |
Гуманитарлық ғылымдар: Археология және этнология, Тарих, Мәдениеттану, Дінтану, Социология, Теология, Түркітану, Философия. |
47. | Тарих |
Білім беру: Тарих, Құқық және экономика негіздері, География, Кәсіптік оқыту, Педагогика және психология. |
48. | Халықаралық қатынастар |
Гуманитарлық ғылымдар: Халықаралық қатынастар, Тарих, Мәдениеттану, Дінтану, Шығыстану, Аударма ісі, Теология, Түркітану. |
49. | Аударма ісі | Білім беру: Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті, Шет тілі: екі шет тілі. Гуманитарлық ғылымдар: Халықаралық қатынастар, Филология, Аударма ісі, Шет филологиясы, Шығыстану, Түркітану. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Журналистика. |
50. | Құқық |
Білім беру: Құқық және экономика негіздері.Құқық: Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану, Кеден ісі, Юриспруденция. |
51. | Дiнтану. Теология. Шығыстану | Білім беру: Тарих, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.Гуманитарлық ғылымдар: Философия, Халықаралық қатынастар, Тарих, Мәдениеттану, Филология, Дінтану, Аударма ісі, Археология және этнология, Шығыстану, Шет филологиясы, Теология, Түркітану.Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Әлеуметтану, Саясаттану, Журналистика, Өңіртану, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Қоғаммен байланыс. |
52. | Филология. Лингвистика | Білім беру: Педагогика және психология, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті, Шет тілі: екі шет тілі, Қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті.Гуманитарлық ғылымдар: Философия, Филология, Аударма ісі, Шет филологиясы.Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Журналистика. |
Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар | ||
53. | Акушерлік және гинекология | Клиникалық зертханалық диагностика:Вирусология. Медициналық-профилактикалық (санитарлық гигиена), медициналық-биологиялық және биологиялық бейіндер: Вирусология, Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
54. |
Аллергология және клиникалық | Балалар аллергологиясы және иммунологиясы (бейіні бойынша), Емдеу ісі, Жалпы медицина, Педиатрия, Терапия, Жалпы дәрігерлік практика. |
55. | Анестезиология, реаниматология және интенсивті терапия | Денсаулық сақтау менеджменті, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейірбике ісі, Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (статистика, әдіснама), Жалпы гигиена, Емдеу ісі, Жалпы медицина, Медициналық-профилактикалық ісі. |
56. | Ангиология | Жалпы медицина, Емдеу ісі, Мейірбике іс. |
57. | Вирусология | Клиникалық зертханалық диагностика: Вирусология. Медициналық- профилактикалық (санитарлық-гигиена), медициналық-биологиялық және биологиялық бейін: Вирусология, Жалпы медицина, Фармация, Токсикология, Химия, Медициналық-профилактикалық іс. |
58. | Ішкі аурулар | Жалпы медицина, Емдеу ісі. |
59. | Жалпы тәжірибелік дәрігер | Емдеу ісі, Жалпы медицина, Педиатрия, Терапия, Жалпы дәрігерлік тәжірибе. |
60. | Кардиология | Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
61. | Сәулелік диагностика | Сәулелік диагностика (рентгенология, радиология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография және рентгенохирургия , эндоскопия), Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
62. | Неврология | Неврология (бейіні бойынша), Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
63. | Шұғыл медициналық көмек | Емдеу ісі, Жалпы медицина, Педиатрия, Терапия, Жалпы дәрігерлік практика. |
64. | Нефрология | Нефрология (бейіні бойынша), Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
65. | Қоғамдық денсаулықты сақтау | Денсаулық сақтау менеджменті, Қоғамдық денсаулықты сақтау, Мейірбике ісі, Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру, оның ішінде санитарлық- эпидимиологиялық қызмет (статистика, әдістеме), Жалпы гигиена, Емдеу ісі, Жалпы медицина. Медициналық-профилактикалық іс |
66. | Офтальмология | Офтальмология (бейіні бойынша), Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
67. | Педиатрия. Неонатология | Педиатрия. Неонатология (бейіні бойынша), Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
68. | Реабилитология | Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
69. | Мейірбике ісі | Жалпы медицина, Мейірбике ісі, Фармация, Токсикология, Химия, Қоғамдық денсаулық сақтау. |
70. | Спорттық медицина | Жалпы медицина, Спорттық медицина, Травматология-ортопедия, Медициналық реабилитология, Қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру), Токсикология, Гигиена және токсикология, Тамақтану гигиенасы, Диетология. |
71. | Стоматология | Емдеу ісі, Стоматология. |
72. | Трансплантология | Емдеу ісі. |
73. | Фармакология, фармацевтикалық химия | Жалпы медицина, Фармация, Токсикология, Химия, Емдеу ісі, Биотехнология. |
74. | Фтизиатрия | Емдеу ісі, Жалпы медицина. |
75. | Хирургия | Емдеу ісі, Жалпы медицина. |