"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 сәуірде № 16801 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10761 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" Ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін";

      2) тармақша алып тасталсын.

      Ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша алдын ала тергеуді және анықтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне (М.С. Әміров) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 267 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 267 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру бойынша осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі - ҚК), Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - Заң), басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және ІІО тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметінің тәртібін нақтылайды.

      2. Тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің жүйесін мыналар қалыпастырады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратында Тергеу департаменті (бұдан әрі – ТД) және аумақтық ІІО, онда басқармалар (өңірлік басқармалар), бөлімдер, бөлімшелер, топтар құрылады.

      3. Құзырет шегінде тергеу, анықтау бөліністері және әскери-тергеу бөліністері қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырады.

      4. Қылмыстық істерді тергеу барысына ведомстволық бақылауды:

      орталық аппаратта және аумақтық ІІО-да – министрдің тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, ТД бастығы мен оның орынбасарлары, ТД басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      Республикалық маңызы бар Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі Ішкі істер департаменттерінде (бұдан әрі – ІІД, КІІД), қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), желілік ішкі істер бөлімдерінде (бұдан әрі – қалалық, аудандық, желілік органдар) – ІІД, КІІД бастығының тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, басқарма, бөлімнің, бөлімшенің бастықтары және олардың орынбасарлары;

      ІІД, КІІД бастығының тергеуге жетекшілік ететін орынбасары өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің өндірісіндегі қылмыстық істерді тергеу барысына бақылауды жүзеге асырады.

      Өңірлік әскери-тергеу басқармаларында (бұдан әрі - ӨӘТБ), бөлімдер мен топтарда (бұдан әрі - бөлімдер) – ӨӘТБ-нің бастықтары мен олардың орынбасарлары.

2-тарау. Тергеу департаменті қызметінің ұйымдастырылуы

      5. ТД-ның қызметі жедел және стратегиялық жұмыс жоспарларының негізінде аймақтық және мәндік қағидат бойынша ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара тығыз іс-қимыл жасаса отырып ұйымдастырылады.

      6. ТД-ны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бастық басқарады.

      ТД бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.

      ТД-ның бастығы Тергеу департаментінің қызметіне жалпы басшылық етеді және жүктелген мақсаттарды орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыруды бақылайды.

      ТД-ның бастығы ІІМ басшылығына ТД-ның құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.

3-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттері басқармаларының жұмысын ұйымдастыру

1-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттері Тергеу басқармасының жұмысын ұйымдастыру

      7. Аумақтық ІІО-да тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру ІІД, КІІД-нің Тергеу басқармаларына, ал ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде тікелей ІІМ-нің өкілдік басшыларына жүктеледі.

      8. ІІД, КІІД Тергеу басқармасының қызметі қылмыстық-процестік заңнамаға, ведомстволық нормативтік актілерге, қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру қағидаттарына негізделген ІІД, КІІД-нің басқа да қызметтерімен және тиісті құқық қорғау, бақылау жасайтын ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасасу үшін пәндік-аймақтық қағидат бойынша ұйымдастырылады.

      9. ІІД, КІІД Тергеу басқармасы:

      1) қоғамдық резонансқа ие болған, ауданаралық сипатқа ие немесе көлік магистралінің бірнеше телімдерінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ мынадай:

      жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жарияланған және ҚПК-ның 45-бабының 7-бөлігінде көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімдері үзілген істер бойынша;

      ІІМ-нің бақылауындағы;

      ІІД, КІІД бастығы мен оның тергеуге жетекшілік ететін орынбасары бақылауына алған;

      ашылмаған қасақана адам өлтіру туралы;

      азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалу фактілері бойынша;

      аса ірі көлемде залал келтірумен мүліктік қылмыстар, оның ішінде алаяқтықтар бойынша;

      прокурорлар тоқтату туралы шешімдердің күшін жойған;

      адам өлтіру және жас балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша;

      тапсырыстық сипаттағы кісі өлтіру бойынша;

      қоғамдық резонансқа ие болған 2 адамнан көп кісі өлтіру бойынша;

      ауыр салдарға әкеп соққан жаппай тәртіпсіздіктер немесе топтық қақтығыстар бойынша;

      шетелдіктер жасаған және оларға қатысты жасалған;

      прокурор қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған;

      тергеудің не айыпталушыларды қамауда ұстаудың мерзімі ұзартылған істер бойынша тікелей тергеуді бақылайды және ұйымдастырады.

      2) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша жұмысты күшейтуге, заңдылықтың нығаюына бағытталған келісілген іс-шараларды әзірлейді.

      3) бұйрықтардың, нұсқаулардың жоспарларын және әдістемелік құжаттарды дайындайды. ІІД, КІІД-нің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын ескере отырып, әдістемелік сипаттағы құжаттарды шығарады және бақыланатын тергеу бөліністеріне жолдайды. Оларда жасаудың тәсілдері, оларды ашудың әдеттегі әдістері, тергеудің тиімді тәсілдері көрсетіледі;

      4) тергеу бөліністері жұмысының жағдайын тексеру және оны ұйымдастыруда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуда және тергеуде практикалық көмек көрсету үшін төмендегі бөліністерге шығады, белгіленген тәртіпте бірлескен кеңестерді, семинарлар мен қылмыстылыққа қарсы күресті күшейту, тергеу және жедел-іздестіру қызметтердің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша шығады;

      5) мыналарды:

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды тез және толық ашу үшін тергеушілердің, анықтаушылардың және анықтау функцияларын орындайтын бөліністердің өзара іс-қимыл жасасуын;

      тергеушілердің тиісті жедел, криминалистикалық және басқа қызметтердің қызметкерлерімен оқиға орындарына уақтылы шығуын;

      қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттерінің және жедел-іздестіру іс-шараларының орындалуын;

      сараптамаларды тағайындаудың және жүргізудің уақтылығын, алынған нәтижелердің толықтығын, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу барысы туралы жалпы ақпаратпен алмасуды және іс бойынша жиналған дәлелдемелердің бірлесіп талқылауын;

      ҚПК-ның 240-бабының 1-1-бөлігі белгілеген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан артық емес мерзімде жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамға хабарландыру жолдаудың уақтылығын;

      тергеушілердің азаматтық талап-арыз бөлігінде үкімнің немесе басқа мүліктік талаптардың не мүлікті болжамды тәркілеудің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚПК-ның 161-бабына сәйкес меншікке тыйым салу бойынша уақтылы шаралар қабылдауын және меншікке билік етуге уақытша шектеу мерзімдерінің сақталуын бақылайды;

      6) қарамағындағы аппараттардың қылмыстық істер бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды анықтауға және іздестіруге шаралар қабылдаудың уақтылығын тексереді, анықталған кемшіліктерді анықтауда қажетті көмек көрсетеді;

      7) ІІМ-нен және прокуратура органдарынан келіп түскен, олардың бақылауына алынған азаматтардың хаттарын, шағымдарын қарауға бақылауды жүзеге асырады;

      8) ІІМ басшылығының, ТД-ның және ІІД, КІІД-нің бақылауындағы қылмыстық істерді он күн сайын зерделейді;

      9) мынадай қылмыстық істерді ай сайын зерделейді:

      ҚПК 45-бабының 7-бөлігінде көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі үзілгендер бойынша. Тергеудің толықтылығы мен объективтілігі, іздестіруге жариялаудың, бұлтартпау шарасын таңдаудың негізділігі мен уақтылығы, іздестіру ісінің болуы, іздестіру аппараттарының және өңірдің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының деректерін салыстыра тексерудің болуы тексеріледі;

      ашылмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы. Тергеудің толықтығы, тергеудің сапасы, қылмыстық құқық бұзушылықты ашу үшін барлық қажетті шаралардың қабылдануы, заттай дәлелдемелердің болуы, оларды зерттеуді және қылмыстық құқық бұзушылықты ашу үшін пайдалануы тексеріледі;

      прокурорлар тоқтату туралы шешімдердің күшін бұзғандар бойынша. Қабылданған шешімнің объективтілігі, заңдылығы тексеріледі, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқау жолданады, не келіспеген жағдайда уәкілетті прокурор алдында қабылданған шешімнің күшін жою немесе оны өзгерту туралы өтінішхат дайындалады.

      Осы санаттардағы қылмыстық істерді зерделеудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктер мен жұмыстағы олқылықтарды, осыған ықпалдасқан себептер мен жағдайларды, зерделеудің нәтижелерін іске асырудың ұсынылатын нұсқаулары, оларды жоюдың жолдары мен тәсілдері көрсетіле отырып, ай сайын анықтамалық ақпарат әзірленеді.

      10) сотқа жолданатын қылмыстық істерді зерделейді. Тергеушілердің кәсіби деңгейін арттыру және қылмыстылыққа қарсы күресте олардың ролін арттыру мақсатында қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашудың және сәтті тергеудің оң тәжірибесі жалпыланады және таратылады;

      11) ТД-ға мыналарды ұсынады:

      қылмыстық істер және тергеу жұмысының жекелеген бағыттары бойынша, азаматтарды ұстау, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық жауапкершілікке тарту кезінде заңдылықтың жағдайы туралы ақпаратты;

      ІІМ-нің бақылауына алынған азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың және лауазымды адамдардың арыздары мен шағымдары бойынша ақпаратты;

      12) тергеушілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың, оның ішінде заңсыз ұстаудың, қамаудың және қамауда ұстаудың әрбір фактісі бойынша ақпаратты тәулік ішінде ТД-ға жолдайды;

      Тергеу сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың барлық фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізеді, кінәлі адамға қатысты қабылданған шаралар туралы ІІД, КІІД бастығының бұйрығын қоса отырып, нәтижелері күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей ТД-ға ұсынады;

      13) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы хадықаралық тапсырмаларды орындау және олардың нәтижелері туралы мәліметтерді тікелей бастамашыға жолдайды.

      14) тергеу кадрларын сұрыптауды және орналастыруды жүзеге асырады, оларды көтермелеу не жазалау, өқызметі бойынша ауыстыру туралы ұсыныстарды енгізеді.

      10. ІІД, КІІД Тергеу басқармалары өңірлердегі қылмыстылықтың жай-күйі, оның санаттары мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша оның динамикасы туралы ұдайы негізде ақпарат жинауды және жинақтауды жүзеге асырады, бұл үшін тиісті ақпараттың түрлері бойынша арнайы папкалар басталады. Алынған ақпаратты талдаудың негізінде ай сайын заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, қызметте нақты өзгерістерге қол жеткізу бойынша шараларды әзірлей отырып, анықтамалар жасалады.

      11. ІІД, КІІД Тергеу басқармасы инспекциялауды және мақсатты тексерістерді, тергеу бөліністерінің басшыларын есептерімен бірге шақыруды дербес немесе басқа қызметтермен бірлесіп, ІІД, КІІД-нің жұмыс жоспарларына сәйкес немесе тергеу бөлінісінің жұмысындағы кемшіліктерге ден қою тәртібінде жүргізеді.

      Тексерістер тергеу бөлінісі қызметінің жай-күйін, өңір ерекшеліктерін, қылмыс деңгейін мұқият талдаудың негізінде жоспарланады және жүргізіледі. Тергеушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтауы тексеріледі. Олардың қызметінің нәтижелерін жақсартуда міндетті түрде әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі.

      12. Қылмыстылыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы деректерді кешенді талдаудың, тергеу жұмысы нәтижелерінің, инспекциялау, тексеріс материалдарының және басқа да ақпараттарының негізінде ІІД, КІІД Тергеу басқармалары тоқсан сайын жоспарлар әзірлейді. Жоспарларға сәйкес тергеудің сапасын және ведомстволық бақылаудың деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, тергеу жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдердің және практикалық шаралардың уақтылы қабылдануы қамтамасыз етіледі.

      13. Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру екі желі: ІІМ ұйымдастыратын тергеу кадрларының біліктілігін орталықтандырылған арттыру және ІІМ-нің тақырыптық жоспары бойынша ІІД, КІІД-дегі қызметтік даярлық жүйесінде оқыту бойынша жүзеге асырылады.

      14. Тергеу басқармасының бастығы процеске қатысушылардың сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыратын адамдардың іс-әрекеттеріне және әрекетсіздігіне шағымдардың уақтылы және толық шешілуін қамтамасыз етеді.

2-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттерінде Анықтау басқармасының жұмысын ұйымдастыру

      15. ІІД (КІІД) Анықтау басқармасына (бөлімшесіне) (бұдан әрі – Анықтау басқармасы) анықтау нысанында, хаттамалық нысанда (ҚПК-ның 189-бабы) және бұйрықтық өндіріс тәртібінде (ҚПК-ның 629-1-бабы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қызметті ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету және ұдайы талдау жүргізу жүктеледі.

      16. Анықтау бөлімдері мен анықтауды жүргізу функциялары берілген қызметтердің процестік жұмысының жай-күйі туралы деректерді талдау, инспекциялау, тексеру материалдары, басқа ақпарат негізінде Анықтау басқармасы тоқсандық жоспарлар әзірлейді, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасын және процестік бақылау деңгейін арттыруға бағытталған ic-шаралар жүргізеді, жұмыста кемшіліктерді жою бойынша шешімдер мен практикалық шараларды уақтылы қабылдайды.

      17. Қалалық, аудандық, желілік органдардың кешенді, нысаналы тексерістерін Анықтау басқармасы ІІД, КІІД жұмыс жоспарларына сәйкес дербес немесе басқа да қызметтермен бірлесіп, сондай-ақ жедел жағдайдың шиеленісуіне, процестік қызметтегі кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға ден қою мақсатында ІІД, КІІД басшылығымен келісім бойынша жүргізеді.

      18. Анықтау басқармасы:

      IIM-нің, ІІД, КІІД басшылығының бақылауындағы;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері және күдіктіні күзетпен ұстау мерзімі ұзартылғандар;

      бұйрықтық өндіріс тәртібінде тергелген қылмыстық істерді;

      шетелдіктер жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;

      екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан, шетелдік азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің, IIO қызметкерлерінің катысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының фактілері туралы;

      адамдардың өліміне және ipi мөлшерде залалға әкеп соққан өрттер туралы;

      қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша бақылауды жүзеге асырады.

      19. Анықтау басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша салалық қызметтермен, басқа мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл жасасады, атап айтқанда:

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу, заңдылықты нығайту жөніндегі бірлескен ic-шараларды әзірлейді және келіседі, бұйрықтардың, нұсқаулардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, әдістемелік ұсынымдар, қылмыстық істердің макеттерін дайындайды, белгіленген тәртіпте қылмыстық процестік жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен кеңестер, семинарлар және басқа ic-шаралар өткізеді;

      анықтау бөліністерінің басқа қызметтермен тиімді өзара ic-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына, қылмыстық істер бойынша жеке тапсырмаларды орындауға қатысты мәселелерді бірлесіп талқылауды, мүдделі қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды анықтау және іздестіру бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын тексеруді ұйымдастырады, анықталған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетеді.

      20. Заңдылықты және тәртіпті бұзу фактілері бойынша Анықтау басқармасы қызметтік тергеу жүргізеді. Заңдылықты және тәртіпті сақтау мәселелерін Анықтау басқармасы тоқсанына кемінде 1 рет қарайды.

      21. Анықтау басқармасы анықтаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі ic-шараларды ұдайы өткізеді, озық тәжірибені жинақтайды және таратады, кадр аппаратымен бірлесіп, Анықтау бөліністерінде жұмыс icтey үшін қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қалалық, аудандық, желілік органдарға қызметтік іссапарларға шыққан кезде Анықтау басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмысты тексеріп, оны жақсартуға көмек көрсетеді.

      22. Анықтау басқармасы ТД-ның Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасына ай сайын есеп беру кезеңінен кейін 5-і күнінен кешіктірмей:

      анықтау нысанында, бұйрықтық өндіріс тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша ІІО жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратты және қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын сақтаудың жай-күйінің нашарлау себебін көрсете отырып, жұмыс көрсеткіштері бойынша түсіндірме жазба;

      қылмыстық тepic қылықтарды сотқа дейінгі және бұйрықтық өндірісі тәртібінде тергеп-тексерудің практикасы туралы ақпарат;

      анықтау бөліністерінде есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйі туралы ақпаратты және ІІД, КІІД-нің жазалау туралы бұйрығының көшірмесін қоса отырып, қызметтік тергеудің нәтижелерін;

      жол-көлік оқиғаларымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасы туралы ақпарат;

      сот шешімдерін орындамаумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасы туралы ақпарат;

      өрттермен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің практикасы туралы ақпарат;

      ІІМ бақылауға алған қылмыстық істер бойынша ақпарат ұсынады.

      Өзге ақпарат қажеттілігіне қарай ТД-ның Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасы белгілеген мерзімде ұсынылады.

      23. Анықтау басқармасы анықтау бөліністерінің қызметкерлеріне катысты қылмыстық істер қозғаудың, адамдардың өліміне және ірі залалға әкеп соққан өрттердің, сондай-ақ шетелдік азаматтардың, мемлекеттік қызметшілердің, IIO қызметкерлерінің қатысуымен, екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының әрбір фактісі бойынша ТД-ға арнайы хабарламаны дереу жолдайды.

3-параграф. Ішкі істер органдары Өңірлік әскери-тергеу басқармалары жұмысының қызметін ұйымдастыру

      24. Өңірлік әскери-тергеу басқармаларының жұмысын ұйымдастыру тікелей олардың басшыларына жүктеледі.

      25. ӨӘТБ бастықтары және олардың орынбасарлары заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша шаралар әзірлей отырып, ұдайы негізде өңірлердегі қылмыстылықтың жай-күйін, қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаттары мен түрлері бойынша оның динамикасын талдайды, ӨӘТБ-нің қызметін ұйымдастыру бойынша бұйрықтар мен нұсқауларды шығарады.

      26. Қылмыстылықтың жай-күйі туралы деректерді кешенді талдау және әскери-тергеу бөліністер қызметін нәтижелері негізінде тоқсандық жоспарлар әзірленеді. Оларға сәйкес жұмыстың тиімділігін арттыруға және заңдылықты және құқық тәртіпті сақтауды арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, кемшіліктерді жою бойынша қызметте нақты өзгерістерге қол жеткізіледі.

      27. Бақыланатын тергеу және жедел бөліністер жұмысының жағдайын тексеруді жүзеге асырады және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуда және тергеуде практикалық көмек көрсетеді.

      28. ӨӘТБ бастықтарына және олардың орынбасарларына қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мынадай міндеттер жүктеледі:

      1) бағынысты тергеу және жедел бөліністердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, олардың қызметін тексеру, іс-шаралар әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

      2) жедел жұмысты ұйымдастыру, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, ескертуді, жолын кесуді және ашуды, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді қамтамасыз ету;

      3) ІІО-ның басқа қызметтерімен және мүдделі ведомстволарымен бірлесіп, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, ескертуге, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды іздестіруге бағытталған іс-шаралардың жоспарларын әзірлеу;

      4) белгіленген тәртіпте бірлескен кеңестер мен тергеу және жедел қызметтерінің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша басқа іс-шараларды өткізу;

      5) қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, абыройын және мүлкін қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      6) қылмыстық істер бойынша азаматтарды, оның ішінде жәбірленушілер мен күдіктілерді жеке қабылдауды жүзеге асыру, процеске қатысушылардан сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыратын адамдардың іс-әрекеттеріне және әрекетсіздігіне шағымдарды шешу;

      7) бөліністерде тергеушілер мен жедел қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайларда қызметін, олардың мемлекеттік қызметшінің этикасын және қызметтік-әскери тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету;

      8) ӨӘТБ тергеушілерінің тікелей қылмыстық істерді тергеуін ұйымдастыру;

      9) тергеушілердің алдын ала тергеуді жүргізуін және заңдылықты сақтауын процестік бақылауды жүзеге асыру, бақылаудағы қылмыстық істерді тергеуде көмек көрсету, осы істер бойынша қадағалау ісін жүргізу;

      10) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, ескертуді, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді үйлестіру, қажет болған жағдайларда жедел-тергеу топтарын құру;

      11) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді, тергеу және жедел іс-шаралардың уақтылы өткізілуін тексеру мақсатында қылмыстық істерді зерделеу;

      12) Қазақстан Республикасының әскери соты қарауға тиісті қылмыстық істерді зерделеу және олар бойынша процестік шешімдердің негізділігі туралы қорытынды жасау;

      13) ІІМ-нің, ТД-ның, ТД Әскери-тергеу басқармасының (бұдан әрі - ӘТБ) және ӨӘТБ бастығының бақылауындағы қылмыстық істердің тергелу барысын бақылауды жүзеге асыру, олар бойынша он күн сайын ТД ӘТБ-ға ақпарат ұсыну;

      14) заңсыз ұстау, күзет қамауында ұстау, күзет қамауынан босату, қылмыстық-процестік заңнаманың нормалары мен азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері бойынша ТД ӘТБ-ға уақтылы ақпарат ұсыну, сондай-ақ осы және басқа бұзушылықтар, прокурорлық ден қою актілері, соттардың жеке қаулылары бойынша қызметтік тергеу жүргізу;

      15) статистикалық және өзге ақпаратты талдау, тергеу және жедел жұмыстың сапасын жақсарту бойынша шаралар әзірлеу және іске асыру;

      16) мерзімдерді үзудің және қылмыстық істерді қысқартудың негізділігін зерделеу, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды және нұсқауларды пысықтау;

      17) бұйрықтық өндіріс тәртібінде қылмыстық істерді тергеуді бақылау;

      18) әскери прокуратура органдары тоқтату туралы шешімдердің күшін жойған қылмыстық істерді тергеуді бақылау. Қабылданған шешімнің объективтілігі тексеріледі. Заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар беріледі, не келіспеген жағдайда өкілетті прокурор алдында қабылданған шешімнің күшін жою немесе оны өзгерту туралы өтінішхат дайындалады.

      19) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      20) ТД ӘТБ тапсырмаларының және ӨӘТБ жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету;

      21) бағынысты тергеушілер мен жедел қызметкерлердің әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды құзырет шегінде қарау және шешу;

      22) ӨӘТБ тергеушілері мен жедел қызметкерлерінің криминалистикалық және басқа қызметтердің қызметкерлерімен оқиға орындарына уақтылы шығуын бақылау;

      23) процеске қатысушылардың сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне шағымдарын уақтылы және толық шешуді қамтамасыз ету, азаматтардың шағымдарына ден қоюдың уақтылығын бақылау;

      24) тергеу органының жұмысын ұйымдастыруға және нәтижелеріне, мәліметтердің, оның ішінде өңірдің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына ұсынылатын құқық бұзушылықты саралау туралы мәліметтердің шынайылығына, қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімдерін тоқтатудың және үзудің негізділігін бақылау;

      25) процеске қатысушылардан сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне шағымдарды жеті тәулік ішінде қарау және шешу. Егер шағым ұстау, күдікті деп тану, жәбірленушінің әрекетін саралау, лауазымнан шеттету кезінде заң бұзушылыққа қатысты болса – оларды алған кезден бастап үш тәулік ішінде;

      26) тергеушілер мен жедел қызметкерлердің процестік қызметіне заңсыз араласудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

      29. ӨӘТБ топтарының, бөлімдерінің жедел қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасымен белгіленген құзыретінің шегінде анықтау нысанында, бұйрықтық өндіріс тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісін жүзеге асырады.

      30. ӨӘТБ тергеушілері ішкі істер органдарының тергеуде болуына жатқызылған, әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту уақытында жасаған әскери қызметшілер, запастағы азаматтар, қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалар мен мекемелердің орналасуында әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергейді.

      31. Тергеушіге Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімде (бұдан әрі – СДТБТ) сотқа дейінгі тергеп-тексеруге себепті тіркеуге шаралар қабылдау, қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдау, оқиға орнын қарап тексеру, кезек күттірмейтін жедел-іздестіру іс-шараларын, тапсырмаларды, нұсқауларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, тергеу әрекеттерінің келісілген жоспарын дайындау және заңды процестік шешім қабылдау жүктеледі.

      Келісілген жоспар қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің барлық кезеңдерін қамтиды және оған:

      тергеу және іздестіру болжамдары;

      тексеру үшін анықтауға жататын деректері;

      тергеу амалдарының тізбесі;

      жедел жолмен анықтауға жататын мән-жайлары;

      мерзімдер мен орындаушылар кіреді.

      Жоспар өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін. Оны түзету бастамасы, тергеушіге де, жедел жұмыскерге де тиесілі.

      32. ҚПК-ның 60-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шаралар қабылдауға, қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды күдіктінің әрекетін саралау, оған бұлтартпау шарасын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, жиналған дәлелдемелерді сипаттай отырып, айыптау актісін құру арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Процестік келісім жасасуға жол беретін мән-жайлар анықталған кезде бұл туралы прокурорды хабардар етеді, ал негіздер болған жағдайда бұйрықтық өндіріс қолданады.

      33. Мыналардың:

      ҚПК-ның 240-бабының 1-1-бөлігі белгілеген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан артық емес мерзімде жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамға хабарландыру жолдаудың уақтылығын қамтамасыз етеді;

      тергеушілердің азаматтық талап-арыз бөлігінде үкімнің немесе басқа мүліктік талаптардың не мүлікті болжамды тәркілеудің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚПК-ның 161-бабына сәйкес меншікке тыйым салу бойынша уақтылы шаралар қабылдауын және меншікке билік етуге уақытша шектеу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      34. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолданады. (ҚПК-ның 60-бабының 4-бөлігі).

      Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолданады (ҚПК-ның 60-бабының 5-бөлігі).

      35. Тергеуші оқиға орнын қарауды жеке жүргізеді және оның сапасын қамтамасыз етеді.

      36. Тергеушілердің қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде ІІО-ның басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуы келісілген жоспарлаудың, өзара ақпаратпен алмасудың, тергеушінің ұйымдастырушы рөлі жағдайында әрбір қызметтің құзыретін нақты шектеу негізінде қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      37. Тергеушіге ішкі істер органдарының тергеуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адам жеткізілген жағдайда ол ҚПК-ның 180-184-баптарында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себептердің және осы адамды ҚПК-ның 128-бабының тәртібінде ұстау негіздерінің бар-жоғын тексереді және тиісті шешім қабылдайды.

4-тарау. Қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), желілік ішкі істер бөлімдерінде тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру

1-параграф. Қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер), желілік ішкі істер бөлімдері бастықтарының қызметін ұйымдастыру

      38. Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығы тергеу бөліністерінің басшыларымен қатар тергеушілердің ІІО-ның басқа қызметтерімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу және тергеу және жасырынған қылмыскерлерді іздестіру бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

      39. Қалалық, аудандық, желілік органның бастығы:

      1) жедел-тергеу топтарының оқиға орнына шығуын, оның ішінде аса ауыр және қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар бойынша жеке қатыса отырып жедел-тергеу топтарының уақтылы шығуын ұйымдастырады;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қатысты, оның ішінде қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу шеңберінде шығарылатын ақпараттық-есептік құжаттардың, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты саралау туралы мәліметтердің объективтілігіне және шынайылығына бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) тергеушінің ҚПК-ның 200-бабының тәртібінде енгізілген ұсынуларын уақтылы және сапалы қарауды ұйымдастырады;

      4) тергеушінің жұмысы үшін барлық қажетті, оның ішінде материалдық-техникалық қамсыздандыру (автокөлікті, компьютерлік техниканы және басқаны бөліп беру) жағдайын жасайды;

      5) процеске қатысушылардың сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды уақтылы және толық қарауды қамтамасыз етеді;

      6) қалалық, аудандық, желілік органның құрылымдық бөліністері басшыларының қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріспен байланысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдаудың кестесі туралы ақпаратты танысу үшін қолжетімді орындарда орналастырылуын ұйымдастырады, сондай-ақ олар арызданған жағдайларда жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      7) ҚПК 62-бабының 2-бөлігіне сәйкес қажетті жедел-іздестіру, қылмыстық-процестік, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттері (бұдан әрі - ЖТӘ)-нің сапалы және уақтылы жүргізілуін ұйымдастырады және белгіленген тәртіпте өз қолымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына тиісті процестік құжаттар түрінде ресімделген нәтижелерді ұсынады;

      8) ҚПК-ның 260-бабының 1-1 және 6-бөліктерінде көзделген мәселелердің түбегейлі шешілуіне дейін қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп танылған ЖТӘ нәтижелерінің бөтен адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда сақталуын және кейіннен белгіленген мерзімде прокурорға хабарлай отырып жойылуын қамтамасыз етеді және белгіленген тәріпте ЖТӘ жүргізілген адамға хабарлауды бақылайды;

      9) қылмыстық істер бойынша түбегейлі процестік шешім қабылданғанға, сондай-ақ оларды айыптау актісімен сотқа жолданғанға дейін сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде тергеушіге қажетті практикалық көмек көрсетеді;

      10) ҚПК-де көзделген өкілеттіктерге сәйкес хаттамалық нысанда және бұйрықтық тәртіпте тергелген қылмыстық істер бойынша:

      - қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және қылмыстық істі сотқа, хаттаманың көшірмесін прокурорға жолдайды;

      - хаттаманы бекітуден бас тартады және қылмыстық істі анықтауды жүргізу үшін қайтарады (бұйрықтық өндіріс тәртібінде қылмыстық істерді ҚПК-ның 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша тоқтатуға өкілетті);

      11) жұмыстың нәтижелері, оның ішінде қылмыстық теріс қылықтарды тергеу туралы қалалық, аудандық, желілік органдардың және қызметтердің басшыларын тыңдайды.

      40. Ұсталғандарды айдауылдау және қорғау бойынша ұйымдастырушылық функциялар ІІО-ның басшыларына жүктеледі.

2-параграф. Қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), желілік ішкі істер бөлімдерінде тергеу бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру

      41. Қалалық, аудандық, желілік органдарда тергеу жұмысын тергеу бөліністерінің басшылары ұйымдастырады.

      42. Тергеу бөліністерінің қызметі жедел жағдайды және ІІМ-нің талаптарын ескере отырып, жартыжылдық және жылдық жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырылады. Жоспарларды орындау барысында оларды түзету жүзеге асырыла алады. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы шешімді жоспарды бекіткен бөлініс басшысы қабылдайды.

      Жоспарда:

      1) қалалық, аудандық, желілік органда – қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша уақтылы ден қоюға, жедел-тергеу топтарының оқиға орындарына кідіріссіз шығуын қамтамасыз етуге тергеу бөлінісінің басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасасуын нығайтуға, жедел-криминалистикалық, ұйымдық және өзге де техникамен қамтамасыз етуге, жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін еңбектің тиісті жағдайларын жасауға бағытталған кешенді іс-шаралар;

      2) тергеу бөлінісінде – тергеу жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға, ведомстволық бақылау деңгейін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар (қажет болған жағдайда басқа қызметтермен келісілген), қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу әдістемесін және тергеу амалдарын жүргізу тактикасын жетілдіру, тергеушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін, заманауи ғылыми әдістерді тарату және енгізу, тергеушілердің кәсіби даярлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде көзделеді.

      43. Тергеу бөліністерінің басшылары:

      1) тергеу жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын және тергеушілердің ІІО-ның басқа қызметтерімен қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, тергеу бойынша өзара іс-қимыл жасасуын;

      2) процестік бақылаудың деңгейін, тергеушілер жұмысының нәтижелілігін арттыруға шаралар қабылдауды, қылмыстық істерді тергеудің сапасын арттыруды;

      3) қылмыстық процеске қатысушылардан сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне арыздарды шешуді, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауын жүзеге асыруды;

      4) бөліністерде тергеушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайларда қызметін, олардың мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтауын;

      5) өндірісі электрондық форматта жүзеге асырылатын қылмыстық істердің есебін;

      6) жасырын тергеу әрекеттерінің есебіне және ҚПК-ның 240-бабының 1-1-бөлігі белгілеген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан артық емес мерзімде жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамға хабарландыру жолдаудың уақтылығын бақылайды.

      44. Тергеу бөлінісінің басшысы ҚПК-да белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты тікелей қабылдаған жағдайда уәкілетті адамға хабарлауды, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып хабарлау бойынша дереу шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді, ол алынған хабарламаның негізінде СДТБТ-де тіркеуді жүргізеді.

      45. Қалалық, аудандық, желілік орган бастығының тергеу бөліністерінің қызметіне жетекшілік ететін орынбасары:

      1) тергеу бөлінісінің жұмыс жоспарларын және жоғарыда тұрған органдардан келіп түскен бақылау тапсырмалардың орындалуын бақылайды;

      2) тергеу бөлінісінің қызметін, оның ІІО-ның жедел және өзге де қызметтерімен, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдарымен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіреді;

      3) анықтау органының басшысы ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құрайды (ҚПК-ның 194-бабы);

      4) қылмыстар туралы ІІО-ның тергеуіне жатқызылған (ҚПК-ның 179-180, 187-баптары) өтініштер мен хабарламаларды шешім қабылдау үшін тергеу бөлінісіне жолдайды;

      5) қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштер мен хабарламаларды СДТБТ-де тіркеуге, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркеуге біруақытта шаралар қабылдай отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу амалдарын уақтылы және сапалы жүргізуді бақылайды;

      6) тергеушілердің жедел есепке алу істерінің және жасырын тергеу амалдарының материалдарымен танысуға құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тергеушілерге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер мен материалдарды оларды қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдемелер ретінде пайдалану үшін белгіленген тәртіпте берудің уақтылығын бақылайды;

      7) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде тергеу бөліністерінің қызметін, істердің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын және объективтілігін бақылайды;

      8) ауыр және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудың сипаты мен мән-жайларына байланысты оқиға орындарына өзі шығады, оқиға орнына қарап тексеруді жүргізуді және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің материалын жинауды бақылайды, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдарды бөлуді қамтамасыз етеді;

      9) анықтау органдарының тергелетін қылмыстық істер бойынша тергеушілердің тапсырмалары мен нұсқауларын уақтылы және сапалы орындауын қамтамасыз етеді;

      10) қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып, қалалық, аудандық, желілік органның бастығына қызметтік жұмыстың өзекті мәселелерін жедел кеңестерде қарау туралы ұсыныс енгізеді, сондай-ақ тергеу бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді жою және жақсарту туралы ұсыныс енгізеді;

      11) тергеушілердің жұмыс уақытының ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді, барлық күштер мен құралдарды қылмыстарды тергеуге шоғырландыра отырып, тән емес функцияларды орындауды болдырмайды;

      12) өз құзыреті шегінде бағынысты тергеушілердің әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарайды және шешеді, шағымдармен өтініш білдірген жағдайда азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      13) белгіленген тәртіпте тергеушілер мен бөлімнің (бөлімшенің, топтың) басқа да жұмыскерлерін көтермелеу және тәртіптік жазалар салу, ауыстыру туралы ұсыныстар енгізеді;

      14) тергеушілердің қызметтік жұмысына байланысты олардың өміріне, денсаулығына және меншігіне қолсұғушылық қаупі болған кезде оларды қорғау бойынша шаралар қабылдайды;

      15) әскери-қызметтік тәртіптің сақталуын талап етеді.

      46. Тергеу бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы, топтың аға тергеушісі белгіленген заңнамада айқындалған өкілеттіктерден (ҚПК-ның 59-бабы) басқа, өз құзыреті шегінде:

      1) жедел және криминалистикалық бөліністердің басшыларымен бірлесіп, тергеушілерді, жедел қызметкерлерді, криминалистерді және қажет болған жағдайда басқа да қызметтердің қызметкерлерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу бойынша жұмыстың нәтижелері туралы ай сайын тыңдайды, тергеу амалдарын жүргізуде, жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу амалдарын іске асыруда практикалық көмек көрсетеді;

      2) ауыр немесе өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалу сипаты және мән-жайларына байланысты оқиға орындарына шығады, оқиға орнын қарап-тексерудің сапалы жүргізілуін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жинауды қамтамасыз етеді;

      3) оқиға орнынан алынған іздер мен өзге де заттай дәлелдемелерді зерттеуге уақтылы жолдауды, сондай-ақ оларды сақтауды ұйымдастыруды, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуда толық және тиімді пайдалануды бақылайды;

      4) тергеушінің қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу бойынша әрекеттерінің уақтылығына, тергеу амалдарын жүргізу кезінде заңдылықты сақтауға процестік бақылауды жүзеге асырады;

      5) ҚПК-ның 45-бабының 7-бөлігінде көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзудің негізділігін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуда қабылданған шаралардың толықтығын ай сайын тексереді;

      6) тергеушілердің жұмыс практикасына еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, заманауи криминалистикалық техниканы және қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің озық тәжірибесін енгізуді қамтамасыз етеді;

      7) кадр қызметімен бірлесіп, кәсіби және іскерлік қасиеттеріне сүйене отырып, тергеу қызметкерлерінің кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

      8) тергеу практикасын және бөлімнің (бөлімшесінің, топтың) жұмысын сипаттайтын деректерді жүйелі түрде талдайды, алдын ала тергеудің сапасын және тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, қалалық, аудандық, желілік органның және ІІД, КІІД Тергеу басқармасының басшылығына ұсыныстар енгізеді;

      9) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құрайды (ҚПК-ның 194-бабы).

      10) жұмысты жоспарлауды және жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      11) тергеу органының жұмысын ұйымдастыруға және нәтижелеріне, мәліметтердің, оның ішінде өңірдің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына ұсынылатын құқық бұзушылықты саралау туралы шынайылығына, қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімдерін тоқтатудың және үзудің негізділігін бақылайды;

      12) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылданған шешімнің негізділігі мен заңдылығы пәніне зерделейді;

      13) азаматтарды қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріспен байланысты мәселелер бойынша жеке қабылдауды жүзеге асырады; арызданған жағдайда процеске қатысушылардан сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне шағымдарды 7 тәулік ішінде қарайды және шешеді. Егер шағым ұстау, күдікті деп тану, жәбірленушінің әрекетін саралау, лауазымнан шеттету кезінде заң бұзушылыққа қатысты болса – оларды алған кезден бастап 3 тәулік ішінде;

      14) тергеушілердің қызметтік даярлығының ұйымдастырылуын, олардың тергеу органдарының қызметін регламенттейтін жаңа заңнамалық және нормативтік актілерді уақтылы зерделеуін қамтамасыз етеді;

      15) тергеушілердің процестік қызметіне заңсыз қолсұғушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.

      47. Қалалық, аудандық, желілік органның бастығы немесе оның тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, тергеу бөлімінің (бөлімшенің) бастығы, топтың аға тергеушісі ауысқан кезде істерді, оның ішінде тергеу мерзімі үзілген істерді қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады. Нәтижелері ауданның (қаланың) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы бөліністерінің деректерімен салыстыра тексеріледі.

      48. Тергеушіге СДТБТ-де қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және хабарламаны тіркеуге, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, біруақытта шаралар қабылдап, қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау, тапсырмаларды, нұсқауларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, тергеу әрекеттерінің келісілген жоспарын дайындау және заңды процестік шешім қабылдау жүктеледі.

      Келісілген жоспар қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің барлық кезеңдерін қамтиды және оған:

      тергеу және іздестіру болжамдары;

      тексеру үшін анықтауға жататын деректері;

      тергеу амалдарының тізбесі;

      жедел жолмен анықтауға жататын мән-жайлары;

      мерзімдер мен орындаушылар кіреді.

      Жоспар өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін, оны түзету бастамасы, тергеушіге де, жедел жұмыскерге де тиесілі.

      49. ҚПК-ның 60-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шаралар қабылдауға, қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды күдіктінің әрекетін саралау, оған бұлтартпау шарасын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, жиналған дәлелдемелерді сипаттай отырып, айыптау актісін құру арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Көзделген жағдайларда прокурорды процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді. Көзделген негіздер болған кезде бұйрықтық өндірісті қолданады.

      50. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолданады. (ҚПК-ның 60-бабының 4-бөлігі).

      Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолданады (ҚПК-ның 60-бабының 5-бөлігі).

      51. Тергеуші оқиға орнын қарауды жеке жүргізеді және оның сапасын қамтамасыз етеді.

      52. Тергеушілердің қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде ІІО-ның басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуы келісілген жоспарлаудың, өзара ақпаратпен алмасудың, тергеушінің ұйымдастырушы рөлі жағдайында әрбір қызметтің құзыретін нақты шектеу негізінде қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      53. Тергеуші қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:

      барлық жағдайларда әкімшілік полицияға белгіленген тәртіпте есепке алуға жататын жасөспірімдер туралы ақпарат жолдайды;

      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында құқықтық насихаттауды жүргізуге қатысады;

      қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларды басқару функцияларын атқаратын адамдарға осындай мән-жайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдарды енгізеді;

      Ұсыным бір айлық мерзімде қабылданған шаралар туралы міндетті түрде хабарлай отырып, қарауға жатады (ҚПК-ның 200-бабы).

      54. Тергеу процесінде ІІО жұмыскерлерінің қызметтік жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда тергеуші тиісті бастыққа ұсыным жолдайды.

      55. Тергеушіге ішкі істер органдарының тергеуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адам жеткізілген жағдайда ол ҚПК-ның 180-184-баптарында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себептердің және осы адамды ҚПК-ның 128-бабының тәртібінде ұстау негіздерінің бар-жоғын тексереді және тиісті шешім қабылдайды.

      56. Қылмыстық істі ақтайтын негіздер (қылмыс оқиғасы, құрамы болмағандықтан) бойынша қысқартудың себебі бойынша тергеу барысында қамаудағыны, айыпталушыны қамаудан босату немесе ақтау үкімін шығарған кезінде қалалық, аудандық, желілік орган бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, тергеу бөлімінің, бөлімшенің, тобының бастығы, топтың аға тергеушісі 24 сағат ішінде ІІД, КІІД-нің Тергеу басқармасы арқылы ТД-ға арнайы ақпарат жолдайды.

      57. Қылмыстық-процестік заңнаманы бұзудың өрескел фактілері қалалық, аудандық, желілік органның жедел кеңесінде міндетті қарауға жатады.

      58. Қажет болған жағдайда жедел жағдайды және штаттық мүмкіндіктерді ескере отырып, тергеушілер белгілі бір учаскелерге (аймақтарға) бекітіледі немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін тергеуге маманданады.

      59. Тергеушілерді қылмыстық істерді тергеумен байланысты емес міндеттерді орындауға тартуға тыйым салынады.

      60. ҚПК-ның 60-бабының 7-бөлігіне сәйкес тергеуші заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргізу кезінде барлық шешімдерді дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

      Тергеуші қылмыстық іс бойынша өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.

      61. Тергеуші өз қаулысымен кез келген сәтте істі өндірісіне қабылдап, анықтау органдарының кезек күттірмейтін тергеу амалдарын орындауын күтпестен, оны тергеуге кіріседі (ҚПК-ның 60-бабының 6-бөлігі).

      62. ҚПК-ның 60-бабының 9-бөлігіне сәйкес тергеуші тергеп-тексеретін істер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексеріліп жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысады, оларды белгіленген тәртіпте іске қосып тігу үшін талап етіп алдыртады, анықтау органдарына орындау үшін міндетті, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар береді және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етеді.

      63. Тергеушілерге олар қызметтік міндеттерін орындаған кезде азаматтық киім киюге, табельдік қаруды және арнайы құралдарды алып жүруге рұқсат етіледі.

3-параграф. Қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), желілік ішкі істер бөлімдерінде анықтау бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру

      64. ІІО-да анықтау органы бастығының өкілеттіктеріне Ішкі істер департаментінің, басқармасының, бөлімнің бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.

      65. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (СДТБТ), оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, уақтылы тіркеуді, тергеу реттілігі бойынша жолдауды, қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу амалдарын сапалы жүргізуді, ic бойынша түпкілікті шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

      66. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібінің сақталуына толық және жан-жақты бақылау мақсатында есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі Комиссияны басқарады және оның қызметін қамтамасыз етеді.

      67. Анықтау органының бастығы анықтау нысанында, бұйрықтық өндірісі тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, заңдылықты сақтау және түпкілікті нәтижелер бойынша жұмыстың жай-күйін бақылайды.

      68. Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында анықтау органының бастығы:

      қызметтік даярлық жүйесінде анықтау нысанында, бұйрықтық өндіріс тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша ІІД, КІІД басқармаларының қызметкерлерін, тергеушілерді, анықтаушыларды, прокуратура және сот қызметкерлерін, мамандар мен ғалымдарды жұмылдыра отырып, сабақтар ұйымдастырады;

      анықтаушыларды қызметтік кабинеттермен, мүкәммалмен, бланкілермен, көлікпен, ұйымдастыру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын анықтаушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартуға жол бермейді;

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құрады (ҚПК-ның 194-бабы);

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын анықтаушылардың және басқа да лауазымдық адамдардың ІІО-ның салалық қызметтері қызметкерлерімен, мемлекеттік және өзге де органдармен және ұйымдармен өзара ic-қимыл жасасуын ұйымдастырады;

      анықтау бөліністерінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады, анықтаушылардың кезекшілік кестесін бекітеді, олардың орындалуын бақылайды;

      анықтау нысанында, бұйрықтық өндіріс тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері бойынша аналитикалық жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;

      осы жұмысты жақсарту бойынша ұйымдастырушылық шаралар қабылдайды, Анықтау басқармасына және ІІД, КІІД басшылығына ұсыныстар енгізеді;

      анықтау нысанында, бұйрықтық өндіріс тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде өзара ic-қимыл жасасу мәселелері бойынша қызметтер басшыларын және анықтаушыларды тыңдайды;

      еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын енгізудің заманауи криминалистикалық техника мен озық тәжірибені пайдалануды қамтамасыз етеді;

      өз құзыреті шегінде анықтау нысанында, бұйрықтық өндіріс тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қызметкерлердің ic-әрекеттеріне және шешімдеріне азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарауды ұйымдастырады;

      белгіленген тәртіпте анықтау бөліністерінің қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза салу туралы ұсынымдар енгізеді.

      69. Анықтау нысанында, хаттамалық нысанда және бұйрықтық өндіріс қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылықтар мән-жайларының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктері шегінде ҚПК-ге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

      70. ҚПК-ның 191-бабында көзделген ІІО тергеуіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру штаттық анықтау бөліністерінің (бұдан әpi - анықтау бөліністері) және анықтауды жүргізу функциялары берілген қызметтердің қызметкерлеріне жүктеледі.

      71. Тергеу бөлінісінің басшысы анықтауды жүргізу бойынша функциялары берілген қызметтер жүзеге асыратын сотқа дейігші тергеп-тексерудің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.

      72. Қажеттілік жағдайларында (тиісті лауазымдардың болмауы, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау ауданының алыс болуы) анықтау жүргізу бойынша функциялар берілген қызметтердің қызметкерлері хаттамалық нысанда, бұйрықтық өндіріс тәртібінде қылмыстық теріс қылықтардың, сондай-ақ анықтау нысанында қылмыстық құқық бұзушылықтардың басқа құрамдары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.

      73. Анықтау бөліністері құрылымдық бөліністер болып табылады және ТД-ның бастығына, ІІД, қалалық, аудандық, желілік органдарының бастықтарына және олардың тергеу мен анықтауға жетекшілік ететін орынбасарларына бағынады.

4-параграф. Ішкі істер органдары өңірлік әскери-тергеу басқармаларының бөлімдерінде және топтарында жұмысты ұйымдастыру

      74. ӨӘТБ-нің бөлімдері мен топтарындағы жұмысты ұйымдастыруды олардың бастықтары жүзеге асырады, оларға мынадай міндеттер жүктеледі:

      1) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, ескертуді, жолын кесуді және ашуды, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және бақылау;

      2) алдын ала тергеу және анықтау нысанында тергеуді ұйымдастыру, қажет болған жағдайларда жедел-тергеу топтарын құру, істер бойынша бақылау өндірістерін жүргізу;

      3) заңда көзделген тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу туралы соттардың ұйғарымдары мен қаулыларын, прокурорлар мен тергеушілердің жазбаша тапсырмаларын орындауды, жұмыстағы кемшіліктерді жоюды ұйымдастыру;

      4) қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, ары мен абыройын және мүлкін қорғауды ұйымдастыру;

      5) қызмет көрсететін гарнизондардағы қылмыстылық туралы материалдарды талдау, дайындау, жедел және тергеу жұмысында кемшіліктерге жол бермеу және оларды жою бойынша шаралар дайындау;

      6) тергеу және жедел жұмыстағы өзекті проблемаларды айқындау және жұмыстағы теріс көріністер мен үрдістерге ден қою шаралар туралы ӨӘТБ басшылығына ұсыныстар енгізу;

      7) заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету, осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;

      8) ІІО қызметтерімен, прокуратура, әділет органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету;

      9) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды есепке алуды және іздестіруді, оларға уақтылы іздеу жариялауды ұйымдастыру;

      10) қылмыстық істердің мерзімдерін үзудің және тоқтатудың негізділігін қабылданған шешімнің негізділігі мен заңдылығы пәніне зерделеу;

      11) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеу, қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшін ақпараттық-аналитикалық жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру;

      12) құқықтық көмек көрсету тәртібінде халықаралық ынтымақтастық бөлігінде қылмыстық-процестік заңнама талаптарын орындауды ұйымдастыру;

      13) әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы құзыретті мекемелерге ұсынымдарды жолдау;

      14) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және алдын ала тергеуді жүзеге асыру кезінде азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттердін конституциялық құқықтарын және заңды мүдделерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету;

      15) азаматтарды, оның ішінде қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер мен күдіктілерді қабылдауды жүзеге асыру, процеске қатысушылардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдарын шешу;

      16) бөліністерде тергеушілер мен жедел қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайларда қызметін, олардың мемлекеттік қызметшінің этикасын және қызметтік-әскери тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету;

      17) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтаудың, ескертудің, жолын кесудің, ашудың және тергеп-тексерудің оң нысандары мен әдістерін, ғылымның жетістіктерін, техникалық құралдарды, мамандандырылған есептер мен ақпараттық жүйелерді пайдалануды енгізу;

      18) жасалған немесе дайындалып жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы арыздарды немесе хабарламаларды тіркеуді ұйымдастыру, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауіпті зардаптарға жол бермеу бойынша шараларды уақтылы қабылдау;

      19) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін, тергеу және жедел іс-шараларды жүргізудің уақтылығын тексеру мақсатында қылмыстық істерді зерделеу;

      20) ІІМ, ТД, ТД-ның ӘТБ басшылығының және ӨӘТБ бастығының бақылауындағы қылмыстық істерді тергеу барысына бақылауды жүзеге асыру, олар бойынша ақпаратты он күн сайын ТД ӨӘТБ-ға ұсыну;

      21) заңсыз ұстау, қамауда ұстау, қамаудан босату, қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын бұзу және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері бойынша ақпаратты ӨӘТБ-ге және ТД ӘТБ-ге уақтылы ұсыну;

      22) тергеушілер мен жедел қызметкерлердің криминалистикалық және басқа қызметтердің қызметкерлерімен бірлесіп, оқиға орындарына шығуын ұйымдастыру. Аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар, апаттар, қираулар және басқа да төтенше оқиғалар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар жасаған кісі өлтірулер, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша оқиға орындарына жеке шығу, бөлім бастығы (топ басшысы) ӨӘТБ-ның, ТД ӘТБ-ның басшылығына және қадағалаушы прокурорға жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлайды.

      23) бұйрықтық өндіріс тәртібінде қылмыстық істердің тергеуін бақылау;

      24) әскери прокуратура органдары тоқтату туралы шешімдердің күшін бұзған қылмыстық істердің тергеуін бақылау. Қабылданған шешімнің объективтілігі, заңдылығы тексеріледі. Заң бұзушылықтарды жою, не келіспеген жағдайда өкілетті прокурор алдында қабылданған шешімге наразылық білдіру немесе оны өзгерту туралы өтінішхат дайындалады.

      25) ӨӘТБ, ТД ӘТБ-ның тапсырмалары мен жоспарларын уақтылы және сапалы орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету;

      26) қажет болған жағдайларда істі өз өндірісіне қабылдау және тергеуді жеке жүргізу;

      27) тергеу органының жұмысының нәтижелеріне, мәліметтердің, оның ішінде өңірдің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына ұсынылатын құқық бұзушылықты саралау туралы мәліметтердің шынайылығына, қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімдерін тоқтатудың және үзудің негізділігін бақылау;

      28) процеске қатысушылардан сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне шағымдарды жеті тәулік ішінде қарау және шешу. Егер шағым ұстау, күдікті деп тану, жәбірленушінің әрекетін саралау, лауазымнан шеттету кезінде заң бұзушылыққа қатысты болса – оларды алған кезден бастап үш тәулік ішінде;

      29) тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қызметтік даярлығының ұйымдастырылуын, олардың тергеу мен анықтау органдарының қызметін регламенттейтін жаңа заңнамалық және нормативтік актілерді уақтылы зерделеуін қамтамасыз ету;

      30) тергеушілер мен жедел қызметкерлердің процестік қызметіне заңсыз араласудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

      75. ІІО басқа қызметтерінің басшылары мен қызметкерлеріне әскери-тергеу бөліністерінің қызметіне араласуға, нұсқаулар және қабылданған шешімдерге баға беруге тыйым салынады.

      76. ӨӘТБ топтарының, бөлімдерінің жедел қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде анықтау нысанында, бұйрықтық өндіріс тәртібінде және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.

      77. Жедел жағдайды және штаттық мүмкіндіктерді ескере отырып, тергеушілер мен жедел қызметкерлер белгілі бір учаскелерге бекітіледі немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін анықтауға, ескертуге, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге маманданады.

      78. ӨӘТБ бөлімдерінің, топтарының тергеушілері әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарды, әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту уақытында жасаған запастағы азаматтар, орналасуында әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары олардың өз қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мемекемелердің орналасуында жасаған ішкі істер органдарының тергеуіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар.

      79. Тергеушіге СДТБТ-де себепті тіркеу, қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдау, оқиға орнын қарап тексеру, кезек күттірмейтін жедел-іздестіру іс-шараларын, тапсырмаларды, нұсқауларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, тергеу әрекеттерінің келісілген жоспарын дайындау және заңды процестік шешім қабылдау жүктеледі.

      Келісілген жоспар қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің барлық кезеңдерін қамтиды және оған:

      тергеу және іздестіру болжамдары;

      тексеру үшін анықтауға жататын деректері;

      тергеу амалдарының тізбесі;

      жедел жолмен анықтауға жататын мән-жайлары;

      мерзімдер мен орындаушылар кіреді.

      Жоспар өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін. Оны түзету бастамасы, тергеушіге де, жедел жұмыскерге де тиесілі.

      80. ҚПК-ның 60-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шаралар қабылдауға, қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды күдіктінің әрекетін саралау, оған бұлтартпау шарасын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, жиналған дәлелдемелерді сипаттай отырып, айыптау актісін құру арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асырады; прокурорды процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді; көзделген мән-жайлар болған кезде бұйрықтық өндірісті қолданады.

      81. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолданады. (ҚПК-ның 60-бабының 4-бөлігі).

      Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолданады (ҚПК-ның 60-бабының 5-бөлігі).

      82. Тергеушілер:

      ҚПК-ның 240-бабының 1-1-бөлігі белгілеген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан артық емес мерзімде жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамға хабарландыру жолдаудың уақтылығын;

      тергеушілердің азаматтық талап-арыз бөлігінде үкімнің немесе басқа мүліктік талаптардың не мүлікті болжамды тәркілеудің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚПК-ның 161-бабына сәйкес меншікке тыйым салу бойынша уақтылы шаралар қабылдауын және меншікке билік етуге уақытша шектеу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      83. Тергеуші оқиға орнын қарауды жеке жүргізеді және оның сапасын қамтамасыз етеді.

      84. Тергеушілердің қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде ІІО-ның басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуы келісілген жоспарлаудың, өзара ақпаратпен алмасудың, тергеушінің ұйымдастырушы рөлі жағдайында әрбір қызметтің құзыретін нақты шектеу негізінде қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      85. Тергеушіге ішкі істер органдарының тергеуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адам жеткізілген жағдайда ол ҚПК-ның 180-184-баптарында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себептердің және осы адамды ҚПК-ның 128-бабының тәртібінде ұстау негіздерінің бар-жоғын тексереді және тиісті шешім қабылдайды

      86. Әскери-тергеу бөліністерінің тергеушілері мен жедел қызметкерлерін олардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес тапсырмаларды орындауға тартуға тыйым салынады.

      87. Тергеушілер мен жедел қызметерлерге олар қызметтік міндеттерін орындаған кезде азаматтық киім киюге, табельдік қаруды және арнайы құралдарды алып жүруге рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады