Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 маусымда № 17001 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 205-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.07.2023 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 366 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.07.2023 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарауын айқындайды.

      2. "Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасымен айқындалатын аумақтар бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беріледі. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы Кодекстің 60-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес құзыретті органмен бекітіледі.

      5. Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне берілген өтініш негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны қызметі (технологиялық процес) жер қойнауын пайдаланумен байланысты (байланысты) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустиряландырудың бірыңғай картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде алуға құқылы.

      6. Жер қойнауы учаскелерінің шекаралары ортақ (аралас учаскелер) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған бір немесе бірнеше лицензиялардың иесі:

      1) пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорлары пайдалы қатты қазбалар ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепте расталған кен орны табылған жағдайда барлау учаскесінің (аралас барлау учаскелері) шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны (лицензияларды) алуға;

      2) кең таралған пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары кең таралған пайдалы қазбалар ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепте расталған кен орны табылған жағдайда барлау учаскесінің (аралас барлау учаскелері) шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны (лицензияларды) алуға;

      3) геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепте расталған пайдалы қазбалар кен орны жоқ болған немесе оның ресурстары аз мөлшерде болған жағдайларда жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия алуға айрықша құқыққа ие болады.

      7. Пайдалы қатты қазбаларды өндеуге лицензия беруге:

      1) Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда;

      2) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа адамның пайдалануында болған, ал оған тең Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін осындай адамның келісімінсіз болған, тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлуде не болмаса көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен айқындалған жер қойнауын пайдалану учаскесінің аумағында;

      3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал оған тең пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуде айқындалған келісімшарттық аумақта оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақта;

      4) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал оған тең барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлумен айқындалған келісімшарттық аумақта, сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақта;

      5) пайдалы қатты қазбаларды барлаудың немесе өндірудің салдарларын жою жүргізілетін жер қойнауы учаскесінің аумағында;

      6) құрамында уран кен орны немесе сирек кездесетін жер-уран кен орны бар жер қойнауы учаскесінің аумағында жол берілмейді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және қарау" Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге "Minerals.gov.kz" жерқойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП ) арқылы пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру туралы өтініш береді (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі).

      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариаттық куәландыруға жатады.

      Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріне аударылып ұсынылады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      9. "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініштің келіп түскен күні мен уақыты өтініш берілген сәт болып танылады және есепке алынуға жатады.

      10. Өтініш "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП бірегей есептік нөмірі, күні және уақыты (сағат, минут) көрсете отырып тіркеледі.

      Әрбір өтініш жеке тіркеледі.

      11. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның интернет-ресурсында жауапты қызметкерімен және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде орналастыруға жатады және олар мыналарды:

      1) жеке тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауын;

      2) өтініш иесі пайдалануына пайдалы қатты қазбаларды өндіруге беруді сұраған жер қойнауы учаскесін айқындайтын блок (блоктар) кодын;

      3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарау нәтижесі бойынша лицензияны беру туралы немесе беруге бас тарту туралы белгісімен инернет-ресурсында орналастырылған және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП мәліметтерді толықтырады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және 1-қосымшаның 9-тармағының 4) – 10) тармақшаларында көзделген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өтінішті, өтінішке қоса берілетін пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және қорларын бағалау туралы есепті және сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жібереді.

      Егер айрықша құқық бойынша өндіруге лицензия беру туралы өтініш беру кезінде 1-қосымшаның 9-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті жазбаша түрде еркін нысанда "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы қабылдайды анықталған ескертулерді жою қажеттілігі туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген ескертулерді жою және көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қайта беру үшін өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнге ұзартылады.

      13. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есептен мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына енгізеді және өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды 1-қосымшаның 9-тармағының 10) және 11) тармақшаларында көзделген лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің болуы тұрғысынан он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Егер өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жататын болса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы жазбаша және еркін нысанда өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада біріктірілген аумақтардың координаттары мен алаңы және сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағынан осы аумақты алып тастау тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш иесі хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініштен бас тартады немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, сұралатын жер қойнауы учаскесі туралы өзгертілген мәліметтерді ұсынады.

      Егер өтініш иесі белгілеген сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекарасы Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы жазбаша және еркін нысанда өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер мен оларды жою тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш иесі хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды жазбаша және еркін нысанда хабардар етеді не өз қарсылығын жазбаша түрде жолдайды. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сұралатын жер қойнауы учаскесі шекарасының Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қайта қарайды.

      Сұралатын жер қойнауы учаскесі шекарасының сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы шекараларды келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы жазбаша және еркін нысанда құзыретті органды және өтініш иесін хабардар етеді. Осы тармақта көзделген сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары туралы өзгертілген мәліметтерді ұсыну мерзімдерін өтініш иесі бұзған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын келісуден бас тартады.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекараларымен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1-қосымшаның 9-тармағының 10) және 11) тармақшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны беруден бас тартады.

      14. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекараларын келіскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің тиісінше 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсат алу, тау-кен жұмыстары жоспарына және жою жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП орналастырылады.

      Тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесін, тиісті келісулер мен сараптамалардың оң қорытындыларын өтініш беруші құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабардар етілген күннен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мұндай ұзарту қажеттілігін негіздей отырып, көрсетілген мерзімді ұзарту үшін жүгінеді. Көрсетілетін қызметті беруші осы мерзімді, егер мұндай ұзарту қажеттілігі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы лицензия береді пайдалы қатты қазбаларды өндіруге қажетті келісімдер, сараптамалардың оң қорытындылары және тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмелері ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей не оны беруден бас тартады.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-дегі жеке кабинетіне жіберіледі.

      19. Өтініште көрсетілген мәліметтерде лицензияны мәні бойынша беру туралы шешім қабылдауға әсер етпейтін және анықталатын, сондай-ақ өтінішке қоса берілген құжаттармен салыстыру арқылы тексерілетін грамматикалық немесе арифметикалық қателердің, қате жазулардың болуы (блок (блоктар) туралы мәліметтерден басқа) лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бас тарту мұндай бас тартуға негіз болған себептер көрсетілмей шығарылады.

      21. Лицензия беруден бас тарту көрсетілетін қызметті алушыны өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.

      22. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша айрықша құқық негізінде берілген жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартуға барлауға арналған лицензия шарттарын жойылмаған бұзушылықтар болған кезде не 1-қосымшаның 9-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ғана жол беріледі.

      23. Осы Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ескертулер жойылмаған не белгіленген мерзімде қайта өтініш берілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беруден бас тартады.

      24. Көрсетілетін қызмет алушыға басқа тұлғаға тиесілі немесе соның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы жер қойнауы учаскесінде көрсетілген жер учаскесінің жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр шекте осындай тұлғаның келісімінсіз операцияларды жүргізуге құқығы жоқ.

      25. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жерлерді жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін резервте қалдыру үшін негіз болып табылады.

      26. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушыға беруі үшін негіз болып табылады.

      27. Көрсетілетін қызмет берушіге берілген, сол бір аумақты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру үшін өтініштер келіп түскен кезектілік тәртібіне қарай қаралады.

      28. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тартылғаннан кейін ғана қаралады.

      Көрсетілетін қызметті беруші алдыңғы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы өтініш берушіні хабардар еткен күннен бастап он жұмыс күні өткен соң"Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы кезекті өтінішті қарауға кіріседі.

      Егер бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызмет алушы сотқа шағымданса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені көрсетілетін қызмет беруші шағым қарау нәтижелері бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін шешеді.

      29. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      30. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      31. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, пайдалы қатты қазбалардың саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      32. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Пайдалы қатты қазбаларды
өндіруге арналған лицензияны
беруге өтініштерді беру және
оларды қарау қағидаларына
1-қосымша

"Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

"Minerals.gov.kz" жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП)

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензиялар беру:
1) Қағидаларға сәйкестікке өтінішті қарау және жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға өтінішті жіберу не дәлелді бас тарту – 10 жұмыс күні (айрықша құқық кезінде 30 күнтізбелік күн пысықталған жағдайда);
2) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның өтінішті қарауы және қажет болған жағдайда хабарлама беруі – 10 жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтінішінен бас тартуы не жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып, сұратылған жер қойнауы учаскесі туралы өзгертілген мәліметтерді ұсынуы – 20 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті алушының жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға кодекстің 209-бабына сәйкессіздік бөлігінде ескертулерді жою туралы хабарлама жолдауы не көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын жолдауы – 20 жұмыс күні;
5) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның сұратылған жер қойнауы учаскесінің шекараларының Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкестігі туралы өтінішті қайта қарауы-көрсетілетін қызметті алушыдан хабарлама алғаннан кейін 10 жұмыс күні;
6) жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен сұратылған жер қойнауы учаскесінің шекаралары келісілген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсат алу қажеттілігі туралы көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген хабарламаны орналастыру "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП – 2 көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап жұмыс күні;
7) тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға, тау-кен жұмыстарының жоспары мен жою жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізуге тиісті экологиялық рұқсат беру-хабарлама жасалған күннен бастап 1 жыл (қажет болған жағдайда 1 жылға ұзарту);
8) лицензия беру не дәлелді бас тарту – тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсат берілген күннен бастап 5 жұмыс күні, тау-кен жұмыстарының жоспары мен тарату жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізу.


Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензиялар беру немесе дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Кодекстің 201-бабының және 277-бабының 11-тармағы шеңберінде лицензиялар беруді қоспағанда, "Төлем салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 727-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикадағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) көрсетілетін қызмет алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелері;
2) сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар: көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған учаскенің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы, жер бетінің топографиялық картасы;
3) егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаса, өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжат;
4) Кодекстің 216-бабына сәйкес әзірленген тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы;
5) Кодекстің 217-бабына сәйкес әзірленген жою жоспарының жобасы;
6) көрсетілетін қызметті алушы пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесінің пайдалы қатты қазбалар ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеп не Кодекстің 278-бабының 10-тармағына сәйкес берілген жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы;
7) егер өтінішті барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша берсе және өтініш берілген кезде мұндай есеп құзыретті органға ұсынылмаса, өтінішті берудің алдыңғы күніне есепті кезең үшін барлау учаскесі бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
8) егер барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша өтініш берсе, барлауға арналған лицензия бойынша ағымдағы есепті кезеңде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жалдау төлемдері) төлеленгенңн растайтын құжат;
9) егер өтініш айрықша құқықтан басқа берілсе, өтініш берушіде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асырудың қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар;
10) сұралатын жер қойнауы учаскесінде (оның бөлігінде) көмірсутектер өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының келісімі;
11) егер сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің жерлеріне және оларға бір мың метр жерде іргелес жатқан аумаққа тиесілі болса, көзделген жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім;
12) өтініш иесінің республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің жоқ екендігі туралы, өтініш берген күннің алдындағы күннен күнтізбелік он күннен ерте берілмеген, салық органынан анықтама.
Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес берілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру туралы өтінішке осы тармақта көзделген құжаттардан басқа, өтінім берушінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты (байланысты) екенін растайтын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы қоса беріледі.
Осы тармақта көзделген пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепті құзыретті тұлға геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы қазақстандық жария есептілік кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия алуға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 278-бабының 10-тармағына сәйкес қорларды есептеу жөніндегі есепті ұсына алады.
2. Өтініш иесінің өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
1) өтініш берушіде лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай шегінде отыз күндік мерзім ішінде сұратылған лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражат қозғалысы бойынша операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен аз болса, онда мұндай үзінді-көшірме өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін бір екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде жиынтығында олар бойынша үзінді-көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер де ескеріледі;
2) қарыз шартының (алдын ала қарыз шартының), қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш берушінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі қызметін қаржыландыруды көздейтін, сондай-ақ сұратылатын лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті қарыз (қаржыландыру) сомасын растайтын қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері;
3) көрсетілетін қызмет алушының Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған, қатарынан күнтізбелік алты ай немесе лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде дайындалған, өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері сұрау салынған лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге жұмсалатын ең төменгі шығыстардың шамасына арналған өз міндеттемелерінен асатын аудиторлық есебі бар қаржылық есептілігі;
4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктің өтініш иесіне өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде құзыретті орган айқындайтын ең төменгі рейтингтік бағадан төмен болмайтын рейтингтік баға беру туралы хаты.
Егер көрсетілетін қызмет алушының қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға қарыз беруші болатын (қаржыландыратын) ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша аталған тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі.
3. көрсетілетін қызмет алушының өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктердің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені ұсынылады:
1) штатында мамандардың болуы туралы анықтама немесе мынадай салалардағы:
геология немесе геофизика;
тау-кен инженериясы;
геодезия және маркшейдер;
2) мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының көшірмесі немесе өтініш иесіне өндіруге арналған сұралатын лицензия берілген жағдайда, осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын, штатында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында санамаланған мамандар бар оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері.
Егер көрсетілетін қызмет алушының кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының немесе Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша мердігер ұйымның (оператордың) штатында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мамандардың болуы туралы анықтама немесе тиісті мамандармен қызметтер көрсету шарттарының көшірмелері қоса беріледі.
4. Мынадай құжаттардың кез келгені көрсетілетін қызметті алушының өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті техникалық мүмкіндіктерінің болуын растау болып табылады:
1) өтініш иесіне "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тау-кен және химиялық өндірістерді пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
2) мердігер ұйыммен ниеттер шартының, қызметтер көрсетудің алдын ала немесе негізгі шартының, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген лицензияны иеленуші өтініш иесіне өндіруге арналған сұралатын лицензия берілген жағдайда Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсетуінің алдын ала немесе негізгі шартының көшірмелері өтініш иесінің өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайды.
Егер өтініш иесінің техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен ниеттер шартының, қызметтер көрсетудің алдын ала немесе негізгі шартының не Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсетуінің алдын ала немесе негізгі шартының көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген лицензияның көшірмесі қоса беріледі.
Өтініш берушілер қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алуға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушіге Кодекстің 278-бабының 10-тармағына сәйкес қорларды есептеу жөніндегі есепті ұсына алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы;
4) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
5) өтінішке осы Қағидаларда талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;
6) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде өтініш иесінің немесе өтініш иесін тікелей не жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғаның жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясын Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауының сұралатын учаскесі бойынша құзыретті орган қайтарып алған болса;
7) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде өтініш иесі немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға өздерінің пайдалануындағы жер қойнауы учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса;
8) өтініш иесіне не өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғаға бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығы сұралатын жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) қатысты өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде тоқтатылса;
9) лицензияны беру ұлттық қауіпсіздікке қауіп туындауына алып келетін болса;
10) сұралатын жер қойнауы учаскесі немесе оның бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензия не пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жатса;
11) сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе;
12) өтініш иесі Кодекстің талаптарына сәйкес келісілген тау-кен жұмыстары жоспарының жобасын құзыретті органға беру мерзімін сақтамаса, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.miid.gov.kz.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 983-334, Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады