"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 16732 болып тіркелді. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10601 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Н.В. Панға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 494 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидалары

1 Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Патент заңы) сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру тәртібін регламенттейді.

      2. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын (бұдан әрі – атақ) беру маңызды моральдық ынталандырудың бірі, азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттері мен дарындылығын қоғамның мойындағанын білдіру болып табылады және азаматтардың инновациялық белсенділігін арттыруды, олардың Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жұмсаған күш-жігерін көтермелеуге арналады.

2 Тарау. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру тәртібі

      3. Патент заңының 4-1 тармағында көзделген сараптама ұйымының бұйрығымен (бұдан әрі – сараптама ұйымы), құрамына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган), мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, патенттеу саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, сараптама ұйымының қызметкерлері кіретін атақ беру жөніндегі ұсынымдарды қарайтын конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      4. Атақ әр жылдың екінші тоқсанында сараптама ұйымы өткізетін конкурстың нәтижелері бойынша неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

      5. Комиссияның жұмыс органы сараптамалық ұйым болып табылады.

      Комиссия құрамына комиссияның төраға, төрағаның орынбасары, мүшелері және хатшысы кіреді. Комиссия төрағасы отырыстарға төрағалық етеді, қабылданған шешімдерге жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағаның шешімімен ол болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Комиссияның хатшысы сараптама ұйымының қызметкері болып табылады.

      6. Комиссияның отырыстары комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледi.

      Конкурстық материалдар комиссиясының сараптамасының нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір қатысушысы әр кандидатқа осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеңімпазды анықтау үшін бағалау параққа толтырады.

      Комиссия шешімі бағалау парақтарының негізінде хаттамада ресімделеді.

      7. Атақ беру туралы ұсынымдар (бұдан әрі – ұсынымдар) білдіруге:

      1) уәкілетті орган;

      2) мемлекеттік органдар;

      3) ғылыми ұйымдар немесе қоғамдық бірлестіктер;

      4) кәсiпорын, мекеме немесе ұйым бастамашы болады.

      8. Ұсынымдар еркін нысанда сараптама ұйымына жыл сайын бірінші мамырға дейін беріледі.

      9. Өтiнiшке мемлекеттiк органның, ғылыми ұйымның немесе қоғамдық бiрлестiктiң (немесе оның мiндеттерiн атқаратын адамның) негiзгi (тұрақты) жұмыс орнында бiрiншi басшысы қол қояды, сондай-ақ ұсынылған кандидаттың өнертабысын (өнертабыстарын) жүзеге асырған кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның бiрiншi басшысы болуға тиiс, үміткердің тегі, аты, (егер бар болса) әкесінің аты атағы үшін өз номинациясы өнертабыстық қызметінің негізгі бағытын, өнеркәсіп үшін мәні, барлығы патенттер саны, авторлық куәліктер, өнертабысты жүзеге асыру туралы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың пікірінің болуы, өнертапқыштық үшін ынталандыру мен наградалар, басқа да облыстардың осы күнге дейін соңғы үш жылда өнертабыстық қызметтің нәтижелерін, практикалық қолдану кандидаттың еңбегі мен жетістіктерін көрсететін іс-әрекеттер.

      Ұсынымға:

      1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыс туралы пікірлер, рецензиялар және басқа да материалдар қоса беріледі.

      10. Келіп түскен ұсынымдарды жыл сайын оныншы мамырға дейін олар бойынша шешімдер қабылдау үшін комиссияның қарауына жіберіледі.

      11. Комиссия үміткердің өнертапқыштық қызметке қосқан үлесі үшін келесі критерийлерді ескереді:

      1) өнертабысқа патенттiң болуы;

      2) экономиканың түрлі салаларында патенттелген өнертабыстарды енгізу мен қолданудың нәтижелері (кәсiпорынның (мекемелердiң, ұйымдардың), ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғаның, өнертабыстарды орындау актiлерiн iске асыру жөнiндегi пікірі);

      3) алынған патенттердің жалпы саны (алдын ала және инновациялық патенттер), олардың ішінде қолданылған.

      12. Комиссия берілген ұсынымдарды түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссия ең жоғары балл алған адамға (адамдарға) қатысты атақ (атақтары) беру туралы шешімді қабылдайды.

      13. Сараптама ұйымның басшылығы комиссия шешім қабылдаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде атақ (атақтары) беру туралы бұйрық шығарады.

      14. Уәкілетті органның басшылығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышына дипломды және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" естелік лентасын салтанатты түрде тапсырады.

  "Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген өнертапқышы"
атағын беру қағидаларына
қосымша
нысан

Жеңімпаздарын анықтау үшін бағалау парағы

      Тегі, аты, жөні ______________________________________________________


Бағалау критерийлері

1-ден 5-ке дейін баға

Өнертабысқа патенттiң болуы


Экономиканың түрлі салаларында патенттелген өнертабыстарды енгізу мен қолданудың нәтижелері (кәсiпорынның (мекемелердiң, ұйымдардың), ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғаның, өнертабыстарды орындау актiлерiн iске асыру жөнiндегi пікірі)


Алынған патенттердің жалпы саны (алдын ала және инновациялық патенттер), олардың ішінде қолданылған


      Конкурстык комиссияның мүшесі ____________________ _____________ ТАЖ қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады