Бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17033 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 198-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына енгізуді және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _______________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 25 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 373 бұйрығымен бекітілген

Бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 198-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және бір блок үшін қамтамасыз ету (бұдан әрі – қамтамасыз ету) мөлшерін айқындайды.

2-тарау. Қамтамасыз ету мөлшерін айқындау

      2. Қатты пайдалы қазбаларды барлау (бұдан әрі – ҚПҚ) мерзімінің бірінші жылы мен алтыншы жылы аралығын қоса алғанда қамтамасыз ету мөлшері Кодекстің 192-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген бір блок бойынша ҚПҚ барлау жөніндегі операцияларға жұмсалған жыл сайынғы ең төменгі шығыстар сомасының 10% мөлшерінде көлемінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      О1=7200×АЕК×10%

      мұндағы:

      О1 – ҚПҚ барлау мерзімінің бірінші жылы мен алтыншы жылы аралығын қоса алғанда қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      3. Барлау мерзімінің жетінші жылы мен он бірінші жылы аралығын қоса алғанда қамтамасыз ету мөлшері Кодекстің 192-бабының 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген бір блок бойынша ҚПҚ барлау жөніндегі операцияларға жұмсалған жыл сайынғы ең төменгі шығыстар сомасының 10% мөлшерінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      О2=11700×АЕК×10%

      мұндағы:

      О2 – ҚПҚ барлау мерзімінің жетінші жылы мен он бірінші жылы аралығын қоса алғанда қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – тиісті қаржылық жылға, республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады