"Бағалау қызметі субъектілерінің кәсіпорынды мүлік кешені ретінде бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 171 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 597 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 748 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 531 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 мамырда № 16940 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Бағалау қызметі субъектілерінің кәсіпорынды мүлік кешені ретінде бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 171 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 597 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2067 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 жылы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаздағы және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
______________М. Бекетаев
Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы министрі______________Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады