Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16905 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) посы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) посы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) посы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      ____________________Н. Айдапкелов

      28 мамырда 2018 жыл

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 502 бұйрығына қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста www.dfo.kz орналастырылған Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің 20 ___ жылғы ____тоқсандағы есепті кезеңге арналған қызметі туралы ақпарат

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: № 1 – ЧЛ (Бағалау)

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бағалаушылар палатасы

      Нысан қайда ұсынылады: қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін

      Ипотекалық шартты жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге берілген мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмелері осы есеп қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесінде "PDF (Portabe Dokument Format)" электрондық форматта орналастырылғаннан кейін ұсынылған болып есептеледі.

      Бағалаушылар палатасының Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________

      1. Бағалаушылар палатасының қызметі туралы мәліметтер

      Бірлік

Бағалаушылар палатасының алқалы органының басшысы

Бағалаушылар палатасының алқалы органының басшысын сайлау туралы мәліметтер

Өтініштердің нәтижелері бойынша тәртіптік істерді қоспағанда, бағалаушыларға қатысты қаралған тәртіптік істердің саны

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша бағалауды қоспағанда, тәртіптік жауаптылыққа тартылған бағалаушылардың саны

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

жеке сәйкестендіру нөмірі

сайлау туралы шешімнің күні

сайлау туралы шешімнің нөмірі

1

2

3

4

5

6







        кестенің жалғасы

Біліктілік беру туралы берілген куәліктер саны (мамандық бойынша бөліністе)

Біліктілік беру туралы куәліктен айырылған адамдар саны (мамандық бойынша бөліністе)

Өткізілген біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының саны

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификат алған тұлғалар саны (мамандық бойынша бөліністе)

Қайта даярлаудан өткен бағалаушыларға кандидаттардың саны (мамандық бойынша бөліністе)

"бағалаушы"

"сарапшы"

"бағалаушы"

"сарапшы"

бағалаушылар

сарапшылар

бағалаушылар саны

сарапшылар саны

7

8

9

10

11

12

13

14

15










      2. Бағалаушылар туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бағалаушының

Бағалаушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Бағалаушының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігі бар мамандық атауы

жылжымайтын мүлікті бағалау

жылжымалы мүлікті бағалау

зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау, бизнесті және бизнеске қатысу құқықтарын бағалау

куәлік берген бағалаушылар палатасы

нөмірі және берілген күні

куәлік берген бағалаушылар палатасы

нөмірі және берілген күні

куәлік берген бағалаушылар палатасы

нөмірі және берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату

мамандық атауы

шешім күні

мамандық атауы

шешім күні

негіз (себеп)

тоқтата тұру кезеңі

мамандық атауы

шешім күні

10

11

12

13

14

15

16

17









      кестенің жалғасы

Бағалаушылар палатасына мүшеліктің жай-күйі туралы мәліметтер

Палатаға мүшелік шарттарын бұзу (себебі)

Тәртіптік жазалау шаралары

Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілі

кіріспе

тоқтату

қабылдау күні

негіз (себеп)

өндіріп алу түрі

шешім күні

шешім нөмірі

шешім күні

шешімнің негізі (себебі)

18

19

20

21

22

23

24

25

26










      3. Сараптама кеңесінің мүшелері туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) сарапшының

Сарапшының жеке сәйкестендіру нөмірі

"Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік

Сарапшыны/сараптама кеңесінің төрағасын сайлау туралы мәліметтер

нөмірі

берілген күні

куәлікті берген бағалаушылар палатасының атауы

сарапшының сайлау күні

мерзімнің аяқталу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








      кестенің жалғасы

Сараптама кеңесінің құрамындағы бағалау туралы есептің жүргізілген сараптамалары туралы мәліметтер

"Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер

тоқтату

айыру

сараптамалық қорытындының атауы

нөмірі және берілген күні

шешім күні

негіз (себеп)

шешім күні

негіз (себеп)

оң сараптамалық қорытынды

теріс сараптамалық қорытынды

9

10

11

12

13

14

15








      4. Құн түрлері және бағалау туралы есептер бойынша мәліметтер

      Бірлік

Бағалау объектісі

Түрлері бойынша белгілі бір құнның саны

Жиыны

Ипотекалық шарт жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға ұсынылған есептердің саны

нарықтық

өзге де

Жылжымалы мүлік





Жылжымайтын мүлік





Зияткерлік меншік және материалдық емес активтер





Бизнес және бизнеске қатысу құқықтары





Қаржы құралдары





Жиыны





      5. Жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы мәліметтер

      Бірлік

Өтініштер саны

Қатысты

бағалаушылар

сараптама кеңесінің

бағалаушылар палатасы

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Өтініштердің сипаты

бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдеп кодексінің қағидаттарын бұзу

біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бұзу

бағалау стандарттарын бұзу

бағалау қызметі саласында оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасын бұзу

есепке сараптама жүргізу қағидаларын бұзу бағалау туралы

бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бұзу

6

7

8

9

10

11







      кестенің жалғасы

Өтінішті қарау нәтижелері

Бағалаушылар палатасына қатысты сотта қаралған істердің саны

Қаралған тәртіптік істердің саны

Қанағаттандырылған өтініштер

өтінішті қарауды кейінге қалдыру

өтінішті қанағаттандырудан бас тарту

талап қоюшының пайдасына қанағаттандырылған талап қоюлар

бағалаушылар палатасының пайдасына талап-арыздарды қанағаттандырудан бас тарту

ішінара қанағаттандырылған талаптар

12

13

14

15

16

17

18








      кестенің жалғасы

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жазалардың саны

куәліктің қолданылуын тоқтата тұру

куәліктен айыру

ескерту шығару

өзге шаралар

19

20

21

22





      Атауы ________________________________________________________

      Мекенжайы ___________________________________________________
Телефондар ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы ________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Жетекшісі немесе оның міндетін атқарушы тұлға
___________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрге арналған орын
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Ескертпе:
Интернет-ресурста ақпаратты электрондық форматта ұсынған кезде www.dfo.kz
электрондық-цифрлық қолтаңба пайдаланылады.

  "Бағалаушылар палатасының
және оның мүшелерінің қызметі
туралы ақпарат" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1-ЖЛ (бағалау), кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы түсіндірме "бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі-нысан).

      2. Нысанды бағалаушылар палатасы толтырады және қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсынады.

      3. Нысанға бағалаушылар палатасының алқалы органының басшысы не оның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысан тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Нысанға ипотекалық шартты жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмелері "PDF (Portabe Dokument Format)" электрондық форматында қоса беріледі.

      Интернет-ресурста ақпаратты электрондық форматта ұсынған кезде www.dfo.kz электрондық-цифрлық қолтаңба пайдаланылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Кесте 1 "Бағалаушылар палатасының қызметі туралы мәліметтер":

      кестенің 1 және 2 – бағандарында бағалаушылар палатасының алқалы органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі;

      кестенің 3 және 4-бағандарында бағалаушылар палатасының алқалы органының басшысын сайлау туралы шешімнің күні, нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 5-бағанында ақпараттың толық сипаттамасымен түсіндірмені қоса бере отырып, өтініштердің нәтижелері бойынша тәртіптік істерді қоспағанда, бағалаушыларға қатысты қаралған тәртіптік істердің саны көрсетіледі;

      кестенің 6-бағанында ақпаратты толық сипаттай отырып, түсіндірмені қоса бере отырып, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қоспағанда, тәртіптік жауаптылыққа тартылған бағалаушылардың саны көрсетіледі;

      кестенің 7 және 8-бағандарында "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы берілген куәліктердің саны көрсетіледі (мамандандыру бөлінісінде);

      кестенің 9 және 10-бағандарында түсіндірмені қоса бере отырып, "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлігінен айырылған адамдардың саны (мамандандыру бөлінісінде) көрсетіледі;

      кестенің 11 және 12-бағандарында өткізілген біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының саны көрсетіледі. Осы бағандар бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары тақырыптарының атауы, Барлық сағат саны, тартылған лекторлардың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілетін кестеге түсіндірме қоса берілсін;

      кестенің 13 және 14-бағандарында мамандандыру бөлінісінде біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификат алған адамдардың (бағалаушылардың, сарапшылардың) саны көрсетіледі;

      кестенің 15-бағанында мамандандыру бөлінісінде қайта даярлаудан өткен бағалаушыларға кандидаттардың саны көрсетіледі.

      6. Кесте 2 "Бағалаушылар туралы мәліметтер":

      кестенің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 2-бағанында бағалаушының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

      кестенің 3-бағанында бағалаушының ЖСН көрсетіледі;

      кестенің 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бағандарында бағалаушының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігі бар Маманданудың атауы, сондай-ақ осы куәлікті берген бағалаушылар палатасының атауы, "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні көрсетіледі;

      кестенің 10-бағанында "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешімнің күні көрсетіледі;

      кестенің 11, 12 және 13-бағандарында "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтер, оның ішінде шешімнің күні, негіздемесі (себебі) және тоқтата тұру кезеңі көрсетіледі;

      кестенің 14-бағанында "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешімнің күні көрсетіледі;

      кестенің 15, 16, 17 және 18-бағандарында бағалаушылар палатасына мүшеліктің жай-күйі туралы мәліметтер, атап айтқанда мүшелікке кіру туралы шешімнің күні мен нөмірі, мүшелікті тоқтату үшін шешімнің күні мен негізі (себебі) көрсетіледі;

      кестенің 19 – бағанында еркін нысанда толтырылған түсіндірмені ұсына отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына сәйкес бағалаушының бағалаушылар палатасына мүшелік шарттарын бұзуы туралы мәліметтер (себеп) көрсетіледі;

      кестенің 20, 21 және 22-бағандарында бағалаушыға қатысты тәртіптік жазаның қабылданған күні, негізі (себебі) және түрі көрсетіледі;

      кестенің 23-бағанында мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілі көрсетіледі.

      7. Кесте 3 "Сараптама кеңесінің мүшелері туралы мәліметтер":

      бағандардағы реттік нөмірі 1-мен 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-кестеде сараптамалық кеңестің төрағасы туралы ақпарат көрсетіледі;

      кестенің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 2-бағанында сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

      кестенің 3-бағанында сарапшының ЖСН көрсетіледі;

      кестенің 4, 5 және 6-бағандарында "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің нөмірі, берілген күні, "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті берген бағалаушылар палатасының атауы көрсетіледі;

      кестенің 7 және 8-бағандарында сарапшыны сайлау күні және сайлау мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі. Сараптама кеңесінің төрағасы бойынша: алдымен сарапшының сайланған күні және мерзімінің аяқталуы, содан кейін сараптама кеңесінің төрағасы сайланған күн және мерзімінің аяқталуы көрсетіледі;

      кестенің 9 және 10-бағандарында сараптама кеңесінің құрамындағы бағалау туралы есептің жүргізілген сараптамалары туралы мәліметтер, атап айтқанда түсіндірме қоса берілген сараптама қорытындысының атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі;

      кестенің 11, 12, 13 және 14-бағандарында "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер, атап айтқанда шешімнің күні, тоқтату үшін негіз (себеп), шешімнің күні және түсіндірмені қоса бере отырып, "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру үшін негіз (себеп) көрсетіледі.

      8. Кесте 4 "Құн түрлері және бағалау туралы есептер бойынша мәліметтер": бағалау объектісінің белгілі бір құнының түрлері туралы мәліметтер түсіндірмені қоса бере отырып, сондай-ақ ипотекалық шарт жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы Заңның 15-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бағалаушы бағалаушылар палатасына ұсынған есептердің саны көрсетіледі.

      9. Кесте 5 "Жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы мәліметтер":

      кестенің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      кестенің 2-бағанында өтініштердің саны көрсетіледі;

      кестенің 3, 4 және 5-бағандарында өтініштің кімге қатысты мәліметтер көрсетіледі, бұл ретте көрсетілген бағандардың жалпы сомасы 2-бағанның сомасына тең болуы тиіс;

      кестенің 6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарында өтініштердің сипаты көрсетіледі;

      кестенің 12, 13 және 14-бағандарында бағалаушылар палатасының мамандандырылған органының тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы өтініш берушінің немесе бағалаушылар палатасы мүшесінің өтініші бойынша алқалы органның шешімі көрсетіледі;

      кестенің 15, 16 және 17-бағандарында бағалаушылар палатасына қатысты сотта қаралған істердің саны, атап айтқанда, бағалаушылар палатасының пайдасына қанағаттандырудан бас тартылған және ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың саны көрсетіледі;

      кестенің 18-бағанында қаралған тәртіптік істердің саны көрсетіледі;

      кестенің 19, 20, 21 және 22-бағандарында өтініштерді қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жазалардың саны, атап айтқанда "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің тоқтатыла тұрған іс-қимылдарының саны, "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру, ескерту шығару және өзге де шаралар көрсетіледі;

      Жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы мәліметтер кестенің 22-бағаны бойынша сілтемелер мен негіздемелерді көрсете отырып, еркін нысанда жазылған түсіндірмемен және егжей-тегжейлі сипаттаумен ұсынылады.




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады