Өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін ең төменгі рейтингтік бағаны айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17078 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 187-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына және 204-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін ең төменгі рейтингтік баға Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ССС" төмен болмайтын ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzССС" төмен емес рейтингтік баға немесе Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге лицензия беруге арналған өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде өтініш берушінің қаржылық мүмкіндігін растайтын, қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтінгі деңгейінде айқындалсын.

      2. Өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін ең төменгі рейтингтік баға Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен болмайтын ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВ" төмен емес рейтингтік баға немесе Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге лицензия беруге арналған өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде өтініш берушінің қаржылық мүмкіндігін растайтын, қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтінгі деңгейінде айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады