"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16862 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11854 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 160 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 564 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие.

      2. МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын 2015 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3) тармақшасына және 2006 жылдың 7 шілдедегі "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға осы Әдістемеге сәйкес айқындайды.

      3. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер:

      1) жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындау кезінде:

      жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша екі кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жоба бойынша ақпараттық парақ әзірлеуді;

      жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырма әзірлеуді қоса алғанда, жоба бойынша ақпараттық парақ әзірлеуді;

      жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) объектінің нақты алаңына байланыстыру құнын есептеумен жоба бойынша, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша, сондай-ақ техникалық тұрғыдан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және ТЭН қажет етпейтін қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша ақпараттық парақ әзірлеуді;

      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстың бірінші кезеңі шеңберінде техникалық тапсырма әзірлеуді;

      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН әзірлеу бойынша техникалық тапсырманы әзірлеуді қоса алғанда, конкурстық құжаттама әзірлеуді;

      жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда құрамында ТЭН бар конкурстық құжаттама әзірлеуді;

      жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда ЖСҚ объектінің нақты алаңына байланыстыруды, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша және (немесе) техникалық тұрғыдан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер негізінде іске асырылатын ЖСҚ әзірлеуді және ТЭН қажет етпейтін, қайта қолданылатын жобаларды қоса алғанда, конкурстық құжаттама әзірлеуді;

      әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде жария таныстырылымдар, роуд-шоу, конференциялар, жарнамалық науқандар өткізуді;

      МЖӘ, оның ішінде концессия шартының жобасын әзірлеуді;

      жекеше әріптестің немесе концессионердің кредиторлармен тікелей келісімінің жобасын әзірлеуді;

      бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) енгізуді;

      Конкурстық және концессиялық өтінімдерді қарау және таңдау жөніндегі комиссияның жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ келіссөздерге қатысуды;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық өтінімдерін тәуелсіз бағалауды қамтиды.

      2) жекеше әріптесті тікелей келіссөздер тәсілімен айқындау кезінде:

      жекеше әріптеспен келіссөздер процесінде бизнес-жоспарды бекіткенге дейін консультациялық қызметтер көрсетуді, оның ішінде:

      өтінім қабылдауды сүйемелдеуді, бизнес-жоспарды алдын ала бағалауды;

      біліктілікті іріктеу кезінде сүйемелдеуді;

      бизнес-жоспар бойынша келіссөздерге қатысуды;

      бизнес-жоспарды сараптау, түзету шеңберінде сүйемелдеуді;

      жекеше әріптеспен келіссөздер процесінде МЖӘ шартына қол қойылғанға дейін консультациялық қызметтер көрсетуді, оның ішінде:

      МЖӘ шартын алдын ала бағалауды, оны түзетуді;

      МЖӘ шарты бойынша келіссөздерге қатысуды;

      МЖӘ шартын сараптау, түзету шеңберінде сүйемелдеуді қамтиды.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты нақты көрсетілетін қызметтің құнын есептеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес тиісті коэффициенттер сомасын 1 адам-сағат құнына және нормативтік еңбек шығындарына көбейту жолымен пайдаланылады:

      P = сх lх (k1+k2+…)+exp, мұнда:

      P – қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызмет құны;

      с – көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің республикалық жобалар бойынша 1 адам-сағат құны (қосылған құн салығын есепке алмағанда, 6 358,57 (алты мың үш жүз елу сегіз теңге елу жеті тиын*) теңге);

      l – қызмет көрсетуге арналған базалық нормативтік еңбек шығындары, осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес;

      k –көрсетілетін қызметтер құнына түзету коэффициенттері;

      exp – осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы дайындауға жұмсалатын шығыстар (қажет болған жағдайда).

      Жергілікті жобалар бойынша адам-сағат құны консультациялық сүйемелдеу көрсететін заңды тұлғаны айқындайтын тиісті құқықтық актімен бекітіледі.

      5. Бір кезеңдік конкурс бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу құнына техникалық тапсырманы, жобаның ТЭН әзірлеу немесе түзету шығыстар қосылады.

      Жобалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыс құнын, сондай-ақ үлгілік жоба болған жағдайда ЖСҚ байланыстыру бойынша шығыстарды есептеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ерекшеліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі жобалар үшін жоба алдындағы құжаттаманы әзірлеу (түзету) бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, үшінші тараптардың көрсетілетін қызметтерін тартады.

      *республикалық жобалар үшін (жергілікті жобалар үшін жергілікті атқарушы органдар айқындайды).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын, оның
ішінде концессиялық
жобаларды консультациялық
сүйемелдеу бойынша
көрсетілетін қызметтер құнын
айқындау әдістемесіне
1-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын (бұдан әрі – МЖӘ), оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнына түзету коэффициенттері

Ерекшелік

Коэффициент мәні, k

1

Құрылыстың болжамды құны:



4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) төмен

0,8 дейін


4 000 000 АЕК-тен жоғары

1,2

2

Жобаның күрделілігіне және бірегейлілігіне байланысты салалық коэффициент:



құны 4 000 000 АЕК-тен төмен жобалар үшін;

1


құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары бар жобалар үшін;

2


құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары жоқ жобалар үшін.

3

3

Сараптама қорытындыларын алу қажет болған кезде

0,5

4

Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстың бірінші кезеңі шеңберінде келіссөздер процесіне консультациялық көрсетілетін қызметтерді тарту кезінде, техникалық ұсыныстарды беру бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде

0,5

5

Жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын және техникалық тапсырмаларды әзірлеу кезінде

0,2

6

Конкурстық құжаттама кезеңінде технико-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде

0,4

7

Жобаның ТЭН әзірлеу қажет болған кезде

1

8

МЖӘ жобасының немесе концессиялық жобаның бекітілген ТЭН немесе жобалық-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі – ЖСҚ) болған кезде

(-0,5)

9

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ТЭН түзету кезінде

0,6

10

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ЖСҚ түзету кезінде

0,5

11

ЖСҚ нақты алаңға байланыстыру кезінде

0,5

12

ЖСҚ байланыстыру құнын есептеу кезінде

0,5

13

Конкурстық өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу кезінде конкурстық өтінімде ТЭН болған кезде

1

14

МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер ұсыну мақсаттары үшін үшінші тараптардың консультациялық көрсетілетін қызметтерін тарту кезінде*:
құны 4 000 000 АЕК-тен төмен аналогтары бар жобалар үшін;
құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары бар жобалар үшін;
құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары жоқ жобалар үшін.

1
2
3

      * бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайды

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын, оның
ішінде концессиялық
жобаларды консультациялық
сүйемелдеу бойынша
көрсетілетін қызметтер құнын
айқындау әдістемесіне
2-қосымша

Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне базалық нормативтік еңбек шығындары

р/с №

Көрсетілетін қызмет түрі

1, адам-сағат

1

Концессионерді немесе жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурсты ұйымдастыру кезеңінде көрсетілетін қызметтер, оның ішінде:

3500 дейін

1.1

Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстың бірінші кезеңі шеңберінде жоба бойынша ақпараттық парақты, оның ішінде техникалық тапсырманы әзірлеу

1500 дейін

1.2

Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) (концессия) шартының жобасын әзірлеу

1500 дейін

1.3

Әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту бойынша іс-шаралар өткізу

500 дейін

2

Концессионерді немесе жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурс өткізу кезеңінде көрсетілетін қызметтер, оның ішінде:

2300 дейін

2.1

Комиссияның жекеше әріптесті немесе концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушымен келіссөздер процесінде консультациялық көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ келіссөздерге қатысу

500 дейін

2.2

Конкурстық өтінімдерді тәуелсіз бағалау

300 дейін

2.3

Жекеше әріптестің немесе концессионердің кредиторларымен тікелей келісімді бағалау және пысықтау

1500 дейін

3

Бизнес-жоспар бекітілгенге дейін тікелей келіссөздерді сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер

800 дейін

4

МЖӘ шартына қол қойылғанға дейін тікелей келіссөздерді сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер

1000 дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады