Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 маусымда № 17020 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бірлескен бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.04.2021 № 152 және ҚР Білім және ғылым министрінің 29.04.2021 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 178-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және 129-бабының 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.02.2023 № 69 және ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 16.02.2023 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.04.2021 № 152 және ҚР Білім және ғылым министрінің 29.04.2021 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________Қ. Бозымбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 24 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 15 мамырдағы
№ 185 және
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 211 бірлескен бұйырығымен
бекітілген

Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.02.2023 № 69 және ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 16.02.2023 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      2) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибенің міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      3) кәсіптік тәжірибе – болашақ кәсіби қызметпен байланысты жұмыстардың белгілі бір түрін орындау процесінде теориялық білімдерді, машықтарды бекітуге, тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерді алуға және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

      4) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      5) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі.

      3. Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру өндіру кезеңі ішінде екінші жылдан бастап жыл сайын, алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының өндіру үшін шеккен шығындарының 1 (бір) пайызы мөлшерінде жүзеге асырады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша өндіру үшін шеккен шығындарының 1 (бір) пайызынан асатын қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының келесі жылғы тиісті міндеттемелерді орындауы есебіне ескеріледі.

      5. Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді есептеу мақсатында алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының өндіру үшін шеккен шығындарын айқындау мына деректердің негізінде жүзеге асырылады:

      Кодекстің 132-бабы бірінші абзацының 2) тармақшасында көзделген лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есеп;

      Кодекстің 180-бабы бірінші абзацының 3) тармақшасында көзделген келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есеп.

2-тарау. Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру және (немесе) уранды өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру тәртібі

      6. Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп жер қойнауын пайдаланушының мынадай бағыттар бойынша нақты шеккен мынадай шығыстары танылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлері болып табылатын қазақстандық кадрларды оқытуға;

      2) жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға, оның ішінде:

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі аса қажетті мамандықтар мен біліктіліктердің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға. Тізбені ағарту, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және ол көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

      техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың кәсіптік тәжірибеден өтуіне, оның ішінде дуальды оқыту;

      біліктілікті арттыруға, қайта даярлауға;

      3) Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша шектеусіз жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды, адамдардың мынадай санаттарын оқытуға:

      мүгедектігі бар тұлғалар;

      бір немесе екі ата-анасы мүгедек болып табылатын адамдар;

      мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекiтетін аурулардың тiзбесiнде келтірілген кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасына дейін ата-анасынан айырылған балалар;

      көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      4) жер қойнауын пайдаланушының Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру ұйымы) материалдық-техникалық базасын жақсартуға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуына;

      Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) не "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы тауарды білім беру ұйымына оны сатып алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей береді.

      Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушы мен мемлекеттік білім беру ұйымы арасындағы шартта көрсетілген мерзімде тапсырады.

      5) мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттік білім беру мемлекеттік ұйымына ақшалай қаражат аударуы.

      Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттік білім беру ұйымына ақшалай қаражат аударуы мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманың және жер қойнауын пайдаланушы мен мемлекеттік білім беру ұйымы арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік білім беру ұйымы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Мемлекеттік білім беру ұйымы осы тармақта белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған күннен бастап бір ай ішінде жер қойнауын пайдаланушыға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 412-бабының 3-тармағына сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактураны ұсынады.

      7. Жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидалардың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындауы мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік білім беру ұйымымен бірлесіп, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады және ағарту, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келіседі.

      Ағарту, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін тізбені алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей келіседі не келісуден бас тартудың дәлелді негіздемесін береді.

      Келіскен жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін жер қойнауын пайдаланушының сұрау салу хаты түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік білім беру ұйымына және жер қойнауын пайдаланушыға жолдайды.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жұмыстарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу жатады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген қызметтерге ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, серверлік жабдықтың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің объектілерін және технологияларын іске қосу, реттеу, жөндеу; бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, бейімдеу және қолдану бойынша; деректерді өңдеу; сәулет-жобалау жұмыстары бойынша қызметтер; ғимараттар мен құрылыстарды салумен, күрделі және ағымдағы жөндеумен байланысты кешенді инженерлік қызметтер жатады.

      8. Oсы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында, 2) тармақшасының 2, 4-бөлімдерінде белгіленген бағыттар бойынша қазақстандық кадрларды оқыту "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығына ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан, институционалдық немесе мамандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында не білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өту қажеттілігімен шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) жүзеге асырылады.

      9. Жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында белгіленген бағыт бойынша Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 178-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген міндеттемелер мөлшерінің кемінде 30% мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асырады.

      10. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша берешекті алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде бағыттауды жер қойнауын пайдаланушы ақша қаражатын мемлекеттік бюджетке аудару арқылы жүзеге асырады.

      Егер білім алушы оқу шарты жасалғанға дейін немесе шарттың қолданысы кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы оқуды қаржыландырудан бас тартса не оқуды тоқтатса, қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау мақсатында жер қойнауын пайдаланушы білім беру ұйымының құжаты мен білім алушының өтініші негізінде ақша қаражатын мемлекеттік бюджетке аударуды жүзеге асырады.

      11. Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстарға қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) ескере отырып, Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрумен байланысты жанама шығыстар, тәулікақы және көліктік шығыстар (оқу орнына жол жүру және қайту) қосылады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатын оқытуды қаржыландыру шығыстарына Қазақстан Республикасынан тыс тұрумен байланысты шығыстар, тәулікақы және көліктік шығыстар (оқу орнына жол жүру және қайту) сияқты жанама шығыстар қосылуы мүмкін.

      12. Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландырумен байланысты келісімшарттық міндеттемелерді орындау есебіне осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген ҚҚС-ты қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер қосылмайды.

      13. Oсы Қағидалардың 6, 11-тармақтарында көзделген жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңі барысында қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындауын растайтын құжаттар салық заңнамасына сәйкес шот-фактура және Қазақстан Республикасының азаматын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау туралы ресми құжаттың көшірмесі болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады