"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 16738 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11030 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн.

      Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

      1-кезең: келісетін органдардың оң қорытындысымен бірге көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауы – күнтізбелік 21 күн;

      2-кезең: Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны әскери есептен шығару және әскери билетті тапсыру (әскери міндетті болса) есептен, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру орны бойынша тіркеуден есептен шығару үшін, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжатты беру, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім шығару не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама беру – күнтізбелік 1 күн;

      3-кезең: көрсетілетін қызметті алушыны әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысты болған жағдайда) және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығару – күнтізбелік 7 күн;

      4-кезең: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім түрінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру –күнтізбелік 1 күн.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді хабарлама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексiнiң (Салық кодексi) 613-бабына сәйкес – 1 айлық есептiк көрсеткiш.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет алуға өтінішті берген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкiлдерi (ата-анасы, қамқоршылары, қорғаншылары) жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар өкілдікке өкілеттікті растайтын құжаттар (балалар және сот әрекетсіз деп таныған азаматтар үшін) ұсынады:

      1 - кезең:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      3) егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы кодексінің 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі;

      4) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

      5) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

      6) мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы мәліметтер болмаған жағдайда кету туралы өтініш білдірген азамат осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың ел аумағында тіркелу фактісін анықтау үшін ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінеді.

      Барлық құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан не Мемлекеттік корпорация қызметкерінен құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, балалардың туу туралы куәліктері, ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлеугенін растайтын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

      2 - кезең:

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға құжаттар ресімдеу туралы оң шешім болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығару үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжатты береді.

      3 - кезең:

      көрсетілетін қызметті алушыны әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысы болса);

      көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығу.

      Қазақстан Республикасының азаматтары әскери есептен шығу (Қазақстан Республикасының әскери міндетті азаматтары үшін), Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация қызметкеріне күнтізбелік 7 күн ішінде әскери есептен шығарылғаны және әскери билеттi тапсырғаны туралы анықтама ұсынады.

      4 - кезең:

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін  көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүзеге асырады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге береді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1 қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 16 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 194 бұйрығына
1-қосымша
  "Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешiм

      ____________________ тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге

      байланысты азамат (ша)____________________________________

      (шығу елікөрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін) Қазақстан

      Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат етілді.

      Онымен бірге балалары: ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін) барады.

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарған сәттен бастап шығуды 10 күн ішінде жүзеге асыруы қажет. Кері жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 492-бабына сәйкес тіркеусіз тұрғаны үшін жауапкершілік басталады. Көрсетілген мерзімде шығу мүмкін болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қалпына келтіру қажет.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон қызметі бөлінісі лауазымды

      адамының қолы) М.О.

      Орындаушы: _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефоны __________ 20__ жылғы "___" _________

      Алдым:_____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20__ жылғы"___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 194 бұйрығына
2-қосымша
  "Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-1-қосымша
нысан

Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарлама

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген

      негіздерге, атап атқанда:

      1.________________________________________-_________________дейiн;

      2.________________________________________-_________________дейiн;

      3.________________________________________-_________________дейiн.

      байланысты "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы

      ________________________________________хабарлаймыз.

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

      Хабарлама әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалған

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон қызметі бөлінісі лауазымды адамының қолы) М.О.

      Орындаушы:_________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефоны __________

      Алдым:_____________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 194 бұйрығына
3-қосымша
  "Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      Осы қолхат _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)

      берілді және "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдағанын растайды.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжатты алу үшін, әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысы болса) және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру орны бойынша тіркеуден есептен шығару үшін, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге 20 ___ "___" _________келуі қажет.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаған: ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефоны ___________________

      Алдым: ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/

      көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20 ___ жылғы "_____"__________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 194 бұйрығына
4-қосымша
  "Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-1-қосымша
нысан

Әскери есептен шығаруға және тіркеуден шығаруға арналған Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжат

      Осы _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды оң қарауға байланысты:

      әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысы болса);

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығу үшін жолдама береді.

      Мерзімі 20__ жылғы "___" __________________ дейін

      Ескертпе: Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 7 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге әскери есептен (әскери міндетті болса) шыққаны туралы анықтаманы ұсынбаған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарлама шығарады.

      Әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      М.О.

      Орындаушы:

      _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефоны _______________________________

      Алдым:___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20__ жылғы "___" __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады